ойын сауық отауы
Тіл тарихы: Мемлекет, тіл және жазу
10.04.2022 701 0 Admin

Тіл тарихы: Мемлекет, тіл және жазу

Аңыздар
Тіл тарихы: Мемлекет, тіл және жазу
Бізге аман жеткен мысыр тіліндегі алғашқы мәтіндер бес мың жылдай бұрын жазылған. Мысырда сол кездің өзінде - ақ бір орталыққа бағынатын, әлеуетті мемлекет болған, ол Ніл өзенінің халық тығыз қоныстанған, төменгі, ұзын да құнарлы бөлігін бақылауда ұстаған. Біз ол патшалық туралы иероглиф жазуы және мыңдаған өнер туындысы мен өзге де археологиялық жәдігерлер арқылы білеміз. Перғауындар басқарған мемлекет ұзақ ғұмыр кешу жағынан өзге саяси ұйымдардың бәрінен асып түсті. Мысыр тілі бұл елде ресми тіл ретінде 2700 жыл қолданыста болды. Тек Ескендір Зұлқарнайын Мысырды басып алғаннан кейін, б. з. д. 332 жылы грек тілімен бәсекеге түсіп, 300 жылдай, Мысыр тәуелсіз болудан қалғанға дейін үстемдік құрды.
Мысыр патшалығының алғашқы ғасырларында - ақ ол елдің азаматтары алып пирамидалар тұрғызып, таңдай қақтырар жетістікке жетті. Сол заманның технологиясы бойынша бір пирамида тұрғызу үшін 100 мың адам ондаған жылдар бойы еңбектенуі керек еді. Сонда ол қалай іске асты?
Мұндай шаруа тындыру үшін елдің бүкіл адамдары бір - бірінен қарым - қатынаста болуы керек. Олар бір тілде сөйлеген болса, қатынас жасау оңай болады, сайып келгенде, ол замандағы жағдай солай болса керек. Ежелгі Мысыр патшалығы – жүз мыңдаған, тіпті миллиондаған адам бір тілде сөйлеген алғашқы ел. Ең ертедегі кезден бастап, үш мың жыл, патшалық ыдырағанға дейін Мысыр тұрғындарының барлығы дерлік мысыр тілінде сөйледі.
Бұл процестің қалай басталғанын білу қиын, өйткені ол жазу болмаған кезде басталған. Бәлкім, ауыл шаруашылығы пайда болғанда, бір кішкентай тіл түрлі себеппен кеңірек тараған болар. Қайткен күнде де, ол кезде не болғанын және неге олай болғанын біле алмаймыз.
Соншама көп тұрғынның мыңдаған жылдар бойы бір тілде сөйлегені, диалектілерге бөлінбегені, диалектілердің өзге тілдерге айналып кетпегені – айтуға тұрарлық жайт. Бұл – тілдер өзгеруі және бөлініп кетуі мүмкін деп жоғарыда айтылған ойға қарсы салмақты аргумент. Уақыт өте келе, мысыр тілі де өзгерген, бірақ ол бірнеше тілге ыдырап кетпеген, біртұтас тіл күйінде қалып қойған. Бұл сонда қалай болған?
Бұл сұрақтың жауабы түсінікті. Тілді ыдырап кетуден сақтаған күш – саяси біркелкілік пен бүкіл елмен қатынаста болуға деген қажеттілік. Мысыр патшалығында тұратын адам мысыр тілінде сөйлеуге мәжбүр болды. Бұл ел – бір тілде сөйлейтін адамдардың үлкен мемлекет құрып, ол тілдің ұзақ уақыт бойы үстемдік құруының алғашқы мысалы. Тіл мен мемлекет бір - бірін өзара қолдап, одақтасболып отырды.
