ойын сауық отауы
Жөтелді тез кетіргіңіз келе ме?
25.09.2024 117 0 Admin

Жөтелді тез кетіргіңіз келе ме?

Денсаулық
Жөтелді тез кетіргіңіз келе ме?
Суықтап, тұмауратып ауырған кезде қолданылатын халықтық ем әдістері көп. Солардың бірқатары мынадай:
1. Бал қосылған ыстық су. Ыдыстағы 150 грамм балға (3 ас қасық) 150 грамм құмшекер, 1 литр су қосып, 20 минут орташа жанған отта қайнатады. Көбігін алып тұру керек. Сосын оған 8 - 10 дана қалампыр, 1 шай қасық уатылған даршын, 1 - 2 лавр жапырағын қосып, бір ретте 0, 5 литрден, ыстықтай ішу керек.
2. Орташа 15 - 18 пияз қабығының үстінен 1 литрмұздай су құйып, қайнатып алу керек. Баяу отта ұстай отырып, судың жартысы жоғалғанша ұстайды. Сосын толық суытып, сүзіп алады. Бал қосып, күніне 4 - 5 мәрте, екі ас қасықтан ішіп тұру керек. Жөтелге, созылмалы бронхитке шипалы.
3. Бронхит бастала салысымен емдеуге кірісу керек. Мұндайда жолжелкен (подорожник) пайдалы. Қақырық түсіреді. Оның 20 грамын 200 миллилитр қайнаған суға салып, 2 сағат тұндырады. Осыны күніне 3 - 4 мәрте, 1 ас қасықтан ішіп тұру керек.
4. Жөтел, мұрын бітуі, тамақ ауыруы басталған кезде 5 тамшы йод қосылған 0, 5 стакан қайнаған жылысу ішкен дұрыс. Сосын бір түйір сарымсақты асықпай шайнаса көмектеседі.
5. Шикі картоп та шипалы. 3 данасын 4 - тен бөліп, үстіне 10 түйір қара бұрыш, укроп дәнін, 5 лавр жапырағын, су қосып, кастрюльде қайнату керек. Тұз қоспай, суын ішіп, картопты жесе, суықты алады.

Қан қысымы төмендегенде Қан қысымы төмендегенде
Итмұрын, шетен, қара қарақат, тау алшасы жемістерін кептіріп, соның әрқайсысынан 2 ас қасықтан алып ұнтақтайды. Осы қосындыны 2 литр қайнаған суға
Қышаны емге қолдану жолдары Қышаны емге қолдану жолдары
Қышаны (горчица) тағамның дәмін келтіруге, тәбет ашу үшін қолданатыны белгілі. Сондай - ақ ол халық медицинасында да кеңінен қолданылады.
Бүйректегі құмды қууға көмектеседі Бүйректегі құмды қууға көмектеседі
Бүйректегі құмды халықтық ем тәсілдерімен шайып кетіруге болады. Ол үшін алдымен ультрадыбыстық зерттеуден өтіп, бүйректе тастың бар - жоғына көз
Әрі гипертонияға, әрі аденомаға ем Әрі гипертонияға, әрі аденомаға ем
2 уыс пияздың қабығын жақсылап жуып, эмаль ыдысқа салып, оның үстіне 700 миллилитр ыстық су құяды. Оны баяу отта 5 минут қайнатады.
Өкпе қабынғанда Өкпе қабынғанда
6 ақ шикі жұмыртқаны жуып, қабығымен бірге қоңыр шыны ыдысқа салу керек. Оның үстіне орташа 10 лимон шырынын құяды. Содан соң ыдыстың аузын дәкемен
Геморройға дауасы бар Геморройға дауасы бар
1. Уатылған қалақай (крапива) жапырағы мен итшомырт (крушина) қабығынан 2 ас қасығын ыдысқа салып, үстінен 0, 5 литр қайнаған су құяды. Баяу жанған
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×