ойын сауық отауы
Шымкентте даладан табылған нәрестеге дәрігерлер ат қойды
01.03.2017 1 165 0 Admin

Шымкентте даладан табылған нәрестеге дәрігерлер ат қойды

Жаңалықтар
Шымкентте даладан табылған нәрестеге дәрігерлер ат қойды. Облыстық №2 перинаталдық орталықтың қызметкерлері шақалақты Жұлдыз Сақтаған деп атады.
Шымкент көшесінен қансыраған күйде табылған сәбиге дәрігерлер ат қойды.
Бұл туралы Отырар арнасы хабарлады.
Ақ халаттылар бүлдіршіннің өз өмірі үшін күресіп жатқанын айтады. Дәрігерлер де қолдан келгенді аямауда. Айта кетейік, қоқыс тастайтын орыннан табылған нәресте әлі де ауыр халде жатыр. Осылай деген дәрігерлер төрт күннен бері науқас баланың өмірімен арпалысуда. Қазір балақай облыстық №2 перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Жаға ұстатар бұл жағдай 25 ақпан күні болған. Көкек ана жаңа туған нәрестесін "Даумед" медициналық клиникасының маңындағы қоқыс орнына тастап кетіпті.
Қансырап жатқан баланы байқаған орталық қызметкерлері бірден алып келіп, медициналық көмек көрсеткен.

Қайғырма Қайғырма
Қара бұлттың қалай сейілетінін, қараңғылықтың ағарып таң ататынын, құйынның басылатынын көрмегенсің бе? Ендеше, сенің көріп жатқан қиындықтарың –
Медицина қызметкерлері күнімен құттықтау Медицина қызметкерлері күнімен құттықтау
Маусым айының үшінші жексенбісі Қазақстан медицина қызметкерлерінің төл мерекесі.
Телефонға күндіз-түні шұқшиятындар назарына Телефонға күндіз-түні шұқшиятындар назарына
Британдық дәрігерлер смартфонды қараңғыда қолдану уақытша көруден айыратынын айтады. 22 және 40 жастағы екі келіншек көз жанарларының кейде 15 минут
Суши тағамы адам ағзасына зиян келтіруі мүмкін. Суши тағамы адам ағзасына зиян келтіруі мүмкін.
Батыс елдерінің де, Шығыс елдерінің де халқы сүйіп жейтін сушидің адам денсаулығына қауіпті екені анықталып отыр.
Неғып жатыр? Неғып жатыр?
Түрленіп мынау заман ағып жатыр. Жай өтпей һәркімге сын тағып жатыр, Жайынан замананың хабардар ма? Осы біздің қазақтар неғып жатыр
Кел, балалар, оқылық Кел, балалар, оқылық
Бір Аллаға сиынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық..
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×