Айран арқылы да иммунитетті көтеруге болады
Денсаулық
Айран арқылы да иммунитетті көтеруге болады
1. Айранға араластырған дәмдеуіш: 200 мл. айранға бір шымшым мөлшерде ұнтақталған зімбір және ұнтақталған даршын (корица) қосыңыз. Оған осынша қызыл бұрыш араластырыңыз. Енді осыған 2 ас қасық минералды су (мысалы, боржоми) қосып, күніне 1 рет – таңертең немесе кешке ішіп жүрсеңіз асқазан - ішектер таза, өт бөлінуі тәуір және иммунитетіңіз мықты болады.
2. Бал қосылған зімбір: 1 ас қасық ұнтақталған зімбір мен осынша балды 2 ас қасық қайнаған суға араластырыңыз. Оған бір шымшым даршын мен бір тілім лимон қосыңыз. Осының бәрін 200 мл. айранмен араластыру керек. Мұны таңғы ас орнына, мысалы, тәтті бәліш не тоқашпен қосып ішуге болады.
3. Алма аралас айран: бұл керемет сусын тәбетті төмендетуге жарамды және таңғы ас немесе кешкі асты алмастыра алады. 5 орташа алманы қабығын аршып, үккіштен өткізіңіз. Оған 300 мл. майсыз айран араластырады. Дәміне қарай даршын қосып ішіңіз.
4. Емдік коктейль: айранның артық салмақтан арылуға көмектесетін де ерекшелігі бар. Ол үшін мынадай коктейль әзірлеуге болады: 0, 5 литр айранға 1 шай қасық зімбір, аздап бал және бір шымшым даршын қосыңыз. Жақсылап араластыру керек. Коктейль ішек микрофлорасына қолайлы. Егер сіз бұл сусынды күніне 3 рет 1 стаканнан ішіп жүрсеңіз және майлы, жоғары калориялы тағамдардан бас тартсаңыз, бір апта ішінде 2 - ден 4 килоға дейін артық салмақ тастай аласыз. Әрине, нәтижелі болу үшін спортпен шұғылдану, тым болмағанда жаттығу жасау керек.
5. Артық майдан арылу: 10 күн бойы таңертең ашқарынға және кешке ақжелкен (петрушка) қосылған айран ішіңіз. Айран қосылған стаканға 1 ас қасық туралған ақжелкен мен бір шымшым ұнтақталған даршын қосып, оны 1 сағатқа қалдырыңыз. Сосын жақсылап қозғап, асықпай ішу керек. Бұл күндері диетологтар көкөніс диетасын ұстануға және көп сұйықтық (су, жасыл шай) ішуге кеңес береді.
6. Шырғанақ пен айран: бұл ағзаны жасартатын, ішектерді тазалап, иммунитетті нығайтатын витаминге бай коктейль. Оны әзірлеу үшін 200 грамм шырғанақ (облепиха) жидектері, 250 мл. айран, 1 - 1, 5 ас қасық бал керек. Шырғанақ жидектерін ұнтақтап, ұсақ електен өткізіңіз. Дәміне қарай бал қосып, ақырын араластырыңыз. Сосын оны айранға қосып, біркелкі болғанша тағы да мұқият қозғау керек. Оған қалауыңызша жалбыз, жаңғақ ұнтақтарын, жидектер немесе даршын қосуға болады. Мұны ұзақ сақтауға болмайды, әзірлеген соң 1 сағатқа жеткізбей ішіп қою керек.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Халық емі: Ағзаны тазартатын сусындар
Салауатты өмір салтын бастау үшін уақыт немесе мезгіл таңдаудың керегі жоқ. Бастысы – сіздің ниетіңіз
Халық емі: Имунитетті көтерудің төте жолы
Лимон, зімбір (имбирь), сарымсақты тең мөлшерде алып, еттурағыштан өткізіңіз. Бәрін араластырып, банкаға салып, тоңазытқышта сақтайсыз. Осыны шай
Халық емі: Анар қабығының таңғажайып қасиеттері
Қысқы жемістердің қыстағы кеселдерге қарсы күресетін қауқары бар. Мысалы, анар. Оның қабығына дейін қолдануға болады екен. Жүрек ырғағының бұзылуы: 2
Бал мен банан оралған құймақ
Үлкенірек ыдысқа сүтті құйып үстіне жұмыртқа, йогурт, шекер, тұз, ұн, көпсіткіш, ванильді қант барлығын қосып араластырыңыз.
Жиырма жылға жасартатын эликсир
Жан да, тән де, ағза да 45 жаста 25 - тегідей, ал 50 - де 30 - дағыдай көріну, ағзаның жастық шағын ұзақ сақтауға болады. Оның жолы мынадай:
Ми тамырын тазартуға болады
Біз төменде ұсынып отырған тәсілдер ми тамырларын тазартумен қатар, остеохондроз, бастың үздіксіз ауыруы, атеросклероздан айығуға да көмектеседі.