ойын сауық отауы
Қасқырдың өңешімен ем жасай ма?
12.04.2021 1 435 0 Admin

Қасқырдың өңешімен ем жасай ма?

Денсаулық
Халық емі
Қасқырдың өңешімен ем жасай ма?
Ел ішінде ем тәсілдерінің түр - түрі көп қой. Осындай ерекше де қызықты бір ем түрін бізге Орал қаласында тұратын Гүлмира Бисенбаева жолдаған екен.
«Менде қасқырдың өңеші бар. Ангина мазалағанда емге соны қолданамын. Жақсы көмектеседі. Таңертең ашқарынға шалқайып жатып, ауызды ашу керек. Сосын жарты кесе қайнаған жылы суды қасқырдың өңешімен жүргізесіз. Мұны үш күн жасайсыз. Керемет ем болады. Ешқандай дәрі - дәрмектің керегі жоқ», – дейді ол.
Түз тағысының өңешін зоб ауруына қарсы ем ретінде қолданатын да емшілер бар. Оның өті, тырнағын да кәдеге асырушылар болған. Біз осы жайында деректер іздестіріп көрген едік.
«Сырдария ауданы, Жетікөл ауылында тұрған марқұм Сақтаған Алшынбаев кезінде қасқырды қолға түсірген мықты аңшы еді. Түз тағысының тырнағы, өті және басқа да дене мүшелерімен адамдарды емдеген еді. Қақпанына түскен қасқырдың терісін сыпырған соң, оның ішін жарып, жүрегі мен өтін, табанын тырнағымен қо¬са алатын. Олармен жас баланы емдейді. Ал тырнағымен үлкен адам мен жас баланың ту сыртынан шаншу тигенде жасауға болады.
Қасқырдың өтімен өкпе ауруына шалдыққан балаларды емдеуге болатынын айтатын. Жүректі әбден кептіріп, үгітіп, балаларға беретін. Онымен көз тиген баланы емдейтін. «Бір жағынан бала ешкімнен қорықпайтын жүректі, білекті болады».
Бұдан да қызықты деректі Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мылтықбай Ерімбетовтің жазбасынан кездестірдік. Онда Әбибулла есімді қақпаншы: «Табиғатта оның санитар міндетін атқаратыны туралы жазылып жүр. Мен емге қажет тұсын айтайын. Қасқырдың өті, бауыры, тісінің де қасиеті мол.
Жас босанған әйелдердің емшегі ісіп кетуі күтімсіздіктен болатын көп тараған аурудың бірі. Қасқырдың бауырын кесіп, кесеге кішкене езіп, екі рет жаққанда, ісік сап басылады.
Қасқырдан болар - болмас бір шиша ғана бүйрек май, іш май шығады. Ол бала көтермеген әйелдерге шипа екен. Суық тиген, салқын шалған несеп жолына сол іш май жағылады дейді.
Бірде қасқыр сойып жатыр ем, бір әйел: «Бүйрегін беріңізші, ата. Өкпе ауруым бар еді», – деді мұңайып. Екі бүйрегін бердім. Шоққа аунатып - аунатып жей салды. Кейін сол әйел жазылып, балалы болды деп естідім.
«Ит тиген балаға қасқыр тісі – жақсы ем» деп қазақ тісті суға салып, баланы шомылдырып жатады. Шынында өз көзіммен көрдім: суға тісті салып, баланы шомылдырса болды, құлан - таза айығып кетеді.
Ем емес жері жоқ қасқырдың. Мал дәрігерлері ат белінен шойырылғанда тотияйын қояды. Оның керегі жоқ екеніне көзім жетті. Атымның белі шойырылып, біреудің айтуымен қасқыр өтімен емдедім. Терісін тіліп, аттың арқасына бидайдай өт салып, тіктім. Бір сағаттан кейін тұрып кетті. Екі бидайдай болса – ауыр соғады екен. Ал тотияйын кейде тұрғызады, кейде тұрғызбайды», – дейді.
Табиғатта біз білмейтін немесе ұмыт қалған осы сияқты ем түрлері көп қой. Бұл соның бірі ғана екені анық. Ал сіз осындай сирек кездесетін, ерекше ем түрлерін білетін болсаңыз, оны көпшілікпен бөлісе отырыңыз. 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қасқыр киесі Қасқыр киесі
Түнімен жол жүріп, Ақмола жақтан келе жатқан бетім еді. Қар борап тұрған. Күйік асуы жабық дегенді есітіп, амал жоқ тоқтағанмын. Таң атып қалған.
Қасқыр туралы қызықты мәлімет Қасқыр туралы қызықты мәлімет
1) Қасқыр ешқашан екі рет жұп құрмайды. 2) Терісін тірідей сойып алсаң да қыңсылап, дыбыс шығармайды.
Қасқыр менен тырна - Спандияр Көбеев Қасқыр менен тырна - Спандияр Көбеев
Қасқырдың есітуге аты жаман, Қайтадан қалыпқа енбес дәті жаман, Түзеліп лауахазда кісі болмас, Шыққаннан дүниеге болса надан.
Есек пен қасқырдың таласы Есек пен қасқырдың таласы
Бір күні есек пен қасқыр шөптің түсіне бола айтысып қалады. Есек шөптің түсін сары десе, қасқыр жасыл дейді. Екеуі біраз пікір таластырып ымыраға
Суда жүзудің пайдасы Суда жүзудің пайдасы
Шынығудың ең тиімді құралы – ауа, күннің көзі және су екенін ғалымдар үнемі айтып келеді. Қай спорт түрін алсаңыз да, әрқайсысының адам денсаулығына
Суық қолға сұқтырма Суық қолға сұқтырма
Қой терісін жамылып, Бөлтірігі қасқырдың Арадан қалса табылып, Тапжылдырмай басқа ұрғын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×