ойын сауық отауы
Мағаз...... Мышырбай
01.08.2015 5 767 0 Admin

Мағаз...... Мышырбай

Есімдер сыры
Мағаз...... Мышырбай
МАҒАЗ - араб тілінен алынған ма’азза — махаббат, сүйіспеншілік. Яғни қымбатты, сүйікті.
МАҒАУИЯ - араб тілінен - сау - саламат; құтылған.
МАҒЗҰМ – араб тілінен алынған ма’сум — талған; шақырылған; қонақ, мейман.
МАҒРУФ - араб тілінен алынған магруф — жалпыға мәлім; қолдау тапқан, жөні түзу; жәрдем беру, қайырым жасау.
МАЙДАН - араб тілінен алынған мейдан — ашық алаң, соғыс алаңы; майдан. Бұл есім Ұлы Отан соғысы кезінде туған балаларға қойылған.
МАЙЛЫ - күйлі, қуатты, әлді.
МАҚАБЫЛ - араб тілінен — қабылданған, қолдайтын; қолдануға толық болатын.
МАҚСАТ - араб тілінен — арман, тілек; тілеп, күтіп алған. түрлері — Мақсұт, Мақсұтбай.
МАҚСҰМ - араб тілінен алынған Махдум — мырза, қожайын.
МАЛБАЙ - малға, дүниеге бай болсын деген тілекпен қойылған. Түрлері — Малбек, Малдыбай.
МАЛЖАН - малды, жалпы байлықты жақсы көретін жан.
МАМАН - қолынан іс келетін, өнерлі, шебер; маман адам.
МАМАСАДЫҚ - араб тілінен — әділдік.
МАМАТ - МАМЫТ - араб тілінен - мақтауға, алғысқа лайық.
МАМЫР - ескіше көктемдегі ай аты.
МАНАН - араб тілінен алынған мәннан — қайырымды, марқабатты; жомарт.
МАНАП - араб тілінен — орынбасар орнын басу; феодалдық - рулық қоғам кезіндегі атақ; төре ақсүйек.
МАНАР - араб тілінен алынған мәнар жарық шығатын жер (белгі, қараушы); маяк. Біріккен тұлғалы есім — Манарбек. Синонимдері — Шырақбек, Жарықбек.
МАНАСБАЙ - қырғыз тілінен манас - ер - жүрек + қазақ сөзі бай. Бұл қырғыздың эпостық батырының есімі.
МАНСҰР – араб тілінен — жеңімпаз, жеңіске жетуші; құдіретті.
МАРАБАЙ - иран тілінен алынған мара - белгі үшін қойылған көмбе, сөре + қазақтың сөзі бай; яғни бала әрқашан да өз қатарының алды бол, озып жүрсін деген тілекпен қойылғаны байқалады.
МАРАЛБАЙ - маралға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
МАРАТ – француз халқынан келген есім. Француз буржуазиялық революциясы қолбасшыларының бірі Жан - Поль Марат (1747 — 1793) құрметіне Қазақ отбасына 1930 жылдан бері кеңінен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Маратбек.
МАРДАН – тәжік тілінен - мард — ер, еркек, батыл, ер жүрек.
МАРҚАЙ - есей, ержет, үлкен боп өс.
МАРЛЕН - жаңа есім - Маркс және Ленин фамилияларының бірінші буындарынан жасалған біріккен тұлғалы есім.
МАРХАБАТ - араб тілінен алынған марқамат — жақсылық, қайырымдылық, мейірімділік.
МАСҚҰТ - араб тілінен алынған масһуд — бақытты, ырысты.
МАУСЫМБАЙ - араб тілінен алынған маусум — уақыт, шақ, жиын - терін айы.
МАХАМБЕТ, МУХАМБЕТ - Мохаммед — мақталған, мадақталған, мақтауға лайық, сүйікті. Еркелете қысқартып айту тұлғалары — Мақан, Мақанжан.
МАХМЕТ - араб тілінен алынған маһмеде — мақтауға лайық іс, мақтарлық қасиет, қылық.
МАХМУТ - араб тілінен алынған мақмод — мақталған, мақтауға лайық, мақтаулы.
МАХУ, МАХЫ - иран тілінен алынған мах - ай, айлы, ай жүзді, ай жарығы.
МАШАБАЙ - көне түркі тілінен мәшә — емен. Демек, бала өмірлі, мықты болсын деген тілекпен қойылған.
