ойын сауық отауы
Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат Қожа Ахмет Йассауи
03.04.2023 362 0 Admin

Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат Қожа Ахмет Йассауи

Дін
Бабадан қалған асыл сөз
Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат Қожа Ахмет Йассауи (1093 - 1166 ж. ж.)
ХІІ ғасырда Түркістан маңындағы Сайрам жерінде дүниеге келген. Халқымыздың байырғы мәдениеті тарихындағы айрықша тұлға, сопылық поэзияның негізін салған кемеңгер ақын, күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған діни қайраткер. Түркі тілінде жазылған ХІІ ғ. әйгілі әдеби дәдігер «Диуани Хикметтің» авторы. Өкінішке қарай, бұл туындының түпнұсқасы сақталмаған, біздің заманымызға дейін жеткені XV - XVI ғ. ғ. көшірмесі ғана.
Қожа ахмет Йассауи 63 жасында: «Пайғамбар жасына жеттім. Маған одан артықтың қажеті жоқ» деп, қалған өмірін қылуетте, яғни жер астында өткізген. Бізге жеткен бірегей шығармасы «Диуани Хикметте» қазақ халқының ертедегі тарихына, мәдениеті мен экономикасына қатысты құнды деректер бар. Бұл шығарма алғаш рет жеке кітап ретінде 1878 жылы басылып шықты.
Тарихи деректер бойынша, XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір Түркістанда жерленген Қожа Ахмет Йассауи әзіретінің басына күмбез орнаттырған. Бүгінде бұл кесене дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген.
Халқыңа қызмет ет,

Ізгілерге ізет ет,
Жаны жақсы жайсаңдарға құрмет ет.
* * *
Пасық сөзден тұла бойға бойға шаншылар мұң.
* * *
Өсіп - өну абат үшін.
* * *
Ниетсіз, құлықсыз, құштарлықсыз, қиналыссыз сөздің салмағы жоқ.
* * *
Көңілің тойсын қанағатқа.
* * *
Бейнеттен қашпа.
* * *
Қиын да болса, түзу жолмен жүр.
* * *
Тақуа болма, тентек болма – ғашық бол.
* * *
Құр мақтанға құмартып, тұрғызба биік күмбездер.
* * *
Тәубесі жоқтың – көңілі арам.
* * *
Тәубесі бардың – нұры бар.
* * *
Жаны сергектің – тәні сергек.
* * *
Өткендердің ғибрат ісін ал ойға.
* * *
Тәкаппар тозақта күйеді.
* * *
Білімнен бейхабарлар Алланы да білмейді.
* * *
Парықсыздар өздері жақсы - жаманның не екенін білмей жатып, мәнсіз біреулерді жер - көккке сыйғызбай мақтайды.
* * *
Арам жеген әкімдер, параға құныққандар өкініш отына өртенеді.
* * *
Жетім, пақыр, ғаріпті жебей жүргейсің: бұл пайғамбарымыздың өнегесі.
* * *
Ақ ниетімен ақ - адал дәмін ұсынғандарға ақ пейілді бол.
* * *
Асылдарды әрқашан жадыңда ұста.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат Жүсіп Баласағұн Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат Жүсіп Баласағұн
Толық аты Жүсіп Хас - Хажыб. Шу бойындағы ескі қаланың бірі – Баласағұнда туған. ХІ ғ. 70 - ж. дейін өмір сүріп, есімі күллі Шығыс елдеріне мәшһүр
Бабадан қалған асыл сөз: Көнеден жеткен өсиет Бабадан қалған асыл сөз: Көнеден жеткен өсиет
«Ақыл иесі, сөз иесі мен болдым» деп ашығын айтқан Түрік қағанаты тарихындағы бірегей тұлға Тоныкөк (Тоныұқық) тапқыр да шешен сөзімен, ер жүрек
Әулиенің басына кісі жерлеу Әулиенің басына кісі жерлеу
Түркі даласында Қожа Ахмет Яссауиден басталған «әулиеден шарапат тілеу культі» көшпелі қазақтардың кісі жерлеу ғұрпына да өзгеріс әкелді.
Ата-ана перзентінің тағын жасап берсе де, бағын жасап бере алмайды. Ата-ана перзентінің тағын жасап берсе де, бағын
Ата-ана перзентінің тағын жасап берсе де, бағын жасап бере алмайды. (Халық даналығы)
Гаухар ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Гаухар ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Тарихи деректер бойынша, Гаухар ана – Қожа Ахмет Иассауидің қызы. Гаухар – ана бейіті тарихи архитектуралық құнды ескерткіштердің бірі, қазіргі
Қарашаш ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Қарашаш ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Қарашаш ананың шын аты – Айша бибі. Ол шейх Мұсаның қызы, Қожа Ахмет Иассауидің анасы болған. Айша бибі өзінің қарапайымдылығымен, сыпайылығымен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×