ойын сауық отауы
Тіл тарихы: Мәдениет және мемлекеттер
02.10.2022 504 0 Admin

Тіл тарихы: Мәдениет және мемлекеттер

Әдебиет
Тіл тарихы: Мәдениет және мемлекеттер
Қытай баршаға ұзақ тарихымен белгілі. Жазу арқылы елде болып жатқан оқиғалар хатқа түсіріледі. Қытай халқы қомақты тарихи еңбектерді ежелден жазып келеді. Бұл ел тарихтың кейбір кезеңдерінде гүлдене дамып, жер аумағын біршама кеңейтті. Ал тағы бір кездерде дағдарысқа ұшырап, мүлде жойылып кету қаупі туындады. Әйтсе де Қытай ешқашан тіршілігін тоқтатқан емес. Бүгінгі Қытай мемлекеті – Сары өзенінің жағасынада тұратын, қытай тілінде сөйлейтін адамдарды қамтитын саяси орган; патшалар елді сүйекпен бал аштыра отырып билегенде де, ол дәл осындай мемлекет болған. Мұндай тағдыр басқыншылықпен айналысқан барлық елге тән. Осы тұрғыдан қарағанда, бүгінгі билік иелерін ежелдегі билеушілердің тікелей ізбасарлары деп айтуға болады.
Дегенмен көлемнің аты – көлем, көптің аты – көп. Бүгінгі Қытай елі бұрынғыдан анағұрлым үлкен. Бұрынғыдан қанша есе ұлғайғаны туралы дәл мәлімет жоқ, өйткені біз Шаң елінің аумағы туралы аз білеміз. Ал Шаң патшалығынан кейінгі ел аумағының кеңеюі мен тарылуы туралы егжей - тегжейлі дерек бар. Уақыт өте келе, Қытай айтарлықтай ұлғайды, қытай тілінде сөйлеушілер саны да әжептәуір көбейді.
Жер жүзінде мың жылдан астам тіршілік етіп келе жатқан мемлекеттер саусақпен санарлық қана, ал Мысыр мен Қытай – ел болғанына үш мың жылдан асқан бүкіл дүниежүзіндегі екі - ақ ел. Қытай Мысырдан анағұрлым ірі. Ол – бүгінгі таңда әлемдегі халқы ең тығыз орналасқан ел, ондай болғанына да көп уақыт болды. Осы тұрғыдан қарағанда, Қытай – бұрын - соңды болған саяси құрылымдардың ең табыстысы.
Неге бұлай? Оның бір себебі бұл елде бір тілде сөйлейтін халықтың саны о бастан көп болғанынан шығар. Азық - түлік жеткілікті болғандықтан, белгілі бір топ басқалардан тезірек өсіп - өнген болар. Орталықтандырылған саяси билік өздеріне ыңғайлы ғана емес, ортақ идеялар мен құндылықтарды жасауға және таратуға тиімді жазудың жаңа технологиясын қолданды. Мысырлықтармен салыстырғанда, қытайлар жазуды ежелден түрлі мақсаттарға қолданған тәрізді. Ежелгі мәтіндер арасынан тарихи шығармаларды ғана емес, поэзияны да, саяси ғылымға ұқсас мәтіндерді кездестіресің.
Бірінші мыңжылдықтың басында Қытайды Чжоу әулетінің патшалары биледі. Бірақ б. з. д. VIII ғасырдан бастап жергілікті дәулеттілер биліктің басым бөлігін тартып алды. Сөз жүзінде ең басты адам патша болса да, іс жүзінде мемлекет бір - біірмен бәсекелесіп, қырғиқабақ болып, бірнеше шағын елге ыдырап кетті. Бұл аумалы - төкпелі ғасыр қытай мәдениетінің айтарлықтай дамыған кезеңі болды.
Бұл кезеңде Батыста – Конфуций, Қытайдың өзінде Кун Цзы деген атпен белгілі ойшыл, саясаттанушы, тарихшы өмір сүрді. Оның өмір және қоғам туралы ой - пікірлері Қытайда да, әлемнің өзге елдерінде де әлі күнге дейін өзекті. Тағы бір маңызды тұлға – Мэн Цзы, ол – Конфуцийдің ісін жалғастырған ізбасары. Аты аңызға айналған Лао Цзы даосизм ілімінің негізін қаалған.
