ойын сауық отауы
Тізеңіз сырқырап, буындарыңыз қақсап жүр ме?
11.10.2023 505 0 Admin

Тізеңіз сырқырап, буындарыңыз қақсап жүр ме?

Денсаулық
Тізеңіз сырқырап, буындарыңыз қақсап жүр ме?
Әрине, мұндай жағдайда дәрігер тағайындаған емді қабылдау керек. Ал ем нәтижелі болуы үшін және тезірек сауығу мақсатында қосымша мынадай амалдарды жасап көруіңізге болады:
Қосүйлі қалақай (крапива двудомная) гүлінің кептірілген түрі дәріханадан табылуы тиіс. Оның 3 ас қасығын 2 стакан қайнаған суда 5 минут бұқтырып қойыңыз. Осыны жарты стаканнан күніне 4 рет қабылдау керек. Ол желке мен буындардың ауыруын басып, ондағы қабынуды басады. Емді 7 күн жалғастырған жақсы.
Кәдімгі түймешетен (пижма обыкновенная) де буындағы ауырсынуды басып, ондағы тіндердің тезірек сауығуына көмектесе алады. Бұл мақсатта түймешетен тұнюасын күні бойы шай мен сусын орнына ішіп жүруге болады. Әзірлеу тәсілі: 0, 5 литр қайнаған суға 1 ас қасық кептірілген гүлін салып, шай сияқты демдейді.
Әйгілі Ванга ревматизм кезінде түймешетеннің кептірілген гүлінің 50 грамын 0, 5 литрлік мускат шарабына салып, 8 күн тұндыруға кеңес берген екен. Оны күніне 2 рет 1 - 2 ас қасықтан астан жарты сағаттан кейін ішкен дұрыс.
Шайшөп (зверобой) ол өт айдайтын, бауырды тазалайтын, қан қысымын қалыпқа келтіретін қасиетімен құнды саналады. Жел өтінде немесе сыз жерде көп жүргеннен болатын буынның қабынуында да көмегі жақсы. Ем үшін 1 ас қасық дәріханалық шөбін 300 грамм қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Ол бір күндік тұнба. Астан 20 - 40 минут бұрын 100 грамын ішу керек.
Шайшөптің 3 ас қасығын 2 стакан суда 5 минут қайнатып, аздап суыған соң ауырған, сыздаған буындарға жағ, ып, компресс істеуге де болады.
Бұл ресейдегі биология ғылымдарының докторы, фитотерапевт Валерий - Мелик Гусейновтың емделушілеріне ұсынатын рецепттері екен. Доктор мұны дәрігер ұсынған емге қосымша қолдануды ескерткен. Осыны ұмытпаңыз.

Қан қысымы төмендегенде Қан қысымы төмендегенде
Итмұрын, шетен, қара қарақат, тау алшасы жемістерін кептіріп, соның әрқайсысынан 2 ас қасықтан алып ұнтақтайды. Осы қосындыны 2 литр қайнаған суға
Бауырды сауықтыратын тәсілдер Бауырды сауықтыратын тәсілдер
Бауырға күтім жасау өте маңызды мәселе. Себебі бүгінгі күні бауыр ауруларының тым жасарып бара жатқанын айтып, дәрігерлер дабыл қағып отыр.
Бүйректегі құмды қууға көмектеседі Бүйректегі құмды қууға көмектеседі
Бүйректегі құмды халықтық ем тәсілдерімен шайып кетіруге болады. Ол үшін алдымен ультрадыбыстық зерттеуден өтіп, бүйректе тастың бар - жоғына көз
Буындағы тұзды тазартуға болады Буындағы тұзды тазартуға болады
Жасы ұлғая келе көп адамдарда буынға, бүйрекке, өтке тұз бен тас қиыршықтары жинала бастайды. Тұз буындарға да жиналады. Одан табиғи жолмен
Халық емі: Анар қабығының таңғажайып қасиеттері Халық емі: Анар қабығының таңғажайып қасиеттері
Қысқы жемістердің қыстағы кеселдерге қарсы күресетін қауқары бар. Мысалы, анар. Оның қабығына дейін қолдануға болады екен. Жүрек ырғағының бұзылуы: 2
Геморройға дауасы бар Геморройға дауасы бар
1. Уатылған қалақай (крапива) жапырағы мен итшомырт (крушина) қабығынан 2 ас қасығын ыдысқа салып, үстінен 0, 5 литр қайнаған су құяды. Баяу жанған
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×