МАШРАП - араб тілінен алынған мәшраб — мінез - құлық, іс - әрекет.
МӘДЕЛ – монғол тілінен — сана, ой, ақыл.
МӘДИ - араб тілінен алынған мадди — заттық, материалдық; материалистік, материалист.
МӘДИТ - араб тілінен алынған мәдидь — ұзақ, ұзын, кең.
МӘДХАН - араб тілінен алынған мадһ — мадақтау, дәріптеу + хан.
МӘДХАТ - араб тілінен алынған мадһэд — мадақтауға, дәріптеуге лайық. Біріккен тұлғалы есімдер — Мәтжан, Мәтқасым, Мәтхалық.
МӘЖҒҰЛ – тәжік тілінен алынған – Мәвджигул, Мавджи — жайнаған, құлпырған, жарқыраған гүл.
МӘЖЕН - араб тілінен алынған — маджин — ұялмайтын, жасқанбайтын.
МӘЖИТ - араб тілінен алынған мажид — атақты; даңкты; мақтаулы.
МӘЛІК - араб тілінен алынған малик — патша; билеуші.
МӘЛІКАЙДАР - араб тілінен - арыстай күшті, мықты патша.
МӘЛІМ - араб тілінен - белгілі, атақты.
МӘМБЕТ - иран тілінен - Моммед - жәрдем етуші; жәрдемші, көмекші. Түрі — Мәмет.
МӘСІМБАЙ - араб тілінен алынған ма’сум - сақталған; шақырылған; қонақ, мейман + қазақ сөзі бай. Синонимі - Қонақбай.
МӘТЖАН - араб тілінен - мақтау, дәріптеу + иран тілінен алынған жан (джон). Мақтаулы адам.
МӘТКӘРІМ - араб тілінен - мақтауға тұратын адам, қолы ашық жомарт.
МӘТҚАСЫМ - араб тілінен - мақтауға тұратын көркем, сұлу.
МӘТХАЛЫҚ - араб тілінен - халық мақтаған, халық қолдаған.
МӘТІБӘЛІ - араб тілінен алынған мадһ — уәли. Мақтауға лайық Уәли.
МӘТІБИ - араб тілінен - би, қожа; беделді, күшті, үстем.
МӘУЛЕН - араб тілінен алынған мевлан - мырза, әкім; жарылқағыш, есіркегіш.
МӘШҺҮР - араб тілінен — көпке белгілі, атақты, даңқы шыққан.
МЕДЕТ - араб тілінен алынған медәд - жәрдем, көмек. Біріккен тұлғалы есімдер - Медетбай, Медетбек.
МЕДЕТНАР - араб тілінен алынған медед + қазақ сөзі нар — бір өркешті үлек түйе, яғни нар тәрізді демеуші, күшті, сенімді.
МЕДЕТХАН - медет + қазақ сөзі хан, яғни ханның жәрдемшісі, демеушісі.
МЕДЕУ - араб тілінен алынған мәдәд — үміт, тірек.
МЕДХАТ - араб тілінен алынған — медхад — мақтау, мадақтау.
МЕЙМАН - араб тілінен алынған мәһман — қонақ.
МЕЙРАМ - мереке. Бала өмірі шат - шадыман, мерекеге толы болсын деген тілекпен қойылғаны байқалады.
МЕЙІР - иран тілінен алынған меһр — мейірім, ынта, ықылас, қайырым.
МЕЙІРБЕК - аса мейірлі, мейірбанды.
МЕЙІРМАН - мейірімді, шафағатты, қайырымды адам.
МЕКЕМТАС - араб тілінен алынған мехкәм — берік, мықты, нық + қазақ сөзі тас. Бала өмірі тастай қатты, мықты, өмірі ұзақ болсын деп қойылған есім.
МЕҢ - адам денесіндегі қал. Біріккен тұлғалы ер (әйел) есімдері құрамында жиі қолданылатын сөз. Бұрынғы кезде бала бақытты болады деген сеніммен мең сөзін бала есіміне қосып отырған. Негізінде Мең, Меңлі сөздері сұлу, әдемі, көркем деген мағыналарда жұмсалған. Біріккен тұлғалы есімдер — Меңлібай, Меңгерей, Меңсұяу.
МЕҢДІБАЙ - денесінде меңі көп, яғни бақытты адам. Еркелете қысқартып айту тұлғасы — Меңдеш.
МЕҢДАХМЕТ, МЕҢЛІАХМЕТ - бақытты Ахмет.
