ойын сауық отауы
Ми тамырын тазартуға болады
15.04.2023 1 121 0 Admin

Ми тамырын тазартуға болады

Денсаулық
Ми тамырын тазартуға болады
Біз төменде ұсынып отырған тәсілдер ми тамырларын тазартумен қатар, остеохондроз, бастың үздіксіз ауыруы, атеросклероздан айығуға да көмектеседі. Бастысы, бұл оңай, қарапайым әрі залалсыз ем түрі. Олай болса, есте сақтаңыз.
Грек жаңғағы мен бал
Бес дана грек жаңғағын 1 ас қасық табиғи балмен араластырыңыз. Оған бір шым - шым даршын (корица) мен жанжабіл қосыңыз. Қоспаны бір тәулікке тоңазытқышқа салу керек. Күніне 3 рет тамақтан жарты сағат бұрын 1 ас қасықтан жеп тұрсаңыз, емі керемет. Емді 10 күн жалғастырып, 5 күн демалған соң тағы бір рет қайталауға болады.
Пияз шырыны мен бал
Стаканның үштен бір бөлігі шамасында пияз шырынын сығып, оны бір стакан табиғи балмен араластырыңыз. Осылай күнделікті жаңадан әзірлей отырып, күніне 3 рет тамақтан жарты сағат бұрын 1 шай қасықтан жеп тұрасыз. Бұл қоспа ми тамырларын тазартумен қатар иммунитетті де нығайтады.
Табиғи шырын
Күнделікті тамақтан жарты сағат бұрын табиғи шырын ішу керек. Бірінші күні 0, 5 стакан анар шырыны, келесі күні – алма, үшінші күні сәбіз шырынын ішіңіз.
Иттікен тұнбасы
10 грамм иттікеннің құрғақ тамырларына қайнаған су құйыңыз. Бұл қоспаны термоста сақтаған жөн. 8 - 10 сағаттан кейін тұнбаны сүзіп алып, салқын жерге қойыңыз. Таңғы астан 3 минут бұрын 4 ас қасықтан бір ай үздіксіз ішіп тұрыңыз.
Пайдалы тағамдар
Күнделікті таңертең ашқарынға бір мандарин, бір уыс мейіз бен грек жаңғағын жеп тұрыңыз. 15 - 20 минуттан кейін 1 шай қасық бал мен лимон тілімі қосылған су ішіңіз. Арада 15 минут өткеннен кейін таңғы ас іше беруге болады.
Тап осы қарапайым әдістер арқылы ағзаға қуат сыйлай алатыныңызды, өмірді ұзартуға, зейінді арттыруға жол ашатыныңызды ойланып көріңізші. Сонда бұл қарапайым емес, құнды тәсілге айналып сала береді. Ал сол құндылық үшін аз - маз уақытыңызды қию өзіңізге байланысты.

Халық емі: Ағзаны тазартатын сусындар Халық емі: Ағзаны тазартатын сусындар
Салауатты өмір салтын бастау үшін уақыт немесе мезгіл таңдаудың керегі жоқ. Бастысы – сіздің ниетіңіз
Бауырды сауықтыратын тәсілдер Бауырды сауықтыратын тәсілдер
Бауырға күтім жасау өте маңызды мәселе. Себебі бүгінгі күні бауыр ауруларының тым жасарып бара жатқанын айтып, дәрігерлер дабыл қағып отыр.
Буындағы тұзды тазартуға болады Буындағы тұзды тазартуға болады
Жасы ұлғая келе көп адамдарда буынға, бүйрекке, өтке тұз бен тас қиыршықтары жинала бастайды. Тұз буындарға да жиналады. Одан табиғи жолмен
Халық емі: Артық салмақтан құтқарады Халық емі: Артық салмақтан құтқарады
Адамды артық салмақ мазаласа төмендегі ем-шараларын жасап көруге болады. Ағзаны артық майдан, сонымен қатар артық салмақтан табиғи жолмен құтқаратын
Геморройға дауасы бар Геморройға дауасы бар
1. Уатылған қалақай (крапива) жапырағы мен итшомырт (крушина) қабығынан 2 ас қасығын ыдысқа салып, үстінен 0, 5 литр қайнаған су құяды. Баяу жанған
Простатиттің ең қарапайым емі Простатиттің ең қарапайым емі
Простатит кезінде, 0, 5 кило тазаланған асқабақ дәнін (қуырмай, шикідей) еттартқыштан өткізіп, 1 стакан балмен араластырып жеу керек
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×