ойын сауық отауы
Ажырасқан азаматтар Астанадан пәтер ала алмайды
16.05.2017 1 329 0 Дауыл

Ажырасқан азаматтар Астанадан пәтер ала алмайды

Жаңалықтар
Ажырасқан азаматтар Астанадан пәтер ала алмайды
Елорда басшылығы мемлекеттік қор пәтерлерінің кезегін қысқартуға бағытталған ерекше шешімдер қабылдауда.
Дереккөз: Elorda. info.
Астанада тегін баспана алу шарттары одан сайын қатаңдатылмақ.
Қазақстан елордасында баспанаға зәру адамдар есебіне тіркеу үшін талап етілетін тіркелу мерзімін үш жылдан бес жылға дейін ұзартуды, ал «толық емес отбасы» ұғымына тек жесірлер мен әйелі қайтыс болған ер азаматтарды ғана жатқызу ұсынылуда.

«Вечерняя Астана» газеті қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметовтың «Кезектің ұзаруын тежеуге бағытталған қосымша шектеу шараларын енгізу үшін басқарма тұрғын үй заңнамасына түзетулер енгізуді ұсынады. Ұсыныстар баспанаға зәру адамдар есебіне тіркеу үшін талап етілетін елордада тұрақты тұру мерзімін үш жылдан бес жылға дейін ұзартуды, әлеуметтік тұрғыдан осал топ категориясына қолданылатын кірісті шектеу талаптарын өзгертуді, ал кезекке тұруға құқық беретін мәртебеге ие болу жолында жасалатын жалған ажырасуларды болдырмау үшін «толық емес отбасы» ұғымын нақтылауды қарастырады. Аталған категорияға жесір әйел мен әйелі қайтыс болған ер азаматтарды ғана жатқызу қажет», — деген сөзін келтіреді.

Р. Ахметовтың айтынша, әкімдік баспана алу кезегінде тұрған азаматтардың тізіміне инвентаризация жүргізіп жатыр. 2016 жылы елордада кезекте тұрғандарға 93 пәтер берілді.

Биылғы жылдың сәуір айында тұрғын үй комиссиясының отырысына 260 пәтер ұсынылды. Олар төрт соғыс ардагеріне, 49 жетім балаға, әлеуметтік осал топ категориясына жататын 137 отбасына берілді.

Бұдан бөлек, I тоқсанда 2008 - 2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында салынған баспаналарды беру аяқталды. Тағы 65 адам баспанамен қамтылды.

Бұған дейін хабарланғандай, таяуда елорда басшылығы Қазақстанға кірерде баспана алуға ақшалай өтемақы алған репатрианттарды мемлекеттік қор баспанасы кезегінен алып тастауды ұсынған болатын.

Сондай - ақ, баспана кезегінен әскери қызметшілерді алып тастау мәселесі де тұр. Олар бөлек тізімге тұрғызылады және несиелеудің жеңілдік шарттары ойластырылады.

Осылайша, басқарма мамандары кезекте тұрғандар санын екі есе азайтпақ.

Бүгінгі күні 45 516 адам коммуналды тұрғын үй қоры баспанасына зәру.

Заң бойынша 10 сотық жер алуға әр қазақстандықтың құқы бар Заң бойынша 10 сотық жер алуға әр қазақстандықтың
Заң бойынша 0, 10 гектар, яғни ауызекі тілде 10 сотық жер алуға әр қазақстандықтың құқы бар.
2018 жылдан бастап жәрдемақы кімге беріледі? 2018 жылдан бастап жәрдемақы кімге беріледі?
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жүйесі енгізіледі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара
Жол қозғалысы ережелеріне бірнеше өзгерістер енгізілді Жол қозғалысы ережелеріне бірнеше өзгерістер
Бүгіннен бастап жол қозғалысы ережелеріне бірнеше өзгерістер енгізілді. Сонымен соларды атап өтейік.
Қазақстан азаматтарын тұрғылықты мекен жай бойынша тіркеу жөнінде не білу керек? Қазақстан азаматтарын тұрғылықты мекен жай
Жаңа жерде қаншалықты жылдам тіркелу керек? Жоғарыда аталған нормативтік құжаттармен қатар, ҚР аумағында ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидалары да
ОҚО - да «Мектепке жол» акциясы бастау алды ОҚО - да «Мектепке жол» акциясы бастау алды
Оңтүстік Қазақстан облысында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды. Тамыздың 1-нен бастап қыркүйек айының 30-на дейін
Кейбір қызметкерлер жұмыс уақытының жиындық есебіне ауыстырылған Кейбір қызметкерлер жұмыс уақытының жиындық
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 86 - бабына сәйкес жұмыс уақытының жиынтық есебі - жұмыс беруші белгілеген, бір жылдан асыруға болмайтын
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×