ойын сауық отауы
Apple өнімдеріндегі «і» әрпінің мағынасы не?
08.11.2016 2 002 0 Дауыл

Apple өнімдеріндегі «і» әрпінің мағынасы не?

Жаңалықтар / Бұл қызықты
Apple өнімдеріндегі «і» әрпі нені білдіреді?
1998 жылдан бері iMac әлемге ұсынылғалы бері кіші «і» әрпі Apple - дың құрам бөлігі болып табылады. Мүмкін, бұл – әлемдегі ең әйгілі әріптердің бірі, бірақ көбісі бұл әріптің не мағына беретінін біле бермейді. iPhone - дағы «і» әрпі телефонның ерекшелігі болып табылады. «і» әрпінің негізгі мағынасы – «internet».
Стив Джобс алғашында компьютерді әлемге ұсынғанда: «Біздің мақсатымыз әлемде нөмірі бірінші компьютер жасап шығару және «і» әрпі нөмірі бір деген мағынаны білдірсін дегіміз келді», – деген еді.
Стив Джобстың айтуынша, «і» әрпі тек интернет және нөмір бір деген мағынаны білдірмейді. Әлемге алғаш ұсынған сәтте «і» әрпіне бірнеше сөз қолданған (internet, individual, instruct, inform, inspire) ғаламтор, жеке, нұсқау беру, хабарлау және шабыттандыру.
«і» әрпі біз үшін басқа да мағына береді деген еді Стив Джобс. «Біз – компьютер шығаратын компаниямыз, сондықтан біз үшін бұл білім деген мағына білдіреді. Себебі көптеген тұтынушылар дербес компьютерді ғаламторға қосылып білім, ақпарат алу ретінде қолданады», – деген. «і» әрпі қазіргі таңда ең танымал брендке айналған.

2019 жылы ұл балаға қойылған ерекше есімдер. 2019 жылы ұл балаға қойылған ерекше есімдер.
Әлихан – араб тілінен енген ғали мен ханның қосындысы. Ғали "әлидің" синонимі, биік, аса, зор, заңғар деген мағына береді.
Әзіл жұмбақтар жауабымен 2 Әзіл жұмбақтар жауабымен 2
Әзіл жұмбақтар жауаптарымен
Армысыңдар, адамдар! Армысыңдар, адамдар!
Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан, Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам? Арма, өмір, бар елемді баурына алып шайқаған! Әрбір
Берен...... Бірлік Берен...... Бірлік
Берен...... Бірлік БЕРЕН - асыл құрыш. БЕРЖАН - бер + жан - жанын беретін, ештене аямайтын адам деген мағыналы есім. БЕРКІН - берік, мықты бол
Бәшір......Береке Бәшір......Береке
БӘШІР - араб тілінен — қуанышты хабар жеткізуші, хабаршы, жаршы. БЕГЕШ - көне түркі тілінен келген, ескі қазақ тілдерінде ведас — хан ұлы деген
Абай......Айнан Абай......Айнан
Абай......Айнан АБАЙ - қазақ есімі, ел ағасы. Абай есімінің мағынасы әр түрлі: абайлағыш, байқағыш, ойшыл деген түсінігі бар. Бұл есім қазір халық
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×