ойын сауық отауы
Күй аңызы: Қос ішек
27.10.2023 658 0 Admin

Күй аңызы: Қос ішек

Аңыздар
Күй аңызы: Қос ішек
Ертеде бір аңшы жігіт болыпты, деп айтылады «Қос ішек» күйінің аңызы. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы - маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек - қарнын ақтармалап алып тастайды.
Содан, арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі дейді. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді.
Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын» — деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос шекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша, домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Теріс қақпай Күй аңызы: Теріс қақпай
Ертеде Маңғыстау жерінде ұлан - асыр той болыпты. Өңірдің бетке ұстарлары жиналған жиында күй тартысы да өтіпті. Күй тартысқа үш домбырашы қатысқан
Күй аңызы: Алмажай Күй аңызы: Алмажай
Алмажай – Абылайдың жүйрік аты екен. Бірде, сол Алмажаймен шауып келе жатып, мақтанып айтты дейді, менің Алмажайымдай ат бар ма.
Әмиян тауып алған кедей жайлы Әмиян тауып алған кедей жайлы
Сіңірі шыққан кедей жігіт жолда келе жатып әмиян тауып алыпты. Ашып қараса әмиянның ішінде бір алтын теңге бар екен. Жігіт қуанып кетіпті де:
Маймылдар Маймылдар
Маймыл деген көп болады ыстық жерде, Бөтен аңдай жауыз емес зиянгер де, Әдеті біреу істеген істі істемек, Әлінен әлек болып келмесе де.
Бақанас, Байқошқардың көп сабазы Бақанас, Байқошқардың көп сабазы
Бақанас, Байқошқардың көп сабазы Жиып ап қыран бүркіт, жүйрік тазы, Еңбекші ұйым болмай, аңшы болып, Ойда жоқ бидай менен шөптің азы.
Кісі мен арыстан Кісі мен арыстан
Бір аңшы ұстайды екен аңды қырып, Ішіне қалың ағаш торын құрып. Бір күні Арыстанға кез болыпты, Сыртынан құрған торын бағып тұрып.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×