ойын сауық отауы
Жиі қолданылатын дәрілер жиынтығы
12.10.2019 2 389 0 Admin

Жиі қолданылатын дәрілер жиынтығы

Денсаулық
Жиі қолданылатын дәрілер жиынтығы:
ТҰМАУ
1. Ибупрон – ауруды қатты басатын әрі тез әсер ететін дәрі. Көпіршік таблетка түрі асқазанды жайлдандырса, шам секілді түрі балаларға қолайлы.
2. Колдрекс – қан жолдарын кеңітетін керемет препарат. Тез әсер етеді. Ыстық суда ерітіп алады.
3. Назол – тұмаудан құтқарып қана қоймай, мұрынның былжыр қабығын кеуіп кетуден сақтайды. 12 сағатқа әсері бар.
4. Нурофен – жедел жәрдем, жылдам көмектеседі. Балаларға арналған шам түрі бар. Алайда, қан құрамының қасиетін төмендетеді.
5. Парацетамол (панадол, эффералган) – қызуды басатын тамаша дәрі. Демікпесі бар жандардың қолынан түспейді.
6. Полиоксидоний – иммунды жүйені ынталандырады. Көбіне балалар қолданысында. Төтенше сәтте қажеттілікті өтейді және вирус инфекциясының алдында алуда қолданылады.
7. Рибомунил – иммунитетті қалыпқа келтіреді, балаларға ең тиімді дәрі ретінде ұсынылады.
8. Санорин – аллергияға қарсы құрамы бар тез әсер ететін тұмау дәрісі.
9. Флукол – Б – арзан әрі тиімді препарат, бірақ, құрамында 8% алкоголь болады. Жүргізушілерге шектеледі.
БАУЫР
1. Антраль – сапалы препарат, әлемдегі бірегей өнім, бауыр клеткасын кез келген микроб басқыншылығынан сақтайды.
2. Галстена – тамызық, кішкентай балаларға арналған таптырмас дәрмек.
3. Лиолив – бауырды сарыаурудан сақтайды (төмендетілген билирубин).
4. Липоферон – ауыз арқылы қолданылатын препарат, инъекционді интерферондардан 5 есе арзан!
5. Оротат калия – бауыр жұмысын жақсартады, ақуыз жинақтайды, зат алмасу процесін жоғарылатады.
6. Силимарин - гексал – өсімдік препараты. Әсер ететін зат құрамы ұқсас түрдегі дәрілерден көп (карсиль, силибор, гепабен).
7. Холензим – өт айдайтын арзан дәрі, тамақ қорытуға көмектеседі, ұйытқы бөлінуін жақсартады (фермент).
8. Холивер – өт айдайтын өсімдік түптегі дәрмек.
9. Хепель – қосалқы әсері жоқ гомеопаттық неміс дәрісі.
10. Эссенциале – бауырды емдеуде пәрменді әсер ететін соңғы 20 жылдықтың дәрісі.
АСҚАЗАН
1. Альтан – өсімдік дәрмегі, жара ауру түрлерінде танымал.
2. Ацидин - пепсин – асқазандағы қышқылдықты өсіреді.
3. Гастритол – тамызық түріндегі өсімдік дәрісі, балаларға жақсы әсер етеді.
4. Мотилиум – асқазанның ас жүру жолын реттестіреді.
5. Облепиховое масло – асқазандағы қызару процесін төмендетеді.
6. Париет – асқазандағы қышқылдықты төмендетін соңғы жылдардың үздік дәрісі.
7. Пилобакт – хеликобактерге қарсы жаңа өнім.
8. Ренорм – іш қызуын бірден басатын фитоконцентрат, ас қорытуды реттейді.
9. Риабал – асқазандағы түйілуді жақсартады, балаларға бекітеді. Тамызық түрінде де, тамшы түрінде де кездеседі.
10. Фосфалюгель – іш қыжылын кетіреді, аналогтарымен салыстырғанда уыты аз.
КӨЗ
1. Зовиракс – көз жақпа майы, көз бен қабақ арасындағы мөлдір ауруды болдырмайды.
2. Квинакс – шел түскенде қолданылатын үздік профилактикалық өнім.
3. Корнерегель – гель, көз шынайнасындағы мөлдір қабықты қалыпқа келтіреді.
4. Ксалаком – ксалатан мен тималол секілді препараттардың жиынтығы. Әрекет күші белсенді.
5. Ксалатан (траватан) – су қараңғылықта тиімді, бір күнде бір - ақ рет тамызылады.
6. Систейн – жасанды қабыршақ, артықшылығы - тәулігіне бір рет тамызса да бола береді.
7. Униклофен – ісіп қызаруға қарсы тамшы түрдегі нестериодты ең жақсы өнім.
8. Флоксал – тамшылар, антибиотик, микроағзаның аумақты спектрінде әсер етеді.
9. Флоксаловая мазь – көздің шырықты қабығын бактерия басқанда көмектеседі.
10. Циклоксан – тамшы түріндегі қуатты антибиотик, түрі бактерия ауруы түрлерінен сақтайды.
ҚҰЛАҚ
1. Амоксицилин – антибиотик, ауру түрін тудыратын белгілерге қарсы.
2. Клавициллин - амоксициллин клавуланды қышқыл – микроағзаның сезімтал амоксицилиндерінен бөлек те, бактерияның бірнеше түріне белсенді әсер етеді.
3. Отофа – құлақ тамызықтары, құлақтың орта бөлігінің ісіп қызаруына қарсы қолданылатын антибиотик.
4. Отипакс – ісіп қызарудың алдын алатын және ауруды басатын біріктірілген препарат.
5. Нимесулид – біруақытта ауыртпайтын, ісіп қызарудың алдын алатын және қызуды басатын қасиеті бар.
6. Нокспрей – мұрын қуысындағы шырышты қабықтың құрғауына алып келеді, евстахий түтігінің (орта құлақты мұрын - тамақ жолымен ұштастыратын түтік) домбығуын, ісінуін бәсеңдетеді.
7. Ципрофлоксацин – құлақтың қабынуына қарсы өнім.
8. Цефаклор, цефиксим, цефподоксим, цефпрозил, цефуроксим – екінші және үшінші заман ағыстың цефалоспориндері. Ампициллин әсер етпеген жағдайда қолданылады.
9. Эдас - 125 тонзиллин – гомеопаттық тамызықтар капли, 2 жасар балаларға бекітіледі.
10. Эритромицин – пенициллин түрлеріне аллергиясы бар жандарға арналған препарат.
ЖҮЙКЕ
1. Венлаксор – қосалқы әсері жоқ антидепрессант, ауыр депрессия жағдайынан тез шығарады.
2. Бусперон – қорқыныштың алдын алуға бағытталған қуатты дәрі, тыйылу эффектісін жоққа шығарады. Жүргізушілерге және студенттерге емтихан алдында қолдануға болады.
3. Гидазепам – жұмсақ ұйқы дәрісі. Бір тұтынған соң, араға ай салып барып ішу қажет.

