ойын сауық отауы
Халық емі: Жоңышқаны жай шөп демеңіз...
02.10.2022 611 0 Admin

Халық емі: Жоңышқаны жай шөп демеңіз...

Денсаулық
Халық емі: Жоңышқаны жай шөп демеңіз...
Менің ауруым - жүрек ишемиясы, аттеросклероз, жоғары қан қысымы. Ақпарат құралдарының бірінен жоңышқаның емдік қасиетінің зор екенін оқыдым. Сәйкесінше осы ауруларға таптырмас дауа деседі.
Жоңышқаның қайнатпасы мен тұнбасы, тәтті сиробы, ұнтағы халық медицинасында ем ретінде ертеден бері кеңінен қолданылып келеді. Қазір оны кулинарияға да қолдануда: салаттарға қосылады. Сорпа дайындалады. Өйткені жоңышқа белоктар мен көміртегі, тағы басқа микроэлементтерге бай. Онда С, Д, Е, К және В тобына жататын витаминдер жетерлік. Қышқылдар мен эфир майы сияқты аса қажетті заттар да көп. Зәр айдауды жақсартатын, қандағы қант құрамын азайта алатын қасиетке ие. Ағзадағы улы заттарды айдайды. АҚШ - тың Ұлттық рак институтының зерттеулеріне қарағанда, жоңышқа асқорыту жүйесіндегі канцерогендердің күшін жойып, сыртқа шығарады екен. Зат алмасуды жақсартып, гемоглобинді көтеріп, иммунитетті қалпына келтіреді. Сонымен бірге, эндокрин жүйесінің жұмысын реттейді. Ұзақ әрі тұрақты пайдаланса қан тамырлары мен жүрек жұмыстарын жақсартады.
Атеросклероз ауруына мына төмендегі қайнатпаны ұсынуға болады: 2 ас қасық жоңышқаны 0, 5 литр суға салып, 5 минут баяу отта қайнату керек. Сосын 1 сағат суытып, 1/3 стканнан 3 рет ішкен дұрыс. Бұл қайнатпа артриті мен ревматизмі барларға да пайдалы. Әрі ағзадағы минералдардың алмасуын жақсартады.
50 грам жоңышқаны 0, 5 араққа салып, 2 апта қараңғы жерде ұстап, ара - арасында араластырып тұру керек. Осыны 1 ас қасық суға 10 - 15 тамшыдан қосып, тамақ алдында күніне 3 - 4 реттен ішіп отырған дұрыс. Сонда жоңышқаның жоғарыда аталған емдік қасиетінің пайдасын сезінесіз.

Халық емі: Он бес түрлі ауруға ем болатын сусын Халық емі: Он бес түрлі ауруға ем болатын сусын
Бұл сусынды өзіңіз - ақ, үйде жасай аласыз. Көп уақытты алмайды. Қымбат та емес. Ал пайдасы шаш - етектен. Айтып отырғаным кәдімгі лимон қосылған су.
Халық емі: Кивидің жиырма бес пайдасы Халық емі: Кивидің жиырма бес пайдасы
Киви секілді экзотикалық жемістер соңғы 10 жылда дүкен сөрелерінде көптеп көрінуде. Бірте - бірте олар киви өспейтін біздің елде де күнделікті
... Сорпа – бетке ... Сорпа – бетке
Сиыр етінен жасалған сорпаның құрамында метионин амин қышқылы бар. Ол ағзадағы зиянды заттардың шығуын реттейді. Әрі сорпа 20 - 40 минутта қорытылып
Шиенің шипасын білесіз бе? Шиенің шипасын білесіз бе?
Күнде таңертең 17 дана шиенің сүйегінен тазартып, бір стаканға езіп ашқарынға ішу иммунитетті көтереді.
Қаз майы бронхитке өте пайдалы Қаз майы бронхитке өте пайдалы
Бронхит, пневмониямен ауырғандарға қаздың майы өте жақсы жәрдемдеседі. Қаздың майлы етінен сорпа жасап, оны жылыдай, тамақ арасында күніне үш - төрт
Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы
Көптеген жаңғақ түрлерінің адам ағзасына қандай пайдасы бар екенін білетін боламыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×