ойын сауық отауы
Көктем салаты
24.03.2016 14 072 0 Дауыл

Көктем салаты

Ас дайындау
Көктем салаты
Қыстан жаңа шыққан мезгілде яғни көктем келісімен адам организмі витаминді керек ете бастайды. Ол үшін тамақ рационына жемістер мен жаңа өсіп шыққан көкөністерді қосуымыз керек.
Аскөк, көк пияз, қырыққабат (капуста) шалғам (редиска) сияқты қарапайым көкөністерді пайдалана отырып салат жасауымызға болады.
Бұл көкөністерден тағам әзірлеудің еш қиындығы жоқ, сәл ғана шыдамдылық танытсаңыз жеткілікті. Салат дайындау үшін аспаз болудың қажеті жоқ, дәмді әрі пайдалы салат жасау кез - келген қыз - келіншекке қиындық туғызбайды деп ойлаймын.
Салат дайындау барысында көкөністі өз қалауыңызша турауға болады сонымен қоса өз қиялыңызға қарай әсемдеуге болады.

Шалғам мен қаймақ қосылған салат
Шалғам (редиска) - 10 - 15 бас
Қияр - 2 бас
Жұмыртқа - 2 бас
Көк пияз – қалауыңызша
Аскөк (укроп) - қалауыңызша
Қаймақ - қалауыңызша
Тұз - қалауыңызша

Жұмыртқаны қайнатып пісіріп алыңыз. Шалғамды тазалап жуып алып, дөңгелек жұқа етіп тураңыз. Қиярды да дәл шалғам секілді жұқа дөңгелек етіп тураңыз. Жұмыртқаны төрт бұрышты етіп тураңыз. Көк пияз бен аскөкті тазалап жуып майдалап турап, барлығын үлкен ыдыста қаймақпен араластырыңыз.

Витаминге бай салат
Көкөністердің барлығын жуып тазалап ұзынша етіп турап алыңыз. Барлығын турап болғаннан соң, үлкенірек ыдысқа сәбізді капустаны салып жайлап тұз салып араластырыңыз, содан соң шалқанды, қиярды көк пиязды және дәмдеуіштерді, майды құйып араластырасыз. Витаминге толы салат дайын
Қияр — 150 г
Сәбіз — 200 г
Шалғам (редиска) — 250 г
Қырыққабат (Капуста) — 250 гр
Көк пияз — 1 бума
Тұз — қалауыңызша
Қара бұрыш — қалауыңызша
Лимон сөлі — қалауыңызша
Күнбағыс майы — қалауыңызша

Қызанақ пен брынза қосылған салат
Сүзбе ірімшік (брынза) – 200 гр
Қызанақ – 200 гр
Салат жапырағы 1 бума
Зәйтүн майы (оливковые масло) немесе күнбағыс майы - қалауыңызша
Тұз – қалауыңызша
Қара бұрыш - қалауыңызша
Бұл салаттың жасалу жолы өте қарапайым. Брынзаны төрт бұрыш етіп тураңыз, қызанақты да ірі төртбұрыш етіп тураңыз. Салат жапырағын және аздап тұз, қара бұрышты салып соңынан зәйтүн майын құйып араластырыңыз.

Бұршақ пен кинза жапырағынан жасалған салат
Үрме бұршақ (фасоль) – 400 гр
Пияз – 1 бас
Лимон сөлі - аздап
Зәйтүн майы (оливковые масло) немесе күнбағыс майы - қалауыңызша
Кинза жапырағы – 1 бума
Тұз – қалауыңызша
Дәмдеуіштер – қалауыңызша

Үрме бұршақты пісіріп алып, суын сорғытып қойыңыз. Пиязды ұзынша етіп турап, лимон сөлін тамызып, 10 минуттай қалдырыңыз. Соңынан барлығын үлкен ыдысқа салып зәйтүн майын құйып, дәмдеуіштерді салып араластырыңыз.

Витаминге толы салат
Қырыққабат – 150 гр
Сәбіз – 100 гр
Көк пияз – 1 бума
Тәтті бұрыш – 60 гр
Қызанақ – 60 гр
Салат жапырағы – 1 бума
Қияр – 60 гр
Шекер – 1 ас қасық
Қаймақ – 200 гр
Лимон сөлі – қалауыңызша
Тұз – 0, 5 шай қасық
Көкөністерден қырыққабат, сәбіз, тәтті бұрыш, қиярды ұзын жіңішке етіп тураңыз, қызанақты ірі тураған жөн. Қаймаққа шекерді, лимон сөлін тамызып араластырып алыңыз. Содан кейін туралған көкөністердің үстіне құйып барлығын араластырыңыз.

Көкөністер мен сыр қосылған салат
Айсберг (салат жапырағы) – 200 гр
Қияр – 2 бас
Ірімшік (сыр) – 100 гр
Йогурт – 200 гр
Жұмыртқа – 2 бас
Салат жапырағы – 1 бума
Тұз – қалауыңызша

Қырыққабатты, қиярды майдалап тураңыз, жұмыртқаны төртбұрыш етіп тураңыз, ірімшікті ірі теркадан өткізіңіз. Салат жапырағын ірі етіп тураңыз да барлығын йогуртпен араластырыңыз.

Жасыл көктем салаты
Капуста - 100 гр.
Горох - 30 гр.
Қияр - 100 гр.
Жалбыз (мята) – 1 бума
Аскөк, ақжелкен (укроп, петрушка) – 1 бумадан
Күнбағыс майы - қалауыңызша
Лимон сөлі – қалауыңызша
Тұз қалауыңызша

Аскөк, ақжелкенді майдалап тураңыз, жалбызды да ірілеу етіп турап үлкен ыдысқа салыңыз.
Қиярды дөңгелек жұқа етіп тураңыз. Қырыққабатты ірі етіп тураңыз, қырыққабат пен қиярдың көлемі бірдей болғаны дұрыс. Бірі ірі, бірі майда болса әдемі көрінбейді. Салатқа лимон сөлін тамызыңыз да күнбағыс майымен араластырыңыз.
Жеңіл әрі дәмді салатымыз дайын!

Тұздалған қияр мен саңырауқұлақ қосылған салат Тұздалған қияр мен саңырауқұлақ қосылған салат
Картопты қайнатып пісіріп алу керек. Картопты жұқалап турап майға қуырып алуға да болады.
Ананас қосылған салат (Королевский салат) Ананас қосылған салат (Королевский салат)
Тауық етін қайнатып пісіріп алу қажет. Тауық етін, ананасты, саңырауқұлақты төртбұрышты етіп немесе ұзынша етіп қалауыңызша тураңыз.
Пекин қырыққабаты (капуста) қосылған салат Пекин қырыққабаты (капуста) қосылған салат
Пекин қырыққабаты қосып әзірленген салат рецепті Пекин қырыққабаты – 300 - 400 гр Қияр – 1 бас
Жүзім мен тауық етінен жасалған салат Жүзім мен тауық етінен жасалған салат
Оңай салат рецепті. Бұл салатты жасу үшін жаңа піскен жүзім болуы қажет.
Картоп пен ірімшік салаты (Салат диер) Картоп пен ірімшік салаты (Салат диер)
Бұл салатты дайындау үшін жұмыртқаны қайнатып пісіріп алу керек, картопты майға қуырып алу керек (картошка фри).
Қырыққабаттан (капуста) жасалған салат Қырыққабаттан (капуста) жасалған салат
Барлық көкөністерді жуып тазалап алып, сәбізді теркадан өткізіңіз (соломка), капустаны, тәтті бұрышты, пиязды жіңішке ұзынша етіп тураңыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×