ойын сауық отауы
Суши тағамы адам ағзасына зиян келтіруі мүмкін.
17.05.2017 3 446 0 Дауыл

Суши тағамы адам ағзасына зиян келтіруі мүмкін.

Жаңалықтар
Суши тағамы адам ағзасына зиян келтіруі мүмкін.

Бүгінде Батыс елдерінің де, Шығыс елдерінің де халқы сүйіп жейтін сушидің адам денсаулығына қауіпті екені анықталып отыр. Жақында португалиялық гастроэнтерологтар (асқазан - ішек ауруларын емдейтін дәрігерлер) жапон асханасының тағамы – сушидің паразиттік аурулардың көптеп таралуына себепші болатынын анықтады, деп хабарлайды Baq. kz шетелдік БАҚ - қа сілтеме жасап.
Дәрігерлердің тиісті зерттеуі BMJ Case Reports журналында жарық көрген.

Мақалада мамандар сушидің адам өміріне қауіп төндіретінін нақты мысалмен дәлелдеген. Дәрігерлерге 32 жастағы ер адам жүгініп, көмек сұрайды. Ер адамның бір апта бойы ыстығы көтеріліп, лоқси берген, оның үстіне кеуде тұсы да ауырған екен. Қан анализі аурудың асқынып бара жатқанын көрсеткен.

Алғашында дәрігерлер бұл сырқаттың неден болғанын түсіне алмай дал болады. Алайда кейінірек ер адам дәрігерлерге ауру белгілері байқалмай тұрып суши жегенін айтқан. Осыдан кейін ақхалаттылар науқастың анизакидоз – паразиттік ауруға шалдыққанын бірден түсінеді. Әдетте бұл ауру шикі немесе аз тұздалған теңіз балығымен бірге асқазанға түсетін жұмыр құрттардың дернәсілінен болады екен.

Эндоскопиялық тексеріс барысында ғалымдар ер адамның асқазанынан паразит құрттың дернәсілін тапты. Құртты алып тастағаннан кейін пациенттің жағдайы едәуір жақсарған.

Дәрігерлер анизакидоздың бастапқы белгілеріне жіті назар аударып, балықты дұрыс таңдауға, тағамға қосарда оның тазалығына мән беруге шақырды.
Дерккөзі: baq. kz

Бір рет қайнаған суды қайта қайнатпаған дұрыс, себебі… Бір рет қайнаған суды қайта қайнатпаған дұрыс,
Көпшілігі шай немесе кофе ішу үшін шәугімді отқа қойып өшіруді ұмытып кетеді немесе қайнаған соң өшіріп, біраз уақыттан соң қайта қайнатады
Қазір қазақтар қалай өмір сүреді? Қазір қазақтар қалай өмір сүреді?
Жаһандану дәуірінде әлем жұртшылығының бір - бірімен алыс - берісі артып отыр. Мұндай мүмкіндікті жақсы пайдаланған елдер дүниежүзі халқының назарын
Жапон халқына төніп тұрған қатер Жапон халқына төніп тұрған қатер
Ғалымдардың есебіне қарағанда, Жапонияда 127 миллионға таяу халықтың 2065 жылы 40 миллионы ғана қалуы мүмкін. 1899 жылдан бері, ғалымдардың есебінше,
Жұмыртқаның пайдасы Жұмыртқаның пайдасы
Жұмыртқа – арзан әрі пайдалы тағам. Оны дайындаудың көптеген түрлері бар. Сонымен қатар олар әртүрлі тағамның басты құрамы болып табылады. Ал біз
Күлкінің адам ағзасына әсері Күлкінің адам ағзасына әсері
Адам денсаулығына тұрақты түрде күш түсуінен созылмалы әлсіздікке шалдығады екен. Ағзаны нығайту көптеген аурулардың алдын алады.
Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы
Көптеген жаңғақ түрлерінің адам ағзасына қандай пайдасы бар екенін білетін боламыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×