Жапон халқына төніп тұрған қатер
Жаңалықтар / Бұл қызықты
Жапон халқына жойылу қатері төніп тұр.
Жапонияда Халық және әлеуметтік қорғау саласындағы Ұлттық ғылыми зерттеу институтының сарапшылары алдағы ондаған жылда елдің демографиялық жағдайы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген болжам жасады, - деп жазады tengrinews. kz. «The Independent - ке» сілтеме жасап.
Ғалымдардың есебіне қарағанда, Жапонияда 127 миллионға таяу халықтың 2065 жылы 40 миллионы ғана қалуы мүмкін. 1899 жылдан бері, ғалымдардың есебінше, 2016 жылы Жапонияда тұңғыш рет бір миллионнан аз бала дүниеге келген. Мұндай апат жағдайына негізгі себептердің бірі ретінде үйленбеген ер адамдардың 70 пайызында және тұрмыс құрмаған әйелдердің 60 пайызында жыныстық қатынастың жеткіліксіздігі тіркелгені аталып отыр. Мамандар жас ұрпақтың бара - бара отбасы құруға және дүниеге бала әкелуге құлықсыздық танытып отырғанын айтады. Гарвард әлеуметтанушысы Мэри Бринтон Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жапон қоғамы "ер адам - жұмыс істейді, әйел - бала тәрбиелейді" деген қалыптасқан ереже бойынша өмір сүргенін айтып отыр. Ал қазіргі қоғамда әйелдер еңбек нарығына белсенді араласып жатыр. Сондықтан отбасы жұптарына баламен өмір сүру қиынға соғып отыр екен. "Жапонияда отбасы өліп жатыр", - деп мәлімдеді әлеуметтанушы. Осындай проблемаға АҚШ, Дания, Қытай және Сингапур ұрынады делінеді. Алайда Жапонияның болашағы қалғандарына қарағанда күңгірт дейді ғалымдар.
Дереккөзі: tengrinews. kz

Әлемде COVID - 19 коронавирустық ауруынан 842, 5 мың адам қайтыс болды, қалпына келтірілгендердің саны 16 миллионнан асты. 30 тамыздың таңына қарай

1 қыркүйекте Президент Қасым - Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Дереккөзінің жазуынша, Қазақстан бірнеше жылдан бері Орталық Азияда семіздік бойынша бірінші орында. Елдегі әрбір төртінші ер адамда артық салмақ бар

Батыс елдерінің де, Шығыс елдерінің де халқы сүйіп жейтін сушидің адам денсаулығына қауіпті екені анықталып отыр.

Конституцияның 26 - бабы ескі редакцияда қалуы мүмкін. Бұл туралы бүгін билік тармақтары арасындағы өкілеттікті қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының

«Universitas21» халықаралық университеттер жүйесі өткен жылғы зерттеулердің қорытындысын шығарды. Ол қай елде білімді жақсы береді және ақылды жастар