ойын сауық отауы
Тіл тарихы: Одақтасу және ыдырау
13.11.2022 600 0 Admin

Тіл тарихы: Одақтасу және ыдырау

Аңыздар
Тіл тарихы: Одақтасу және ыдырау
Алғашқы императордың бірыңғай жазуға айрықша мән беруі сол кездің өзінде тілде аймақтық айырмашылықтар болғанын дәлелдейді. Ол айырмашылықтар жазудан көрінген, бірақ оларды ауызекі тілден байқалған деп болжам жасауға әбден болады. Бұл, бір жағынан, саяси алауыздықтың салдары, өйткені әртүрлі топтар бір - бірімен жиі араласпаған. Араласып, біліспеген адамадрда бір - бірінің сөйлегенін есту мүмкіндігі қайдан болсын?!
Осы механизм терімшілер мен аңшылар арасында да көптеген тіл формасын туындатты, бірақ ол жағдайдағы тілдердің сөйлеушілері өте аз болатын. Қытайда олай болмағаны анық. Жазба тіл бірінші императордың заманынан бастап, одан кейін бірнеше мыңдаған жыл бойы өзгерген жоқ. Қытай мен Мысыр мысалдары саяси бірлік пен ортақ жазба тілдің тілдік қауымдарды бөлшектеуге бейім кұштерге қалай қарсы тұратытын көрсетеді. Бірақ ауызекі тіл өзгеріссіз тұра алмайды. Ол үнемі қозғалыста болады, тілдік өзгерістер әр жерде үлкен аумақтарды қамтиды. Жазуы бір болса да, ауызекі тілде болатын айырмашылықтар диалектіге айналады.
Стандарт жазба тілдің сыртындағы ауызекі сөйлеу туралы еш дерек болмағандықтан, біз Мысыр еліндегі диалектілер туралы ештеңе білмейміз. Қытай тілінің жағдайы басқаша. Өткен күндерден жеткен жазбалар көп емес, бірақ біз бүгінгі жағдайға қарап та қорытынды жасай аламыз. Бірыңғай қытай тілінде оқитын және жазатын үлкен кеңістікте адамадр бір - біріне түсініксіз бірнеше диалектіде сөйлейді, ал жергілікті нұсқалардың саны тіпті көп. Француз, португал, итальян, басқа да роман тілдері және олардың диалектілері латын тілінен бастау алғаны тәрізді, бұл ауызекі тілдердің бәрі ежелгі қытай тілінен бастау алған.
Бұл жерде тек аймақтардың арасында айырмашылықтар бұрыннан болғанымен, олардың жазба тілде мүлде көрініс таппағаны тұспалданады. Жазба тілді білетін және қолданатын әртүрлі адамадр сөйлескенде, бір - бірін түсінбеуі әбден мүмкін. Мыңдаған жылдар бойы жазба қытай тілі бірдей, тиянақты және тұрақты болды, ал ауызекі қытай тілі ондай болған жоқ. 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тіл тарихы: Иероглифтер Тіл тарихы: Иероглифтер
Сына жазуларына интерпретация жасау оңай болмаған, өйткені кей символдар өз бейнесінің мағынасын, кейбірі сөздің дыбыстық бейнесін беруі мүмкін.
Тіл тарихы: Мемлекет, тіл және жазу Тіл тарихы: Мемлекет, тіл және жазу
Бізге аман жеткен мысыр тіліндегі алғашқы мәтіндер бес мың жылдай бұрын жазылған. Мысырда сол кездің өзінде - ақ бір орталыққа бағынатын, әлеуетті
Он екі мың жыл бұрын қанша тіл болған? Он екі мың жыл бұрын қанша тіл болған?
Хойсан тобына он тіл кіре ме, жиырма тіл кіре ме, австралиялық тілдер 250 ме, 700 бе? Бұл жөнінде ұзақ айтысуға болады, неше түрлі тіл көп екені ғана
Тіл тарихы: Терімшілер мен аңшылардың тілі Тіл тарихы: Терімшілер мен аңшылардың тілі
Оңтүстік Африканың Калахари шөлінде және оның айналасында ағылшын тілінде «бушмен» деп аталатын адамдар тобы өмір сүреді. Қазіргі таңда оларды
Тілдік топтар қалай қалыптасты? Тілдік топтар қалай қалыптасты?
Үндіеуропа және банту тілдері туралы аз айтылмады. Екі жағдайда да бірнеше мың жыл бұрын әлемнің едәуір бөлігінде бір тіл тобы үстемдік құрды.
Ол кездегі тілдер қазіргі тілдерге ұқсас болды ма? Ол кездегі тілдер қазіргі тілдерге ұқсас болды ма?
Терімшілер мен аңшылар қоғамындағы тілдер туралы бірінші және ең маңызды айта кететін нәрсе – ол тілдердің де басқа тілдердей екені. ХІХ ғасыр
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×