ойын сауық отауы
Жүйкеңіз жұқарса жасап көріңіз
23.10.2022 501 0 Admin

Жүйкеңіз жұқарса жасап көріңіз

Денсаулық
Жүйкеңіз жұқарса жасап көріңіз
Жаздың аптап ыстығында себепсіз шаршау, болдыру, жүйкенің қажуы жасы ұлғайған адам түгілі, жастарда да кездесетін жайт. Оған қарсы мынадай төрт рецепт ұсынбақпыз:
1. Бір стакан аршылған жаңғақ, бірдей мөлшерде бал мен лимон алыңыз. Жаңғақ дәндері мен лимонды мейлінше ұсақтап тураңыз, оған сұйық бал құйыңыз. Бұл қоспаны тоңазытқышта сақтаңыз. Мұны екі апта бойы күніне 3 рет, астан бұрын 1 ас қасықтан жеп жүрсеңіз, иммунитет пен жүйке жұмысы нығаяды.
2. Жаңа сығылған жүзім шырыны керек. Күнделікті таңертең және кешке 2 ас қасығын ішіп жүрсеңіз, қысы - жазы сергек жүретініңіз анық. Жүзім шырынын мейлінше ұзақ уақыт қабылдаған жөн.
3. Қарағай инелерінің созылмалы шаршауды тез жоятын қасиеті бар. Орманда жиналған инелерді шайып, пеште (духовка) 15 минут ұстаңыз. Сосын 2 ас қасық инелерді ұсақтап, оған 1 стакан су құяды. Баяу отта 30 минут қайнату керек. Енді оған 3 ас қасық бал қосыңыз. Сосын 1 сағатқа жылы орап қояды. Осылай дайындалған тұнбаны 10 күн бойы ұйықтар алдында 1 ас қасықтан ішіп жүрсеңіз, өзіңізді сергек, жеңіл сезінесіз.
4. Ежелден келе жатқан өте тиімді рецепт – 1 стакан сүтке 0, 5 ас қасық құрғақ түймедақ гүлдерін салып, баяу отқа қойыңыз. Бұрқ етіп бір қайнағанда өшіріп, сәл салқындаған соң сүзіп алып, 1 ас қасық бал қосыңыз. Мұны күнделікті кешке ұйқы алдында ішіп жүрсеңіз пайдасы көп: шаршаудан құтыласыз, иммунитет көтеріледі. Ішек жұмысы жақсарады.

Бүйректегі құмды қууға көмектеседі Бүйректегі құмды қууға көмектеседі
Бүйректегі құмды халықтық ем тәсілдерімен шайып кетіруге болады. Ол үшін алдымен ультрадыбыстық зерттеуден өтіп, бүйректе тастың бар - жоғына көз
Әрі гипертонияға, әрі аденомаға ем Әрі гипертонияға, әрі аденомаға ем
2 уыс пияздың қабығын жақсылап жуып, эмаль ыдысқа салып, оның үстіне 700 миллилитр ыстық су құяды. Оны баяу отта 5 минут қайнатады.
Өкпе қабынғанда Өкпе қабынғанда
6 ақ шикі жұмыртқаны жуып, қабығымен бірге қоңыр шыны ыдысқа салу керек. Оның үстіне орташа 10 лимон шырынын құяды. Содан соң ыдыстың аузын дәкемен
Геморройға дауасы бар Геморройға дауасы бар
1. Уатылған қалақай (крапива) жапырағы мен итшомырт (крушина) қабығынан 2 ас қасығын ыдысқа салып, үстінен 0, 5 литр қайнаған су құяды. Баяу жанған
Жаңғақтың жүрекке жәрдемі бар Жаңғақтың жүрекке жәрдемі бар
Жаңғақтың адам денсулығына пайдасы көп. Сондықтан оны емге пайдалануға болады.
Бет терісін әжемнен қорғау, қара дақтарды кетіруге маска түрлері Бет терісін әжемнен қорғау, қара дақтарды
Бет терісінің әжімі мен шаршау белгілерінен арылтатын бұл табиғи маска тиімділігімен ерекшеленеді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×