ойын сауық отауы
Күй аңызы: Жолаушының жолды қоңыры
15.04.2023 356 0 Admin

Күй аңызы: Жолаушының жолды қоңыры

Аңыздар
Күй аңызы: Жолаушының жолды қоңыры
Сүгірдің Мәфруза қызбен тартыс үстінде шығарған күйі. Сүгір өзі шерткенде «Жігіттің тартқаны», «Қыздың тартқаны» деп жіктеп отырған, оны Жаулыбай Иманәлиевтің, Ергентай Борсабаевтың естеліктерінен біле аламыз. Күйдің шығуы туралы аңыз - әңгімелердің варианттары көп, соларда «Күйдің бірінші тарауын (Қыздың тартқаны) Мафруза шертіп еді» деп айтылады. Мафруза мен Сүгірдің қосыла күй тартқаны бар, оны Ергентай Борсабаев жеткізген. «Жолаушының жолды қоңырының» ерекшелігі сол, біріншісінде желдірмелете, шертпесі мен төкпесін араластыра ойнақы көңілмен, жастық желікпен орындалады. Екінші тарауында күй қобыз сарындас, баяу екпінмен толғай сөйлейді.
Мафрузаның Сүгірмен кездесіп, тартысқа түскені, алқалы тартыста Сүгірге бас бәйге байланғаны тарихи шындық. Мафрузаның руы - Найман, оның ішінде Жырық атадан тарайды, өскен елі – Ұлытау. Әкесінің аты Есенбек, ол заманында аты шыққан бай, аузы дуалы ел жақсысы болған. Мафруза күйші мен Сүгірдің арасында сөз салу, уағда байласу сияқты жағдайлар мүлде болмаған. Ол ескінің жолымен атастырылған жеріне ықтиярымен ұзатылған. Бұл туралы кезінде Ақселеу Сейдімбек:
«Ел аузында Сүгір мен Мақпузаны ғашық етіп қоятыны, содан уәде байласқан қос ғашықтың армандарына жете алмай қалатыны сол ауыздан - ауызға көшкен әңгіменің түрленіп - құбылуының жемісі. Ақиқатында Мақпуза қыз Найман ішіндегі Бағаналылардың төрт босағасының бірі аталған Бабырдың өсіп - өнген балаларының біріне атастырылып, өзінің ерік - ынтасымен ұзатылған. Мақпузадан өрбіген ұрпақ Ұлытау төңірегінде ондап саналады» - жазған еді

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Серпер Күй аңызы: Серпер
Зерттеушілер бұл күй жайлы мынадай пікір айтады. «Серпер - қаншама иілтсе де, қаншама еңсесін басса да сынбайтын, мойымайтын, қайта серпіп, бұрынғы
Күй аңызы: Теріс қақпай Күй аңызы: Теріс қақпай
Ертеде Маңғыстау жерінде ұлан - асыр той болыпты. Өңірдің бетке ұстарлары жиналған жиында күй тартысы да өтіпті. Күй тартысқа үш домбырашы қатысқан
Күй аңызы: Қаратау шертпесі Күй аңызы: Қаратау шертпесі
«Қаратау шертпелерінің» мазмұны домбыра ұстаған кездегі алғашқы шабыт шақыру сәтінің көріністері.
Күй аңызы: Тентек ақжелең Күй аңызы: Тентек ақжелең
Қазанғап ел аралап, домбыра тартып жүріп, бір ауылға келіп түседі. Ат басын тіреген үйде домбырашы қыз бар екен.
Күй аңызы: Телқоңыр Күй аңызы: Телқоңыр
«Телқоңыр» - оқиғасы мен дерегі қалған тамаша туынды. Бір қарағанда жылқы малына арналған сияқты көрінгенмен, мұнда Сүгірдің керзаманға деген ішкі
1000 теңгелік банкноттар айналымнан шықты 1000 теңгелік банкноттар айналымнан шықты
Бүгіннен бастап 2006 жылғы ескі үлгідегі 1000 теңгелік купюралар айналымнан шықты. 2006 жылы шыққан номиналы 1000 теңгелік банкноттарды осы жылдың 1
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×