МЕРГЕН – қазақтың сөзінен нысанаға дәл тигізетін атқыш. Біріккен тұлғалы есім — Мергенбай.
МЕРЕЙ - бақыт, қуаныш. Біріккен тұлғалы есім — Мерейбек.
МЕРЕКЕ - мейрам, салтанат.
МИЗАМ - араб тілінен алынған - қыркүйек айына сәйкес келетін ай аты. Осы айда туған балаға қойылған есім.
МИРАС - араб тілінен алынған - мұра, артта қалатын кез, тұяқ.
МИРҒАЛИ - иран тілінен алынған мир - араб тіліндегі әмір сөзінің өзгерген тұрі. Бұл сөз «әкім, билеуші, бастық» деген мағынаны білдіреді.
МИРОН - грек тілінен - бейбітшілік, тыныштық сүйгіш.
МЫРХАЙДАР - арыстандай айбатты әмір, әкім, бастық.
МИЯТ - корғаныш, тірек, қуат. Біріккен тұлғалы есім — Миятжан.
МОЛБАЙ - араб тілінен алынған - өте бай. Синонимі — Көпбай.
МОЛДАБАЙ - араб тіліндегі мавло - мырза, хожа, сөзінің өзгерген түрі. Тәжік тілінде білімді, сауатты деген мағынағада ие. Сауатты, білімді болсын деген мақсатта қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Молдажан, Молдахан, Молдабек.
МОЛДАН – қазақтың сөзі мол — көп + дан қосымша. Яғни бала көпшіл, қауымшыл, өмірі ұзақ болсын деген тілекпен қойылған есім. Молдабай, Молдахмет сияқты біріккен есімдердің еркелете айту түрі.
МОМБЕК – иран тілінен алынған мом — балауыз + қазақ сөзі бек. Синонимдері — Жарық, Жарықбек.
МОМЫНӘЛІ - қазақ тілінен алынған жуас + араб тілінен алынған әли. Өте жуас, жұмсақ, биязы адам. Еркелете айту түрі — Момыш.
МОЯЗ - араб тілінен алынған муяссар — өте бай, әлді.
МӨҢКЕ - алтай тілінен алынған моньку — мәңгі, моңғол тілінен алынған мөңгө — күміс, ақша. Ақшалы болсын деген мағынада.
МҰЗАФАР - араб тілінен алынған музаффар — жеңімпаз. Түрі — Мұзапар.
МҰҚА - көне түркі тілінен келген зор, күшті, үлкен, батыр.
МҰҚАҒАЛИ - көне түркі тілінен муқа + араб тілінен алынған ғали; аса күшті, зор батыр.
МҰҚАДІЛ - араб тілінен — тең, бірдей; тең бағалы.
МҰҚАЛИ – араб тілінен алынған мохали — жоғары, көтеріңкі.
МҰҚАМӘДИ, МҰХАМӘДИ - араб тілінен алынған — Мұхамбеттің жолын қуушы; мақтауға лайық.
МҰҚАМБЕТ, МҰҚАМЕТ - араб тілінен алынған Мохаммад — даңқы шыққан, атақты, мақталған. Біріккен тұлғалы есімдер — Мұқамбетбай, Мұқамбетбек, Мұқамбетғали, Мұқамбеткәрім, Мұқамбетназар, Мұқамбетқожа, қысқарта еркелетіп айту түрлері — Мұқатай, Мұқан, Мұқай, Мұқаш, Мұқыш, Мәмет, Мамай және т. б.
МҰХАМБЕТӘЗІЗ - араб тілінен алынған - құрметті, құдіретті.
МҰХАМЕДИЯР - араб тілінен - Мұқамбеттің досы. Қысқартылған түрі - Мадияр.
МҰХАМБЕТЖАН - араб тілінен - Мұқамбеттің жаны.
МҰҚЫМ - араб тілінен алынған - муким - тұрақты, табанды, тиянақты, берік, ұзақ жасайтын.
МҰРАБАЙ - мұраға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
МҰРАТ - араб тілінен алынған — мурад - мақсат, тілек, ықылас. Біріккен тұлғалы есімдер — Мұратбай, Мұратбек, Мұратәлі, Мұратберді, Мұратғали, Мұратқожа, Мұратқан, Мұратжан және т. б.
МҰРАТБАЙ - (қараңыз: Баймұрат).
