ойын сауық отауы
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Су перісі – күлдіргіш
25.09.2024 40 0 Admin

Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Су перісі – күлдіргіш

Аңыздар
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Су перісі – күлдіргіш
Далалы жерлердің өзендерінде, қамысты сай - салаларында, иірімді тұмаларда (кішірек бастау, бұлақ) сұлу арулар – су перілері өмір сүреді. Қазақтар оларды Күлдіргіш деп атайды. Күлдіргіштер су түбінде жасырынады. Сол себептен қамыс пен құрақ өскен жайылма айдын қауіпсіз, тыныш болып көрінеді. Ағаштардың жуан діңдерін аймалаған су ақырын ағып жатады. Қайранды саланың мөлдір суында серке балықтардың шорши жүзгені жоғарыдан байқалып тұрады. Осындай аялы да саялы жерлерде қауіп бар деп ешкім ойламайды. Тұңғиықта, сарғыш қоңыр өзен балдырында Күлдіргіш жасырынатынын біле бермейді. Перілер жалаңаш келіп, шомылып жүрген жас жігіттерді қызықтырып арбайды, еліктіріп, қастарына шақырады. Жігіт жақындай бергенде жармаса кетіп, ұзын қолдарымен мойындарынан орай қысып, өлгенше қытықтап, су түбіне, балдырлы түнекке тартып әкетеді. 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Перілер – көк періштелері Перілер – көк періштелері
Таулар мен далалардың, өзендер мен көлдердің үстімен қанатты, алтын шашты әдемі қыздар, ғажайып сұлу аспан арулары ағындап ұшып жүреді.
Бабай Түкті Шашты Әзиз бен ару аққу Бабай Түкті Шашты Әзиз бен ару аққу
Бабай Түкті Шашты Әзиз бір күні Аргон өзенінің жағасына келіп, дәрет алып отырып, көктен үш аққу құстың ұшып келгенін көреді. Олар үстіндегі
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Дәулер Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Дәулер
Дәулер – үсті - бастарын жүн басқан, аяқ - қолдарында өткір тырнақтары бар, ұсқындары адам шошырлық алыптар. Олар өздерінің апандарында, көбінесе,
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Аруақтар Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар:
Адам өлгеннен кейін аруаққа, тәнсіз рухқа, Құдайдың қызметшісіне, оның әмірін орындаушыға, жердегі тірлігіндегі өзімен туыстас ру мен тайпаның желеп
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Химера Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Химера
Химера – Құдай тектес, арыстан басты, ешкі денелі, жылан бөкселі, аузынан от бүріккен тажал. Оны құдайлардың сәуегейлікпен айтқанындай, сымбатты
Сфинкс Сфинкс
Сфинкс – жантайып жатқан адам басты арыстан. Сондықтан, сфинкс патша билігінің символы ретінде қабылданып, мазарлар мен ғибадатханаларды күзетеді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×