ойын сауық отауы
Башпайдағы томпақ сүйекті жою оңай
11.10.2023 490 0 Admin

Башпайдағы томпақ сүйекті жою оңай

Денсаулық
Башпайдағы томпақ сүйекті жою оңай
Кей әйелдерде аяқтағы бірінші башпай тұсында томпайған өсіңкі сүйек болады. Ол аяқ киім кигенде, жүргенде ауырып, мазаны алады. Ол көбіне тұқым қуалау жолымен беріледі, сондай - ақ ревматизм, майтабандық, тар аяқ киім кию, дұрыс тамақтанбау себептерінен де болады. Оны емдеу үшін ортопедтер аяқ киімге үнемі киіп жүретін коррекциялық ұлтарақ салады, ал тіпті асқынған жағдайда оны хирургиялық тәсілмен кесуге тура келеді.
Сондай - ақ мұндай сүйектен арылудың халықтық тәсілдері де бар. Олар мынадай:
1. Біріншіден, ағзаны артық тұздан арылу керек. Ол үшін мынадай рецептпен дәрмек жасау керек: Ыдысқа 1 ас қасық уатылған лавр жапырағын салып, үстінен 300 миллилитр су құяды, оны қайнатып, 5 минут пісіреді. Сосын тұнбасын термосқа құйып, таңға дейін қояды. Таңертең сүзіп алып, күні бойы аз - аздан ішіп жүру керек. (Яғни бірден сіміріп салуға болмайды).
Жаңа тұнбаны күн сайын кешке әзірлеу керек, 3 күн бойы ішіп тұру қажет. Арасында бір апта үзіліс жасап, тағы да қайталаған дұрыс.
2. 5 дана ірі лавр жапырағын ыдысқа салып, үстінен 100 миллилир арақ құйып, бір аптаға қояды. Оны анда - санда қозғап, шайқап тұру керек. Дайын болған дәрмекпен шығыңқы сүйек үстін майлап - сипайды. Емді 2 аайдай уақыт қолдану қажет.
3. Аяқты сода қосылған ыстық суда (3 литр суға – 1 ас қасық сода) булау қажет. Сосын ұйқыға жатарда сүйек үстіне әлгіндей суға малынған дәкеден компресс жасайды. Сыртынан шұлық киген дұрыс.
4. 10 миллилитр йодқа 5 түйір аспиринді езеді. Мұндай дәрмекпен өскін сүйектің ғана емес, тізе, шынтақ, тағы басқа буындардағы проблемалық тұстарды майлап - сылаған дұрыс.
Өскін - сүйектің ауырсынуын йод торы (сетка) да басады. Бір ай бойы ұйқыға жатарда буланған аяқ сүйегінің үстіне йод торын сызып жүрген дұрыс.
5. Лимон шырыны мен йодты тең дәрежеде араластырып, өсіңкі сүйек үстіне жағып жүрген адам одан ғаа емес, өкше теппесінен де (пяточная шпора) арыла алады.
... Мұндай дәрмектерді асқазан, аш ішек жарасы бар, іш қатуына бейім, қант диабетінің ауыр түрімен ауыратын адамдар абайлап қолдануы тиіс. Дәрігермен кеңесіп алған абзал.

Жүйкеңіз жұқарса, жасап көріңіз Жүйкеңіз жұқарса, жасап көріңіз
Жаздың аптап ыстығында себепсіз шаршау, болдыру, жүйкенің қажуы жасы ұлғайған адам түгілі, жастарда да кездесетін жайт. Оған қарсы мынадай төрт
Бүйректегі құмды қууға көмектеседі Бүйректегі құмды қууға көмектеседі
Бүйректегі құмды халықтық ем тәсілдерімен шайып кетіруге болады. Ол үшін алдымен ультрадыбыстық зерттеуден өтіп, бүйректе тастың бар - жоғына көз
Жүйкеңіз жұқарса жасап көріңіз Жүйкеңіз жұқарса жасап көріңіз
Жаздың аптап ыстығында себепсіз шаршау, болдыру, жүйкенің қажуы жасы ұлғайған адам түгілі, жастарда да кездесетін жайт. Оған қарсы мынадай төрт
Әрі гипертонияға, әрі аденомаға ем Әрі гипертонияға, әрі аденомаға ем
2 уыс пияздың қабығын жақсылап жуып, эмаль ыдысқа салып, оның үстіне 700 миллилитр ыстық су құяды. Оны баяу отта 5 минут қайнатады.
Халық емі: Артық салмақтан құтқарады Халық емі: Артық салмақтан құтқарады
Адамды артық салмақ мазаласа төмендегі ем-шараларын жасап көруге болады. Ағзаны артық майдан, сонымен қатар артық салмақтан табиғи жолмен құтқаратын
Геморройға дауасы бар Геморройға дауасы бар
1. Уатылған қалақай (крапива) жапырағы мен итшомырт (крушина) қабығынан 2 ас қасығын ыдысқа салып, үстінен 0, 5 литр қайнаған су құяды. Баяу жанған
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×