Күй аңызы: Теріс қақпай
Аңыздар
Күй аңызы: Теріс қақпай
Ертеде Маңғыстау жерінде ұлан - асыр той болыпты. Өңірдің бетке ұстарлары жиналған жиында күй тартысы да өтіпті. Күй тартысқа үш домбырашы қатысқан екен. Тоғызбай күйші, Науша қыз және Есбай домбырашы.
Бірінші кезек Науша қызға тиеді. Наушаның тартқаны «Шилеме, шегелеме» күйі. Аңызда Науша бұл күй жайында былай депті - міс: «Бірде далада «Ақсүйек» ойнап жүргенде, шоңқаймамды тасқа соғып, өкшесін сындырып алдым. Сонда бір құрбы жігіт, ұсталығы бар еді, айдың жарығында шоңқаймамның өкшесін кәдімгі шимен шегелеп берді. Сондағы құрбымның өнеріне разы болып шығарған күй еді».
Келесі кезек ата жолы үлкен Тоғызбайға тиеді. Тоғызбай «Қызыл қайың - Мамыт» деген күйді тартады. Бұл күйдің әңгімесін Тоғызбай былай деп түйген екен: «Бір жігіт бір қызбен көңілдес болады. Бірақ өзінің олақтығынан, келген сайын иттерді шулатып, елге жария болып қалады. Содан кейін бірде, әсіресе белсене шауып жүрген бір қайың - қаптал итті манағы жігіт айдалада қуып жүріп, әбден сабап, бір аяғын сындырып қоя береді. Міне, сонда, «итті алдай алмаған жігіт қызбен не сөйлеспек?» деп шығарған күйім еді»,— депті.
Үшінші кезек Есбайға тиеді. Есбай сол жерде отырған халыққа қарап: «Уа, жарандар, мына екі домбырашы бұрыннан дайындап келген күйлерін тартты. Ал мен осы арада, табан астында шығарған күйімді тартамын. Және бұлар оң қағып тартса, мен теріс қағып тартамын»,— деп, «Теріс қақпай» күйін тартады.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Терісқақпай
Әлшекейдің күйі. Аңызы былай баяндалады: ... Қоңыраттың Құйысқансыз деген ауылында жесір дауы болыпты. Дауды Нұржан деген қыңыр би теріс шешеді.
Күй аңызы: Тентек ақжелең
Қазанғап ел аралап, домбыра тартып жүріп, бір ауылға келіп түседі. Ат басын тіреген үйде домбырашы қыз бар екен.
Күй аңызы: Ақжелең
Ұзақ Мырзабайұлы Құрманғазының ұстазы болған атақты домбырашы. Ұзақ – бұрынғы Бөкей хандығына (қазіргі Атырау, Орал - Жайық алқабына атағы жайылған
Күй аңызы: Терісқақпай
Кіші жүзге аты мәлім Қаналы төре 1903 жылдың күзінде Көкжар бойында әкесіне арнап ас береді. Алдын ала өңірдің үш анасына сауын айтып, ас барысында
Күзгі көңіл
Терек, қайың; гүл мен тікен; жас, кәрі - қалтылдайды сап - сары шөп бастары. Көңіл желін бұлтпен басып тастады, күзгі өңірдің шаттығы да сап - сары.