ойын сауық отауы
Қаз майы бронхитке өте пайдалы
18.05.2019 10 955 0 Дауыл

Қаз майы бронхитке өте пайдалы

Денсаулық
Қаз майы бронхитке өте пайдалы

Менің нағашы атам суықтап ауырып, мазасы қашса, ол өзін маймен емдейтін. Соның ішінде қаздың майы емге пайдалы дейтін атам. Әрине, қаз майы екінің бірінің үйінен табыла бермеуі де мүмкін. Сондықтан оның орнына үйректің немесе ешкінің майын пайдалануға да болады. Атамның сол емдерінің бірнешеуін қағазға түсіріп, өздеріңізге жолдауды жөн көрдім. Қажеті болып жатса, пайдаланып көрерсіздер.

Бронхит, пневмониямен ауырғандарға қаздың майы өте жақсы жәрдемдеседі. Қаздың майлы етінен сорпа жасап, оны жылыдай, тамақ арасында күніне үш - төрт мәрте, бір стаканнан аздап ұрттап ішу керек. Сонымен бірге тағы бір стаканға ыстық сүт құйып, оған 1 ас қасық қаздың майын ерітіп ішуге болады. Балаларға қаздың майының 1 шай қасығын қосса да жеткілікті.
Егер сізді геморрой мазаласа немесе тік ішегіңіз жарылған болса, қаздың майынан «свеча» жасап, тік ішекке қойып жүрсеңіз, ауруыңыздан тезірек айығасыз. Сонымен қатар қолыңыз жарылып кеткенде қаздың майын күнделікті жағып жүрсеңіз де тез жазылады.
Қаз майының күйікті тез жазатынынан көпшілік хабардар. Бірде менің інім қайнап тұрған сүтке аяғы күйіп қалған еді. Соған анам қаздың майын 5 - 6 күндей жақты, кешкісін жаңадан жағып тұрды. Осыдан кейін інімнің аяғы жазылып кетті.
Міне қаздың емдік қасиеті.
Дерек көздерінен жинақтаған - «Халық емі – Целительство».

Халық емі: Бронхит Халық емі: Бронхит
Шағын шыны шәйнекке 400 грамм суды қайнатып, үстіне 1 ас қасық бал араластырыңыз. Одан кейін шәйнектің шүмегіне түтік кигізіп, бал араласқан су буын
Қолыңыз әдемі болсын десеңіз, күтім жасаңыз Қолыңыз әдемі болсын десеңіз, күтім жасаңыз
Қолыңыз әдемі болсын десеңіз, күтім жасаңыз Әрбір саусаққа аздап массаж жасау керек. Алақанға крем жағудың қажеті жоқ.
Қазы айналдыру тәсілі Қазы айналдыру тәсілі
Қазақ халқының дастарқанын қазысыз елестету мүмкiн емес. Қазақ десе, алдымен қазы-қарта, жал-жая секiлдi ұлттық тағам түрлерi көз алдыңа елестейді.
Тез дайындалатын салат түрлері Тез дайындалатын салат түрлері
Қырыққабатты ұзынша етіп майдалап тураймыз,
Терінің саулығы Терінің саулығы
Терініңіз сау болсын десеңіз: Ағзада тұрақты су тепе - теңдігін сақталуы керек. Бір күні ішінде адам салмағына қарай 1 кг - ға шамамен 40 грамм ішу
Көктем салаты Көктем салаты
Қыстан жаңа шыққан мезгілде яғни көктем келісімен адам организмі витаминді керек ете бастайды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×