ойын сауық отауы
Телеарналарды әншілер «жаулап алды»
17.05.2017 1 061 0 Дауыл

Телеарналарды әншілер «жаулап алды»

Жаңалықтар
Телеарналарды әншілер «жаулап алды»

Бұған дейін отандық телеарналарды әншілер "жаулап алды" деп көрермендер жиі шағымданатын. Расымен де, қай телеарнаны қоссаңыз да беті жылтыраған эстрада жұлдыздары жұртқа ақыл айтып немесе өтірік күліп отыратын.
Коммерциялық телеарналар болса мақұл, мемлекеттен қаржыланатын «Қазақстан» мен «Хабарыңыз» да эфирді журналистерге емес, әнші - әртістерге беріп қойған, деп жазады sn. kz.

Дегенмен, "Ұлттық арна" аталып кеткен "Қазақстан" РТКР АҚ - ға жаңа төраға Ерлан Қарин тағайындалғаннан кейін жағдай түзелетін шығар деп үміттенгендер көп болды. Бірақ, эфирде таң атқаннан күн батқанға дейін қазақстандықтардың көңілін әлі сол әнші - әртістер мен "сайқымазақтар" көтеріп жүр. Көңіл көтергендері өз алдына, енді олар білікті сала мамандарын ығыстырып, ұлттық арнаның басшылық құрамына ене бастады. Мәселен, бұрынғы "КВН - ші" Нұрлан Қоянбаев бүгінде "Қазақстан" арнасының бас продюсері. Бұл Ерлан Қариннің төраға болғаннан кейін жүргізген алғашқы ауыс - түйісі.

Ал, жуырда ғана Қарин "Таңшолпан" бағдарламасының басшылығына эстрада әншісі Гүлнұр Оразымбетованы тағайындапты. Иә, әнші әрі Қызылорда облысы экс - әкімінің әйелі енді ұлттық арнаның эфирін ашады, турасын айтсақ ашып жүр. Аша салысымен сынға да ілігіп үлгерді. Әнші жаңалық енгізгісі келсе керек, таңғы бағдарламаны бұрынғыдай екі емес қазір төрт бірдей жүргізуші жүргізеді. Экранға әзер сыйып отырған оларды көргендер "жағасын ұстамаса" да, таңданыстарын жасырмай айтып жүр.

Ерлан Қарин сондай - ақ, "Қазақстан" арнасынан енді ағылшын тілінде фильмдер көрсететінін де хабарлады. Елбасы былтыр ғана 100 пайыз қазақша хабар таратсын деген телеарна бұдан былай ағылшынша да "сайрайды".

Міне, елдегі идеологияның басты құралдарының бірі саналатын ұлттық арнаның қазіргі сиқы осындай. Таңертең Гүлнұр Оразымбетованың компаниясында таңғы шайыңызды ішсеңіз, түнде КВН - ші Қоянбаевпен бірге ұйқыға кетесіз. Бұлардың арасында "Жайдарманның" күлдіргіштері, Тәуекел Мүсілім, Тұрсынбек Қабатов секілді "супермендер" (әмбебап адамдар) барлық проблеманы ұмыттырып, көңіліңізді көтереді.

Ал, халықтың рухани құндылықтардан қол үзгенін күнделікті жаңалықтардан көріп жүрміз. Жаңа туған балалардың қоқысқа, дәретханаға, көшеге тасталуы, жетімдер санының көбеюі, жастар арасындағы ауыр қылмыстар, сотталушылар санының тым көбейіп кетуі, қарттар үйлеріндегі қазақ ата - әжелер және тағысын тағы. Бұл жағымсыз құбылыстардың белең алуы қазақ қоғамының деградацияға ұшырауының белгісі десек қателесе қоймаспыз. Ал, елге үлгі болуы тиіс депутаттар тастанды балаларға арнап бэйби - бокстар орнатуды ұсынып жүрсе, халыққа рухани азық беруі тиіс телеарналар көңіл көтеруден қолдары босамайды. Өкінішке қарай, Ерлан Қарин бастаған команданың іскерлігі әзірге сол эстраданың деңгейінен әрі аса алмай тұр. Бірақ, жаңа келген басшыдан әлі де күтеріміз мол. Өйткені, Қарин жуырда ғана телеарнаның жаңа маусымы Наурыз мерекесінің қарсаңында көрерменге ұсынылады деп уәде берген.

Дерекөзі: SN-ақпарат

Халық емі: Пайдалы тұнба Халық емі: Пайдалы тұнба
Елу жастан кейінгі бір адамның қолы мен аяғының саусақтары ұйып қала беретін еді. Түрлі тексеруден өтті, ем алды. Бірақ біраз уақыттан кейін ауру
Қазір қазақтар қалай өмір сүреді? Қазір қазақтар қалай өмір сүреді?
Жаһандану дәуірінде әлем жұртшылығының бір - бірімен алыс - берісі артып отыр. Мұндай мүмкіндікті жақсы пайдаланған елдер дүниежүзі халқының назарын
Қазақстанның халық саны 18 миллионға жетті Қазақстанның халық саны 18 миллионға жетті
ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов Қазақстан халқының саны жайында мағлұмат берді. Ол туралы sn. kz. хабарлайды. Ол
Ұстаздар жалақысы көбейтілуі мүмкін Ұстаздар жалақысы көбейтілуі мүмкін
ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәслихатында 2017 жылдың бюджетiнде сағаттар санын азайту есебiнен
Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті атанды Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол
Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясына қызметке келді деп хабарлайды федерациясының баспасөз қызметі. Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол
Әншілер Әншілер
Көршіні көрші шақырды, Болды да сыйлап ас бермек. Қулығын ішке жасырды: Баланың әнін есіттірмек.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×