ойын сауық отауы
Күй аңызы: Адай
23.09.2023 287 0 Admin

Күй аңызы: Адай

Аңыздар
Күй аңызы: Адай
Адай күйі жайлы әртүрлі дерек бар.
1 - деректі Ахмет Жұбанов жазып кеткен. Ол «Ғасырлар пернесінде» екі аңызды келтіреді. Бірінші аңыз күй күйші Адай руына барып, қонақ болып отырғанда ілулі тұрған домбыраға көзі түседі. Домбыраны алып, құлағын теріс бұрауға келтіріп қояды. Кейін үйдің ерке қызы келіп, оныменен тартысқа түседі. Ең соңында екеуі бір - бір күйден тартты дейді. Сондағы қыздың тартқаны Адай күйі болса, Құрманғазы Серпер күйін тартыпты. Бұл деректі Дина күйші айтты деп келтіреді Жұбанов.
Дәл осы еңбекте келесі жорамал да бар. «.. Адай руы Исатай көтерілісінде көзге түскен болатын. Жоғарыда айтылған Сағыздан келіп Исатайға қосылған қолдың ішінде адайлықтар көп болатын... Біздіңше, Құрманғазы Адай руы атын жалпыланған ұғымда алып, еркіндік сүйген елінің қайтпас күшіне арнап шығарған болу керек» дейді Ахмет Жұбанов.
2 - деректі Ақселеу Сейдімбек «Күй шежіре» кітабында жазған. Оның жазуында Құрманғазы жас кезінде Адай руының қызына ғашық болады. Келесі жылы келіп үйленемін деп жүргенде қыз шешек ауруынан қайтыс болыпты. Сол кезде Құрманғазы «Адай қыз» деп азалы күй шығарған дейді. Ғалым бұл деректі сол ауылдың шалдарынан естідім дейді.
3 - деректі Адай шежірешілері айтып кеткен. Бір жылы Құрманғазы ен далада келе жатса 300 қаруланған әскерді көреді. Олар Түркімендермен соғысуға бара жатқан екен. Жау болса кемінде 3000 әскері бар. Таң қалған Құрманғазы биік төбешікке шығып әліптің артын бағады. Сонда Адайлықтар ер - тоқымның артына қой терісін байлап, бір қатармен шаба бастайды. Жерге сүйретілген тері айланасын шаң - тозаңға айналдырады. Түркімендер осыны көріп, шауып келе жатқан 30 000 жауынгері бар қалың қол деп ойлап, жан - жаққа қаша бастапты. Осыны көрген Құрманғазы жігіттердің қулығына әрі батырлығына риза болып «Адай» күйін шығарған дейді.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Жолаушының жолды қоңыры Күй аңызы: Жолаушының жолды қоңыры
Сүгірдің Мәфруза қызбен тартыс үстінде шығарған күйі. Сүгір өзі шерткенде «Жігіттің тартқаны», «Қыздың тартқаны» деп жіктеп отырған, оны Жаулыбай
Күй аңызы: Серпер Күй аңызы: Серпер
Зерттеушілер бұл күй жайлы мынадай пікір айтады. «Серпер - қаншама иілтсе де, қаншама еңсесін басса да сынбайтын, мойымайтын, қайта серпіп, бұрынғы
Күй аңызы: Қоңыр Күй аңызы: Қоңыр
Қоңыр. Әбікен Хасеновтің күйі. 1938 жылы Сәкен Сейфуллин атылғанда шығарған жоқтау күйі. Әбікеннің «Қоңырды» шығаруына байланысты ауызша - жазбаша
Күй аңызы: Теріс қақпай Күй аңызы: Теріс қақпай
Ертеде Маңғыстау жерінде ұлан - асыр той болыпты. Өңірдің бетке ұстарлары жиналған жиында күй тартысы да өтіпті. Күй тартысқа үш домбырашы қатысқан
Күй аңызы: Адай Күй аңызы: Адай
... Құрманғазы жолаушылап келе жатып бір Адайдың үйіне түседі. Үй ішінде шал мен кемпір болады. Қай жерден, қай елден келе жатқанын, толық аты -
Қыз Данай (ХІХ ғасыр) Қазақ тарихындағы әйелдер Қыз Данай (ХІХ ғасыр) Қазақ тарихындағы әйелдер
Қыз Данай – Кіші жүздің қызы, Таз руының Келдібай атасының Жәлімбет деген бұтағынан екен. Сүймеген адамына айттырып, қоспақшы болған соң, Төремұрат
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×