ойын сауық отауы
Халық емі: Тізеге балық байлайды
22.05.2021 5 411 0 Admin

Халық емі: Тізеге балық байлайды

Денсаулық
Халық емі: Тізеге балық байлайды
Буын аурулары көбінесе жас кезінде аяғынан суық өткен жағдайда, генетикалық ауру жағдайында, 50 жастан асқан әйелдерде көптеп кездеседі. Соның ішінде тізе ісіп кетіп, жүре алмай қалатын жағдайлар көп. Бұл ауруды асқындырмаудың амалы бар.
Буыны ауыратын адамдар көп қимыл жасау керек. Көп жүргені жақсы, күнделікті белгілі бір қашықтықта, әсіресе биікке және төменге қарай жүру, дене жаттығуларын жасау ауруды асқынудан сақтайды. Буыны ауыратын адамдарға әсіресе отырып - тұру жаттығуының пайдасы көп. Бастапқы кезеңде 15 - 20 рет отырып - тұрсаңыз, кейін мұны 100 - ге дейін жеткізуге болады. Қаншалықты көбірек болса, соншалықты өзіңізге тиімді, бірақ бұған біртіндеп үйрену керек.
Тізеңіз үнемі қимылда болатын болса, ортасындағы сілекейлі сұйықтық кеуіп қалмайды. Мысалы, нағыз маман жаңадан басталып келе жатқан тізе аурулары кезінде дәрі - укол қолданбайды, ауырсынуды басатын мазь береді және көбірек жаяу жүру туралы кеңес айтады.
Мынадай бір ем жасауға болады: буын аурулары кезінде, тізе ісіп кеткен жағдайда 5 жұмыртқаның сарысын алып, оған 1 шай қасықпен жылқы майын араластырып, кәдімгі шүберектің бетіне жағып, аяққа қойып, сыртын целлофанмен орап тастау керек. Бұл емдік процедураны 5 күн ғана жасаған жөн, әйтпесе жылқының майы сүйекті «ерітіп» жібереді. Компрессті 5 күннен артық ұстауға болмайды.
Ендігі жағдайда жылқының майынсыз, жұмыртқаның өзін ғана жоғарыда айтқан тәсілмен аяққа орап, 5 күн қолданады. Осы он күннен кейін де буын ауруы басылмай жатса, жаңадан ұсталған балық етін жұқалап кесіп алып, оны тізеге салып, шүберекпен орап тастау керек. Мұны бір түн ұстаңыз. Балық ондағы тұздарды тартып алады. Одан кейінгі тәсіл – қойдың бауырын жұқалап кесіп, 3 күн компресс жасау. Қойдың құйрық майын жұқалап кесіп, ауырған тізені орап тастайды. Осы амалдар арқылы тізе ауруларынан аз күннің ішінде айығуға болады.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Халық емі: Өт жолдарын емдеу Халық емі: Өт жолдарын емдеу
Балды емделуге қолдану. Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог),
Жиі қолданылатын дәрілер жиынтығы Жиі қолданылатын дәрілер жиынтығы
Алда қыс айлары келе жатыр, бәріміз бір рет болса да аурымай тұрмайтынымыз шындық. Осы кезде үй аптекасында мынадай дәрілер болғаны абзал, есте
Жалаң аяқ жүрудің орны бөлек Жалаң аяқ жүрудің орны бөлек
Аяғыңыз бен табандарыңызға массаж жасаңыз және мұны күнделікті әдетке айналдырыңыз.
Қан қысымың көтерілуі және оның алдын алу Қан қысымың көтерілуі және оның алдын алу
Қан қысымы өте қауіпті ауру. Бұл аурудың жүрек пен тамырды зақымдайтынын ескерер болсақ, тамырдың қанша уақытқа дейін төзе алатыны беймәлім.
Суда жүзудің пайдасы Суда жүзудің пайдасы
Шынығудың ең тиімді құралы – ауа, күннің көзі және су екенін ғалымдар үнемі айтып келеді. Қай спорт түрін алсаңыз да, әрқайсысының адам денсаулығына
Тұмау мен суық тиіп аурудан сақтану жолдары Тұмау мен суық тиіп аурудан сақтану жолдары
Тұмау мен суық тию белгілері жағынан ұқсас жұқпалы аурулар болып табылады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×