ойын сауық отауы
Астанада да жер сілкінісі байқалды.
10.08.2017 1 199 0 Дауыл

Астанада да жер сілкінісі байқалды.

Жаңалықтар
Астанада да жер сілкінісі байқалды.
Астанада да жер сілкінісі болғанын айтқан азамат өз қорқынышын баяндап берді, деп жазады nur. kz порталы.
Бүгін таң ата салысымен жер сілкінісі туралы жарыса жазған алматылықтармен бірге Астана тұрғыны да жер асты дүмпуін сезген болып шықты. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы редакцияға жолдаған хатында жазған.

"Сайт пен әлеуметтік желілерді қарап отырсам, тек Алматы мен Алматы облысында тұратын адамдар бүгінгі жер сілкінісінен кейінгі үрей құшағына оранған сезімдерімен бөлісіп жатыр. Біреу «бісмілләсін» айтып, «Құдай сақтасын» деп жатыр. Екіншісі, «өмірімде бірінші рет осындай қорқынышты сәтті бастан кешіп отырмын» депті. Бірақ дәл осы уақытта Астанада болған жер сілкінісі туралы ақпаратты көзім шалмады", - деп әңгімесін бастаған ол елордада да аздап жер сілкінгенін жазған.

"Таңғы 5 - тен өте таң намазын өтеп, қайтадан жата бергеніміз сол еді, аспашам сықырлап, Тілендиев көшесіндегі №36 - ыншы 14 қабатты үй кәдімгідей теңселді, тербелді. Аспашамға қарап, 2 - 3 балл бар - ау деп шамаладық. Бейнекамераға түсіру былай тұрсын, сықырлаған шамға қараудың өзі қорқынышты. Тіл кәлима айтудан (оған да шүкір) тынбады.

Бір кезде тоқтағандай болды, бірер секундтан кейін аспашам тағы сықырлап, бойы сорайған сары үй теңселіп қоя берді. Ой деген жүйрік емес пе, шіркін?! «Балаларды далаға алып шығайын ба? Бірақ лезде 12 - інші қабаттан бірден қайда шығып үлгерем?... Үлкен бағанның астына тығылайық па? