ойын сауық отауы
Халық күнтізбесі: Мүшелдің жалпы сипаты
17.10.2021 926 0 Admin

Халық күнтізбесі: Мүшелдің жалпы сипаты

Бұл қызықты
Халық күнтізбесі: Мүшелдің жалпы сипаты
Кейбір авторлар мүшел есебінің саяси және экономикалық рөлі болған жоқ, ол тек адамның жасын есептеуде ғана қолданылды деген пікірді айтқан. Бұл мүлде қате. Ертеде маңызды құжаттардың бәрінің де уақыттары мүшел бойынша көрсетіліп отырған. Ежелгі түркілердің бір ханы Қытай императорына 584 жылы жазған хатын былай бастаған:
«Ұлу жылы, тоғызыншы айдың оны күні жазылды».
Күлтегін зиратындағы жазуларда да (VIII ғасырдың бірінші жартысы) жылдар мүшел бойынша келтірілген. Ұйғырлардың ХІ ғасырда жазылған мынадай бір қолхаты осы күнге дейін сақталған: «Мешін жылғы шақшапұт айының екі жаңасында бізге – Тәжмілік пен Қарабөке екеуімізге – жұмсайтын пұл керек болып, Құтты деген әйелді сатып, Құттытемірден жүз елу суыртпақ бөз алдық... түгел санап алдық».
Міне, мешін жылы 150 суыртпақ бөзге бір әйел сатылған. Қолхатқа Тәжмілік, Қарабөке, Құттытемір және 4 куә қол қойған.
Шақшапұт айы – көне ұйғыр күнтізбесінің 12 - нші айы. С. Е. Маловтың түсіндіруінше, бұл айдың аты – санскрит тілінің «зикзапада» деген сөзінің өзгерген түрі, мағынасы – «тежелу», «ұстамды болу».
Мүшел жылдары монғолдар империясында да қолданылған, бірақ монғол хандары XIVғасырдың басынан бастап, құжаттарда, мүшел жылдарына қоса, хиджра жылдарын да көрсетіп отырған. Ақыры 365 - 366 күндік мүшел жылдары өзгеріске ұшырап, 354 - 355 күндік хиджра жылдарына және 384 күндік еврей жылдарына айналып кеткен. Соның салдарынан жыл басы бұрынғы күн мен түннің жазғытұрғы теңелуі (22 наурыз) кезінен тайып, қаңтар, ақпан наурыз айларына шығып кеткен. Оны негізгі орнына келтіру үшін, анда - санда, хиджрадан тыс, 20 - 22 күн немесе 13 - інші ай қосылып отырған. Алтын Орданың билеушісі Өзбек хан (1282 - 1342, мемлекетті басқаруы 1313 - 1342 жылдар) монғолдар империясының араб елдерімен тығыз қарым - қатынас жасау саясатын жүргізген. Ол Алтын Ордада ислам дінінің кең түрде тарауына жол ашқан, қалаларда мешіттер салдырып, араб елдерінен көптеген қожа - молдаларды шақырып алдырған. Бұл қожа - молдалар мүшел күнтізбесін хиджраға бейімдеп, өзгерткен.
Алтын Орданың белгілі ханы Тоқтамыс (1380 - 1395) Бек Қажы деген бір шонжарға берген мандатында былай деп жазған:
«Бек Қажыға... жамандық қылған адам менен жақсылық күтпесін. Мұны растап қызыл мөр басылды. Ортөбеде, мешін жылы, хиджра бойынша 784 жылғы зульхада айының 24 күні жазылды. Сұлтан Тоқтамыш». Бұл 1383 жылы 1 ақпанда сәрсенбі күні жазылған мандат болады.
Ақсақ Темірдің Қарсақбайда қалдырған ескерткіш тасында мынадай сөздер жазылған: «Жеті жүз қара тоқпақ елінде қой жылғы көктемнің екінші айында Тұран сұлтаны Темірбек 200 мың әскермен, Тоқтамыштың қанын шашып, өз даңқын шығару үшін жорық жасады. Осы жерге жетіп, белгі қалдыру үшін оба үйдірді». Бұл ескерткіш тасты академик Қ. И. Сәтбаев тапқан. 1391 жылы сәуір айында болған. 1395 жылы Темір Тоқтамысты Ордадан қашуға мәжбүр еткен. Тоқтамыс 12 жыл осылай биліктенайырылып, қашып, қарақшылықпен жүрген. Ақыры оны 1407 жылы Едіге өлтірген.
Тоқтамыстың Польша королі Ягайлаға жолдаған хатының уақыты «тауық жылы, хиджраша 795 жылдың 8 раджабы» түрінде көрсетілген (1393 жылдың 20 мамыры). Махмұд ханның түрік сұлтаны Мехмед Фатихқа жолдаған хаты тауық жылы, хиджраша 870 жылдың 5 шағбанында жазылған (1466 жылдың 10 сәуірі). Мұндай іспеттес тарихи құжаттар көп көрім. (жалғасы бар) 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Мүшелдің жалпы сипаты Мүшелдің жалпы сипаты
Мүшелдегі жылдар рет санына қарай аталмайды. 12 түрлі хайуанның атымен аталып отырады
Мүшел жас дегеніміз не? Мүшел жас дегеніміз не?
Қазақша жыл санау Халықтық жыл санау есебінде 12 жыл аты бар болса, олар туралы деректер VIII ғасырдағы "Күлтегін” ескерткіштері мен ХІ ғасырда өмір
Мүшелдің жалпы сипаты Мүшелдің жалпы сипаты
Жылдарды мүшелдеп санау ресми түрде қашан басталғаны әзір белгісіз. Ежелгі түркілердің ресми түрде мүшелдеп есептей бастаған уақыты ұмытылған, Алтын
Адамның жасына байланысты атаулары Адамның жасына байланысты атаулары
Адамның жасына байланысты атауларын біліп жүру әрбір қазақтың міндеті дей отыра, оларды жаттай жүрейік.
Сіздің жасыңыз нешеде? Сіздің жасыңыз нешеде?
Адам өмірін 100 жас деп шамалап алғанда, онда 8 мүшел жас болады екен. Олар 13, 25, 37, 49, 61, 73, 85, 97 жас.
Мүшел жас Мүшел жас
Мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті есте ұстаған жөн. Бала 13 жасқа толғана бір мүшел деп қайырады да, кейінгілерге 12 жылды қосып отырады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×