Күлкі – тегін дәрі Күлкі – тегін дәрі
Күлімсіреу арқылы өз денсаулығыңды нығайтуға болады екен. Психолог мамандардың адам көңіл - күйі болмаған сәтте өзін күлімсіреуге мәжбүрлеу арқылы
Гормоналды дәрілердің пайдасы мен зияны Гормоналды дәрілердің пайдасы мен зияны
Гормоналды дәрілер ең бастысы денсаулыққа зиян. Алайда, оның әсерін дұрыс немесе бұрыс деп кесіп айту қиын.
Дәрінің қымбатын алған дұрыс па? Дәрінің қымбатын алған дұрыс па?
Қылышын сүйретіп қыс келді. Әрине балалар үшін қызықты сәт. Бірақ осы мезгілде қызық пен бірге аурулардың түрлері де күшейетіні жасырын емес.
Суда жүзудің пайдасы Суда жүзудің пайдасы
Шынығудың ең тиімді құралы – ауа, күннің көзі және су екенін ғалымдар үнемі айтып келеді. Қай спорт түрін алсаңыз да, әрқайсысының адам денсаулығына
Тұмау мен суық тиіп аурудан сақтану жолдары Тұмау мен суық тиіп аурудан сақтану жолдары
Тұмау мен суық тию белгілері жағынан ұқсас жұқпалы аурулар болып табылады.
Қауынның пайдасы мен зияны Қауынның пайдасы мен зияны
Қауын – калориясы төмен жеміс түрі. Оның 100 грамында небары 33 калория болады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×