МҰСА - араб тілінен алынған Муса — көне еврей тілінен — Моисей — судан шығарып алынған. Біріккен тұлғалы есімдер — Мұсабай, Мұсабек, Мұсағали, Мұсажан, Мұсахан, Мұсатай.
МҰСТАФА - араб тілінен алынған Мустафа — таңдалғай, сайлап алынған.
МҰСТАХИБ - араб тілінен алынған мүстахиф — сүйікті; қалаулы; мақтаулы; қымбатты.
МҰХИТ - араб тілінен алынған моһит — қоршаған; төңірек, айнала; Мұхит.
МҰХИТАН – тәжік тілінен алынған мохитобон — жарық ай.
МҰХТАР - араб тілінен алынған мухтар — тандаулы, іріктеулі.
МҮБӘРАК - араб тілінен алынған — мубарак — гүлденген, бақытты; қасиетті.
МҮРСЕЙІТ - араб тілінен алынған мүр, иран тілінен алынған мир, амир + араб тілінен алынған сейидь — мырза, әкім, құрметті, яғни құрметті мырза, әкім.
МҮСІРӘЛІ - араб тілінен алынған - дәулетті, бай.
МҮСІРЕП - араб тілінен алынған мусриф - ысырапқор, жомарт.
МҮТӘЛІП - араб тілінен - талап ету, сұрау.
МЫҒЫМ - мықты, берік. Біріккен тұлғалы есім — Мығымбай. Синонимі — Берікбай.
МЫҢБАЙ - баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім.
МЫРЗАХМЕТ - иран тілінен алынған мырза + араб тілінен алынған Ахмед. Қолы ашық жомарт, яғни Мырзахмет — жомарт Ахмет. Біріккен тұлғалы есімдер — Мырзабай, Мырзахан, Мырзамұрат, Мырзаболат, Мырзагелді, Мырзаберген, Мырзағұл, Мырзакәрім. Қысқарта еркелете айту түрлері — Мырзатай, Мырзаш.
МЫРЗАБАЙ - (қараңыз: Байызбай).
МЫРҚАСЫМ - иран тілінен алынған мыр + араб тілінен алынған хасым — сұлу, әдемі; яғни өте сұлу, әдемі, көркем мырза, әмір, әкім.
МЫШБАЙ - көне түркі тілінен миши — бұғы + бай. Яғни бала бұғыға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
МЫШЫРБАЙ - араб тілінен алынған муширь — ақылшы, кеңесші (ертеде Оттоман империясында мушир — генералдық атақ болған. Ол кезде бұл атақ армия қолбасшыларына және генерал - губернаторларға да берілген). Түрі – Мысыр.

Қыздардың есімдері мағынасымен Қыздардың есімдері мағынасымен
УӘЗИПА - араб тілінен алынған — таза, пәк; сұлу, көркем. УӘСИЛА - араб тілінен алынған вәсилә — көмек, жәрдем; шыдамды, төзімді, күтуші.
Сағида...... Сындыбала Сағида...... Сындыбала
САҒИДА - араб тілінен — бақытты, табысты болу, рахат өмір сүруші, ауқатты. САҒИРА - араб тілінен — тіл алғыш, құрметті, кіші, кішкене.
Өміргүл...... Өрзия, Пана...... Перизат, Рабия...... Рухия Өміргүл...... Өрзия, Пана...... Перизат,
ӨМІРГҮЛ - өмірдің қуанышы, жайнаған гүлі. ӨМІРШЕ - араб тілінен алынған — өмір бақи, мәңгілік. ӨНЕГЕ - үлгі, тәрбие.
Ерекше қыз есімдері мағынасымен Ерекше қыз есімдері мағынасымен
НАҒИЗА - иран тілінен — әдемі, сұлу, көркем. НАҒИМА - араб тілінен алынған нагімә — мейірімді, жарқын, инабатты; биязы, нәзік, жұмсақ.
Индира...... Ирада, Кабира...... Күнсұлу Индира...... Ирада, Кабира...... Күнсұлу
Индира...... Ирада ИНДИРА – үнді тілінен алынған — ай. ИРАДА - араб тілінен алынған — ерік, ықылас. Кабира...... Күнсұлу
Ғаббас...... Ғұмар, Латиф...... Лұқпан Ғаббас...... Ғұмар, Латиф...... Лұқпан
Ғаббас...... Ғұмар ҒАББАС - (қараңыз: Аббас). ҒАБДІҒАЗИЗ – араб тілінен - қадірлі, құрметті.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×