ойын сауық отауы
Конституцияның 26 - бабы өзгеріссіз қалуы мүмкін.
01.03.2017 1 137 0 Admin

Конституцияның 26 - бабы өзгеріссіз қалуы мүмкін.

Жаңалықтар
Конституцияның 26 - бабы ескі редакцияда қалуы мүмкін. Бұл туралы бүгін билік тармақтары арасындағы өкілеттікті қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Д. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының ректоры Өмірәлі Жалайыри мәлім етті.
«Конституцияның 26 - бабына енгізілуі көзделген түзету шын мәнінде қоғам тарапынан үлкен резонанс тудырды. Көптеген азаматтар оны жермен байланыстырды.
Сондықтан бүгінгі отырыс барысында жұмыс тобының мүшелері тарапынан бұл түзетуді алып тастау туралы ұсыныс жасалды. Меніңше, Конституцияның 26 - бабы ескі редакцияда қалатын болады»,- деді ол. Айта кетейік, бүгінгі отырыс барысында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, жұмыс тобының жетекшісі Әділбек Жақсыбеков Конституцияның 26 - бабына қатысты ұсыныстар мол болғанын атап өткен еді. «Бұл мәселеге қатысты ашық пікірталас болды. Пікірлер әртүрлі. Азаматтардың бір бөлігі бұл норманы оң бағалап отыр немесе өздерінің редакцияларын ұсынады. Дегенмен, көпшілігі 26 - бапқа өзгерту енгізбеуді сұрауда», - деген еді ол. Ал аталған жұмыс тобының тағы бір мүшесі, Қазақ гуманитарлық заң университеті Азаматтық - құқықтық зерттеулер ғылыми - зерттеу институтының директоры Төлеш Қаудыровтың айтуынша, 26 - бапқа қатысты Қазақстан Президенті таяу күндері нақты шешім қабылдайтын болады.

Дерек көзі

Қазақстанда ағылшын тіліне ресми мәртебе беру ұсынылды Қазақстанда ағылшын тіліне ресми мәртебе беру
Қазақстанда ағылшын тіліне ресми мәртебе беру ұсынылды. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан билік
Нұрлан Ноғаев кәсіпкерлерді халық алдында адал болуға шақырды Нұрлан Ноғаев кәсіпкерлерді халық алдында адал
“Күмісбектегі” қараусыз қалған ұңғымаларды өз ақшамызға бітеуге мәжбүр болдық. Ал бұған жауапты тұлғалар байланысқа шықпай отыр. Бұл, түптеп
Made in KZ тобының орындауындағы ән Made in KZ тобының орындауындағы ән
Made in KZ тобының орындауындағы әннің бейнеклипі
Егер мектепте тәлімгер болып істейтін маман, қазан айында жұмысқа қабылданса, ақылы демалысқа қай уақытта және қанша күнге шыға алады? Егер мектепте тәлімгер болып істейтін маман,
ҚР Еңбек кодексінің 105 - бабына сәйкес қызметкерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыс беруші мен
Есепші өз жұмысын атқара алмайды, бухгалтерлік есептің оңай сұрақтарын да білмейді. Есепші өз жұмысын атқара алмайды, бухгалтерлік
Есепші өз жұмысын атқара алмайды, бухгалтерлік есептің оңай сұрақтарын да білмейді. Оған кім диплом берген? Оны қалай жұмыстан босатуға болады?
Тиісті еңбек демалысы үшін қаржылай өтемақы алуға рұқсат етіледі ма? Тиісті еңбек демалысы үшін қаржылай өтемақы алуға
Тиісті еңбек демалысы үшін қаржылай өтемақы алуға рұқсат етіледі ма? Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 109 - бабы 3 - тармағына сәйкес
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×