Әрине, бұл – түсініктеменің тек бір ғана бөлігі. Шынында да солай болса, бір тіл үстемдік құрған өзге мемлекеттер үш мың жыл бойы неге өзгеріссіз тұрған? Мұны білу үшін мысырлықтардың дәстүрлі мәдениетіне үңілу керек. Әдетте әлеуетті мемлекеттің өз басты тілі болады. Мемлекет ол тілге қамқорлық жасайды. Тілдер мемлекеттерге тәуелді, мемлекеттер тілдерге тәуелді.
Мысырлықтар пирамидаларды қалай тұрғызған? Жалпыға түсінікті, ортақ тіл қолданумен қатар, олар қажымай - талмай еңюек етсе керек. Егін егу мен арық қазу арқылы халықтың қарнын тойдырғаннан кейін, кей адамдарда басқа жұмыстармен де айналысатын уақыт пайда болды.
Олар пирамида тұрғызумен немесе мемлекетке қажетті өзге де жобалармен айналысты. Құрылыста жұмыс істеген жүздеген мың адам тамақпен де, баспанамен де қамтамасыз етілді, олардың жеке ауыл шаруашылығымен айналысуға мүмкіндігі болған жоқ. Билік фермерлерден азық - түлікті алып, құрылысшыларға берді. Басқаша айтқанда, түрлі құрылысты демеу үшін, мемлекет фермерлерге қомақты салық салды. Жағдай, шынында да, осылай болды.
Салық салу үшін оны белгілеген ай - күнді, тексерісті, салық түрлері мен салық төлеушілердің тізімін жазып, түбіртек толтыру керек. Ал тізімдер мен түбіртектерді рәсімдеу үшін жазу қажет. Алып пирамидалар тұрғызуға қажетті күрделі жұмыс жазуды да талап етеді.
Көптеген зерттеушілер жазудың пайда болуына түрткі болған салық төлеу мен түбіртек рәсімдеу деп есептейді. Толық жүйе әзірленбей тұрған дайындық кезеңінде тізімдер мен түбіртектерде сандар мен тауарлар үшін шартты белгілер қолданылған, бірақ толық мәтін жазу әдістемесі әлі енгізілмеген еді. Дегенмен иероглифтік жазу сияқты, сына жазудың ең алғашқы түрлерінің өзі кез келген хабарды жеткізу үшін пайдалануға болатынын көрсетті. 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тіл тарихы: Өзен аңғарлары және мемлекеттер Тіл тарихы: Өзен аңғарлары және мемлекеттер
Ежелдегі диқандар көп кешікпей кей жерлердің егіншілікке қолайлы, кей жерлердің қолайсыз екенін түсінді. Кей өзен аңғарларының топырағы өте құнарлы
Тіл тарихы: Тарих және жазу Тіл тарихы: Тарих және жазу
Сөйлей білу – адам баласының бірегей қасиеті: тағы бір қасиеті – сурет салу. Адам салған ең ежелгі суретке қырық мың жылдай болды, ол – Еуропаның
Иероглифтер Иероглифтер
Мысыр иероглиф жазуы көбінесе сурет салу арқылы жазу деп қарастырылады. Таңбалардың көбі, расында да, бір нәрсенің мағынасын айқын береді, таңбаның
Мемлекет және Құқық теориясы пәні бойынша тест тапсырмасы №19 Мемлекет және Құқық теориясы пәні бойынша тест
Мемлекет және құқық теориясының пәні. Мемлекет және құқық теориясының әдістемесі
Мемлекет және Құқық теориясы пәні бойынша тест тапсырмасы №6 Мемлекет және Құқық теориясы пәні бойынша тест
Мемлекет механизмі. Мемлекет функциялары
Мемлекет және Құқық теориясы пәні бойынша тест тапсырмасы №1 Мемлекет және Құқық теориясы пәні бойынша тест
Мемлекет және құқық теориясының пәні бойынша тест тапсырмалары, мемлекет және құқық теориясының әдістемесі бойынша тестілеу онлайн
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×