Бұл ұлы ойшылдар аспаннан түскен жоқ. Олар интеллектісі жоғары адамдар көп ортада өскен, ой еңбегі мен өнер - білімге берілген ұстаздардан тәлім - тәрбие алған. Біздің дәуіріміздің басталуына бірнеше жүз жыл қалған кездің өзінде - ақ Қытайда түрлі тақырыптағы көптеген әдеби шығарма болған. Кітап оқып, жазу жазатын, ой еңбегімен айналысатын адамадр да аз болған жоқ. Әрине, ондай адамдардың мектепте оқып, білім алуға көп уақыт жұмсағаны түсінікті. Білімді адамдардың қайдан шығатынын Конфуцийдің өмір тарихынан көреміз. Халықты есепке алудың дәстүрлі құжаттары бойынша ол ауқатты отбасында туып - өскен, көп уақытын білім алуға жұмсаған. Одан кейін шағын провинциялардың бірінде жоғары шенді шенеунік болып қызмет еткен. Біраз уақыттан кейін жұмыстан шығып, басқа жаққа көшіп кеткен де, өмірінің соңына дейін шәкірттерімен бірге тұрған.
Ол кезде мектептер жұмыс істеген, билеушілердің сарайында білімді адамдарға сұраныс болған. Оқығысы келген, білім алуға ақша төлей алған адам ілтипатқа бөленіп, жалақысы жоғары жұмысқа алынатын. Шағын провинцияларды бірнеше адам билеудің оң жақтары да болды. Демек, жұмыс беруші де көп еді. Бір жер қанағаттандырмаса, басқасына жұмысқа бара алатын. Білім барлық жерде пайдаға асты. Провинциялардың бәрі қытай тілінде сөйледі, барлығы бірдей классикалық мәтіндерді оқыды.
Жазу нормаларында біраз айырмашылық болған (сөйлеу әдістерінде де болуы мүмкін, бірақ біз ол туралы ештеңе білмейміз). Әр провинция жергілікті жұртқа ғана түсінікті жазу нұсқалары мен иероглифтері бар жазу дәстүрін дамыта бастады. Сол шағын провинциялар тәуелсіз күн кеше бергенде, бұл бірнеше түрлі жазба тілдің пайда болуына әкеп соғар еді. Олай болмағанмен, осыған ұқсас жағдай өзге замандар мен басқа жерлерде кездесті. Саяси бірлік бар жерде тіл де бірдей болады, ал саяси жік тілдік айырмашылықтарға алып келеді. 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тіл тарихы: Басқаша жазу Тіл тарихы: Басқаша жазу
Мысыр әріптері сияқты қытай әріптері де суреттерден пайда болған. Мұның кейбір айталық, «сәби» деген ұғымды білдіретін иероглиф аяғы құндақтаулы
Тіл тарихы: Мемлекет, тіл және жазу Тіл тарихы: Мемлекет, тіл және жазу
Бізге аман жеткен мысыр тіліндегі алғашқы мәтіндер бес мың жылдай бұрын жазылған. Мысырда сол кездің өзінде - ақ бір орталыққа бағынатын, әлеуетті
Тіл тарихы: Өзен аңғарлары және мемлекеттер Тіл тарихы: Өзен аңғарлары және мемлекеттер
Ежелдегі диқандар көп кешікпей кей жерлердің егіншілікке қолайлы, кей жерлердің қолайсыз екенін түсінді. Кей өзен аңғарларының топырағы өте құнарлы
Тілдік топтар қалай қалыптасты? Тілдік топтар қалай қалыптасты?
Үндіеуропа және банту тілдері туралы аз айтылмады. Екі жағдайда да бірнеше мың жыл бұрын әлемнің едәуір бөлігінде бір тіл тобы үстемдік құрды.
Қытай кестесі бойынша іштегі баланың жынысын анықтау. Қытай кестесі бойынша іштегі баланың жынысын
Іштегі баланың жынысын анықтаудың түрлі әдістері бар. Соның бірі — қытай әдісі. Қытай кестесінің нақты ғылыми тұжырымдамасы жоқ. Дегенмен ғасырдан
Қытай туралы 10 қызықты жайт Қытай туралы 10 қызықты жайт
Қытай елі десе, көбіміздің көзімізге миллиардтаған халық елестейді. Одан басқа Қытай туралы мына фактілерді білесіз бе?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×