ойын сауық отауы
Мақтаулы бес рецепт
27.11.2023 430 0 Admin

Мақтаулы бес рецепт

Денсаулық
Мақтаулы бес рецепт
Кейде адамның шаршауы еш басылмай, ештеңе істемесе де діңкелеп, өз - өзінен қажып отыратын кезі болады. Мұндай созылмалы шаршау синдромын елеусіз қалдырмай, ағзаға көмек беру керек. Осыған қатысты мақтаулы мына 5 рецепті ұсынбақпыз:
1. Грек жаңғағы, бал мен лимоннан ағзаға қуат беретін қоспа әзірлеңіз: 1 стакан жаңғақ дәнін аздап ұнтақтаңыз. Ал лимонды қабығымен еттертқыштан өткізіңіз. Одан да 1 стакан керек. Бұл екеуіне 1 стакан бал қосады. Бәрін жақсылап араластырып, қоңырлау түсті шыны ыдыспен тоңазытқышта сақтаған дұрыс. Оны күніне 3 рет, 1 ас қасықтан, 2 апта бойы астан жарты сағат бұрын (немесе кейін) қабылдау керек.
2. Қазір қыс ауасы болса да жүзім табу аса қиын шаруа емес. Күнде таңертең және кешке ас алдында 2 - 3 ас қасық жүзімнің жаңа алынған шырынын ішіп жүрсеңіз, өзіңізді тәуір сезінеріңіз хақ. Мұны кемі 2 апта ішеді, одан әрі де қалағаныңызша жалғастыра беруге болады.
3. Қарағай қылқаны табылса тіпті керемет. Оны жуып, жылы «духовкада» 15 минут кептіріп алу керек. Матадан тігілген қалтаға салып сақтаған жөн. Оның 2 ас қасығын сәл уақтап, 200 мл. су құйып, өте баяу отта 30 минут қайнатады. Оған 3 ас қасық бал қосып, 1 сағат жылы орап қою керек. Дайын болған тұнбаны 10 күн бойы ұйқы алдында 1 ас қасықтан ішіп жүрсеңіз жағдайыңыз жақсарып қалады.
4. Созылмалы шаршауды басып, сергек жүруге көмектесетін үздік бес рецептің бірі түймедақ (ромашка) қосылған сүт деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Ол үшін 200 мл. сүтке жарты ас қасық түймедақ (дәріханадан аласыз) қосып, 2 минуттай қайнатасыз. Аздап суыған соң 1 ас қасық бал қосып, жақсылап араластырасыз. Сосын сүзіп алып, ұйқы алдында ішесіз. Мұны 15 күн жасау керек.
5. Сергек жүру және иммунитетті көтеруде асқабақ дәнінен жасалған қоспа да жақсы көмектеседі. Жасалу жолы оңай: жарты стакан қабығынан аршылған асқабақ дәніне осынша сұйық бал қосып, жақсылап араластырыңыз. Оған 2 ас қасық коньяк қосады. Мұны күнде ұйқы алдында 1 ас қасықтан жейді.

Ми тамырын тазартуға болады Ми тамырын тазартуға болады
Біз төменде ұсынып отырған тәсілдер ми тамырларын тазартумен қатар, остеохондроз, бастың үздіксіз ауыруы, атеросклероздан айығуға да көмектеседі.
Жүйкеңіз жұқарса, жасап көріңіз Жүйкеңіз жұқарса, жасап көріңіз
Жаздың аптап ыстығында себепсіз шаршау, болдыру, жүйкенің қажуы жасы ұлғайған адам түгілі, жастарда да кездесетін жайт. Оған қарсы мынадай төрт
Жүйкеңіз жұқарса жасап көріңіз Жүйкеңіз жұқарса жасап көріңіз
Жаздың аптап ыстығында себепсіз шаршау, болдыру, жүйкенің қажуы жасы ұлғайған адам түгілі, жастарда да кездесетін жайт. Оған қарсы мынадай төрт
Өкпе қабынғанда Өкпе қабынғанда
6 ақ шикі жұмыртқаны жуып, қабығымен бірге қоңыр шыны ыдысқа салу керек. Оның үстіне орташа 10 лимон шырынын құяды. Содан соң ыдыстың аузын дәкемен
Геморройға дауасы бар Геморройға дауасы бар
1. Уатылған қалақай (крапива) жапырағы мен итшомырт (крушина) қабығынан 2 ас қасығын ыдысқа салып, үстінен 0, 5 литр қайнаған су құяды. Баяу жанған
Жаңғақтың жүрекке жәрдемі бар Жаңғақтың жүрекке жәрдемі бар
Жаңғақтың адам денсулығына пайдасы көп. Сондықтан оны емге пайдалануға болады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×