ойын сауық отауы
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Химера
11.03.2021 1 153 0 Admin

Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Химера

Аңыздар
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Химера
Химера – Құдай тектес, арыстан басты, ешкі денелі, жылан бөкселі, аузынан от бүріккен тажал. Оны құдайлардың сәуегейлікпен айтқанындай, сымбатты Беллерофонт, Главкінің ұлы өлтірген. Гомердегі суреттелуі бойынша, ол арыстан басты, ешкі қарын және жылан құйрық мақұлық. Алайда Гесиодтың «Теогониясында» оның үш басы бар делінеді. V ғасырда жасалған Ареццоның атақты қола мүсінінде ол нақ осылай бейнеленген. Жотасының қақ ортасына ешкінің, бір жағына жыланның, екінші жағына арыстанның басы салынған.
«Эниданың» алтыншы жырында «аузынан жалын атқан Химера» тағы көрінеді. Түсіндірмеші Сервий Гонорат, барлық беделді ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, бұл аждаһаның Ликиядан шыққандығын атап көрсетеді. бұл өңірде осылай аталатын жанартау бар. Жанартаудың түбі қаптаған жыландар, баурайы толған көгалды алқаптар мен ешкі жайылымдары. Төбесінен жалын алаулап жатады. Арыстандардың апаны да сонда, жоғарғы жағында. Химера – осы бір өзгеше таудың бейнелі атауы.
Арыстанның, ешкі мен жыланның ақылға сыймайтын қоспасы, оның скиф өнернамасынан келген бейнесі «химералық» деген ұғымды, яғнимүмкін емес деген мағынаны білдіре бастаған.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Грифтер. Грифондар Грифтер. Грифондар
Грифтердің (арыстан - құстардың) аримаспілермен толассыз күресін баяндай отырып, Геродот оларды «қанатты құбыжықтар» деп атайды.
Сфинкс Сфинкс
Сфинкс – жантайып жатқан адам басты арыстан. Сондықтан, сфинкс патша билігінің символы ретінде қабылданып, мазарлар мен ғибадатханаларды күзетеді.
«Аң мәнері» туралы мифология «Аң мәнері» туралы мифология
Ежелгі мәдениетті зерттеу, көне түркі мәтіндерін тәржімелеу, ежелгі түркілердің мифологиясын еуропалық үлгілермен салыстыра зерделеу барысында Жер
Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз
Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз Жер бетіндегі барлық халықтарда бар. Солардың бірінде тақуалығы ескеріліп, Құдай тарапынан белгі алған Нұх
Еркіліктің жауыздығы Еркіліктің жауыздығы
Еркілік сайтанның патшалығы жойылды. Енді ол Үлкен Тәңірді мазалап, өзіне қандай да бір жер бөліп беруін сұрады. Сен мені патшалығымнан айырдың, сол
Айдаһар Айдаһар
АЙДАҺАР. Қазақ ертегілік - мифтік дәстүріндегі зұлым құбыжық, демон. Оның "аждаһа" түріндегі синонимі де бар. Айдаһар атауы өзімізге кеңінен танымал
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×