ойын сауық отауы
Мектеп бітіруші түлектерге ұстаздарының айтатын тілектері
15.04.2024 25 407 0 Дауыл

Мектеп бітіруші түлектерге ұстаздарының айтатын тілектері

Бата, тілектер
Мектеп бітіруші түлектерге ұстаздарының айтатын тілектері
Мамырдың соңы – мамыражай мектеп маусымымен қоштасатын мезгіл. Он бір жылдық алтын ұяны тәмамдап жатқан оқушылар үшін бұл соңғы қадам. Алдымызда мектеп бітіру құрметіне арналған салтанатты кеш күтіп тұр. Кеште қандай көйлек киіп шығатыныңызға да осы сайт ұжымы ақыл кеңесін аяп жатқан жоқ. Ал біз сол кеште айтылатын ақ тілектердің шоғырын ұсынуды жалғастырамыз. Жазбамыздың алдыңғы сандарында ата - аналардың мектеп бітіргелі жатқан балаларына айтатын тілектер тізбегін жариялағанбыз. Ал бүгінгі «сөз кезегін» ұстаздар қауымына берейік. Білім мен тәлімін аянбай оқушысының бойына сіңіруді кәсіп кеткен аяулы жандар қалайша ақтарылады екен?

Құрметті менің сүйікті оқушыларым! Әне - міне дегенше тарыдай болып кірген білім ордаларыңнан таудай болып қанат қағып ұшып бара жатырсыңдар! Қанаттарың талмасын! Он бір жылдық білімнің жемісін көріп, жеңісін бірге тойлаңдар. Қайда жүрсеңдер де бақыттың кемесінде, шаттықтың белесінде болыңдар! Көп жасаңдар!

Айналайын, жастар! Білімді қанша қазсаңдар да, түбіне жетіп болмайсыңдар! Сонда да білім мен өнер қуудан шаршамаңдар. Сендерді өсірген ата - аналарың мен ұлағатты ұстаздарыңның еңбегін елеусіз қалдырмай, саналы адам болып өсіңдер. Саналы ұрпақ тәрбиелеңдер!

Ардақты ата - аналар! Сіз бен бізді байланыстырып тұратын ортақ балаларымыз мектеп табалдырығын аттап болашақ қуып кетіп барады. Ұл - қыздарыңыз өздеріңіздей үлгі боларлық үлкен азамат болғай! Балапандарыңыз қайда жүрсе де жолдары болсын!

Қане, бәріміз бірге орнымыздан тұрып, шапалақты ұрып тұрып оқушылық ғұмырмен қоштасып тұрған мына жеткіншектерге шын жүректен ақ жол тілейікші! Пейілдері де, көңілдері де, істері де, жүректері де ақ болсын! Ақжол!

Құрметті ата - аналар, осы уақыт ішінде сіздердің балаларыңыз менің де перзентіме айналды. Мен де олардың белес аттап, бестікке іліну үшін сіздерден кем уайым жеген жоқпын. Олардың біз берген білімді ақтап шығуы үшін біздің де түн ұйқымыз бұзылды. Өйткені біз сіздердің ұл - қыздарыңыздың – мектептегі анасымыз! Ал ана деген өз баласына тек жақсылық тілейді емес пе? Балаларымыз аман болсыншы!

Жас түлектерге ата - аналары айтатын тілектер Жас түлектерге ата - аналары айтатын тілектер
Осы тілектердің жүректеріңізге жетіп, көңілдеріңізге қонғанын және орындалуын шын жүректен тілейміз.
Мектеп бітіру кешінің сонша шығынмен өтуін білім министрлігі де қалап отырған жоқ Мектеп бітіру кешінің сонша шығынмен өтуін білім
Білім министрлігінің мектеп бітірушілердің лимузин жалдап, қызыл кілемге тапсырыс беруіне тыйым салуға қауқары жоқ. Бүгін вице-министр Бибігүл
Қамқорлық акциясы Қамқорлық акциясы
Ақтөбе қаласы, №10 жалпы білім беретін орта мектебінің ұжымы «Қамқорлық» акциясының өтуіне бір кісідей ат салысты.
Мектеп оқушысының күн тәртібі Мектеп оқушысының күн тәртібі
Мектеп оқушысының уақытты тиімді пайдалануы – оның мектепте табысты үлгерімінің кепілдігі ғана емес.
Немере мен әжесі Немере мен әжесі
- Айтшы, әжетай, көк деген не? Теңбіл - теңбіл көктеген бе? Жұлдыз көзін жымыңдатса, Ай - әжесі: «Тек!»- деген бе?
1 қыркүйек білім күніне арналған құттықтаулар 1 қыркүйек білім күніне арналған құттықтаулар
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×