ойын сауық отауы
Мандарин қабығы қорылдауды қойдырады
23.09.2023 436 0 Admin

Мандарин қабығы қорылдауды қойдырады

Денсаулық
Мандарин қабығы қорылдауды қойдырады
Былтыр жолдасының қолына ақ дақтар шыға бастады. Естіген-білген амалдар көмектеспеген соң бір кітаптан оқығаны бойынша 250 грамм күріш сірке суына 100 грамм қарағай ұрығын шылап қойып, екі күннен кейін күніне үш реттен ақтаңлақ орнына жағып жүрді. Дақ кішірейіп, қоңырқай тарта бастағанда мандарин талқанына жарты ас қасық құнжұт майын араластырып жақты. Сонда әлгі ақ дақтан із де қалған жоқ. 
Жолдасының түнде қатты қорылдайтын әдеті бар. Ондайда даусы келесі бөлмеге дейін жететін. Ұйқыны бұзған бұл әдеттен құтылудың да әдісін тапты. Ұйықтар алдында мандарин қабығынан бір кесекті ауызға салып, 15 минуттан соң түкіріп тастаңыз, осылай 3-5 рет жасасаңыз түнгі ұйқыда қорылдамайсыз, әрі тіс қайрамайтын боласыз. 
Кіші баласының тісі жиі ауыратын. Құрттамаса да суықтағаннан тіс түбі қақсайды. Дәрі ішсе, күші кеткен соң қайта ауырып, жаны қиналатын. Сонда бір емші әйелдің айтуымен жаңғақ дәнін отқа қыздырып, қақсаған тіспен бірнеше рет тістетіп көрді. Осы әдісті бірнеше рет қайталаған соң тісі мүлде қақсамайтын болды. 
Қыста балықты жиі жейді. Кей кездері оның қылтығы тамаққа тұрып қалып, қиналатыны бар. Оны тез алып тастамаса тамақты жырып, оған ірің тұрып қалса жағдай қиын дей беріңіз. Мұндай жағдайда сірке сумен тамақты шайқап ақырын жұтыныңыз, бірнеше рет қайталасаңыз дереу сауығасыз. 
Қыста ер адамдардың аяғынан жағымсыз иіс шығатынын білеміз. Сапасыз аяқ киімде де иіс болады. Оны кетіру үшн ашудасты талқандап, табанға жағыңыз, 3-4 ретте терлеуі басылады. Содан 7-8 айға дейін аяқ қайта терлемейді. 
Осыларды сіз де жасап көріңіз, өкінбейсіз.

Ми тамырын тазартуға болады Ми тамырын тазартуға болады
Біз төменде ұсынып отырған тәсілдер ми тамырларын тазартумен қатар, остеохондроз, бастың үздіксіз ауыруы, атеросклероздан айығуға да көмектеседі.
Қан қысымы төмендегенде Қан қысымы төмендегенде
Итмұрын, шетен, қара қарақат, тау алшасы жемістерін кептіріп, соның әрқайсысынан 2 ас қасықтан алып ұнтақтайды. Осы қосындыны 2 литр қайнаған суға
Өкпе қабынғанда Өкпе қабынғанда
6 ақ шикі жұмыртқаны жуып, қабығымен бірге қоңыр шыны ыдысқа салу керек. Оның үстіне орташа 10 лимон шырынын құяды. Содан соң ыдыстың аузын дәкемен
Жаңғақтың жүрекке жәрдемі бар Жаңғақтың жүрекке жәрдемі бар
Жаңғақтың адам денсулығына пайдасы көп. Сондықтан оны емге пайдалануға болады.
Халық емі: Бронхит Халық емі: Бронхит
Шағын шыны шәйнекке 400 грамм суды қайнатып, үстіне 1 ас қасық бал араластырыңыз. Одан кейін шәйнектің шүмегіне түтік кигізіп, бал араласқан су буын
Наполеон торты Наполеон торты
Екі жұмыртқаны жарып үстіне тұз, сірке қышқылы және суды құйып жақсылап араластырып тоңазытқышқа салып қоямыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×