ойын сауық отауы
Күй аңызы: Жалғыз қаз
24.11.2024 23 0 Admin

Күй аңызы: Жалғыз қаз

Аңыздар
Күй аңызы: Жалғыз қаз
.... Жазғы жасыл жайлаудың көз құртын тартар сәнінің бірі көл жағалай, өзенді бойлай жүретін, жайлау төсін думанға бөлеген қаз болса керек. Ақ қанат балапандарын артынан ертіп, өзіне тән үнімен өмір әнін шырқаған бір топ қазға ат мініп, ел қыдырудан басқа шаруасы жоқ мергенсымақ жігіттің көзі түседі. Ол бейғам жүрген қаздың шырқын бұзып, шырапатын шығаруды ермек санайды, ерлік көреді. Қазды атып олжалауды армандаған жігіт, бір күні мылтығын алады да, көл жағалай бірі ұшып, бірі қонып өз қызығына масаттанып жүрген қаздарға бет түзейді. Қамыс жиегін паналай келген мергенсымақ қазға оғым дариды - ау деген межелі жерге тоқтайды да, бір топ балапанын артынан ерткен ене қазды қарауылға алады. Балапандарының тәй - тәй жүрісін қызықтап тұрған қаздың тұрысы жігіт дегбірін қоздырады. Мылтық даусы тарс ете түседі де, ойында қуаныштан басқа ештеме жоқ ене қаз қанатын қағып - қағып жіберіп, ұшарға дәрмені жоқ екенін білгеннен кейін көлге түсіп жүзе жөнеледі. Жаңа ғана қанатын қомдап жүрген балапандар шулай ұшып аралға өтіп кетеді. Ене қаз да аралға ілінеді. Қазды қанжығасына байламаса да, оғы тигеніне масаттанған жігіт атына мініп, ауылға тартады. Балапандарын ертіп аралды мекендеген, ұшарға дәрмені жоқ ақсақ қаз уайыммен солады. Күн артына күн келіп, күз болады. Құс қайтады. Барлық құс сәнді сап құрып, ән маржанын төгілтіп, оңтүстікке бет алғанда, бейшара болған ақсақ қаз ғана мұң мен зарын төгіп үйірінен айырылып аралда қала береді. Күйші ақсақ қаздың осы мұңын күйге қосқан екен дейді.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Қос ішек Күй аңызы: Қос ішек
Ертеде бір аңшы жігіт болыпты, деп айтылады «Қос ішек» күйінің аңызы. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы -
Күй аңызы: Майдажал Күй аңызы: Майдажал
Қазанғап деген адамға мыңдап жылқы бітсе де, соншама жылқының ішінен небір жүйрік, небір жорға бітпепті. «Ат шаппайды, бап шабады.
Күй аңызы: Адай Күй аңызы: Адай
... Құрманғазы жолаушылап келе жатып бір Адайдың үйіне түседі. Үй ішінде шал мен кемпір болады. Қай жерден, қай елден келе жатқанын, толық аты -
Күй аңызы: Сексен ер Күй аңызы: Сексен ер
Ордада құралған атты әскер полкінің қатары күн санап көбейе берді. Полкке жаңа келген қазақ жастарынан құралған жүз отыз адамнан тұратын бөлімшені
Қаз майы бронхитке өте пайдалы Қаз майы бронхитке өте пайдалы
Бронхит, пневмониямен ауырғандарға қаздың майы өте жақсы жәрдемдеседі. Қаздың майлы етінен сорпа жасап, оны жылыдай, тамақ арасында күніне үш - төрт
Жалғыздық туралы мақал мәтелдер Жалғыздық туралы мақал мәтелдер
Жалғыздың үні шықпас, Жаяудың шаңы шықпас.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×