ойын сауық отауы
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Аруақтар
15.04.2023 274 0 Admin

Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Аруақтар

Аңыздар
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Аруақтар
Адам өлгеннен кейін аруаққа, тәнсіз рухқа, Құдайдың қызметшісіне, оның әмірін орындаушыға, жердегі тірлігіндегі өзімен туыстас ру мен тайпаның желеп - жебеушісіне айналады. Әдетте, аруақ деп о дүниеге ертерек кеткен туыс, бабаларды айтады. Неғұрлым қасиет тұтылатын аруақтар – атақты адамдардың, данагөйлердің, билер мен батырлардың аруақтары. Сонымен бірге әрбір адамның өзінің қолдаушы аруағы болады деп есептеледі, ал, кейде олар бірнешеу болады.
Аруақтар аспанға жақынырақ биік тауларды, Хан Тәңірінің шыңын мекендейді. Олардың мазасын ала беруге болмайды, аруақ атады дейді. Өте мұқтаж, сирек жағдайда ғана аруаққа жүгіну керек. Аруақтарды, яғни ата - бабалардың ұшып жүрген жандарын зікір салып, сарнап, сыйыну арқылы тек бақсы, тәуіптер ғана шақыра алады. Елдің айтуынша, олар ақбоз атқа салт мініп, алтынмен апталған ақ киім киіп, қалаулы адамдарына ғана көрінеді екен. Аруақтарды арнайы дайындығы бар адамдар ғана көре алады.
Баяғыда бір адамның аруағы өте күшті болыпты. Ол кейде өзінің ұлына: «Сені періштенің немесе Құдайдың, шайтанның немесе перінің қызына да үйлендіруге шамам жетеді...», - деп айтып отырады екен.
Біраз жылдан соң жігіт жасына жеткен әлгі бала шеңбер сызса, сол шеңберде ару қыз пайда болады. Ол соған үйленіп, кәдімгі әйелдей тұра бастайды. Содан бір уақыттарда әкесі қатты ауырып, түс көреді. Түсінде: «Қызды еркіне қоя беріңдер. Ол періштенің қызы!» деген аян беріледі. Бұл жаздыгүні болған. Қыз киіз үйде отырған. Ол кенет құсқа айналып, ұша жөнеледі. 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жанның көшуі Жанның көшуі
Рух адамның тәнін ол өлерден қырық күн бұрын тастайды. Сөйтіп, құсқа (көгершінге) айналып, ұшып барып бәйтеректің бұтағына, адамның аты жазылған
Ғұн Тәңірқұты мен үйсін ханзадасы Ғұн Тәңірқұты мен үйсін ханзадасы
Үйсін мемлекетінің батыс шекарасы хун шекарасымен қабысып жатқан. Жауынгер хундар үйсіндерге тарпа бас салып, көшілерін жаулап алады. Халқын
Ғұндардың наным - сенімдері Ғұндардың наным - сенімдері
Ғұндар (хундар) Тәңірге табынған, олар бізге ата - бабаларымыздан ауысқан барлық заңдар мен әдет - ғұрыптарды, неке мен азаматтық салт - дәстүрлерді
Перитиялар Перитиялар
Перитиялар Атлантиданы мекендейді. Олар – жартылай бұғы, жартылай құс тәріздес мақұлық. Басы мен аяқтары – бұғынікі. Ал дене тұрқы, қауырсын -
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Химера Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Химера
Химера – Құдай тектес, арыстан басты, ешкі денелі, жылан бөкселі, аузынан от бүріккен тажал. Оны құдайлардың сәуегейлікпен айтқанындай, сымбатты
Тақуа жайық - Нама және оның үлкен ұлы Тақуа жайық - Нама және оның үлкен ұлы
Тақуа Жайық - Наманың Балықшыдан басқа екі ұлы Созұнұл мен Сары - ұлға Үлкен Тәңір батасын беріп, оларға былай деген: «Сендерден зерделі ұрпақ:
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×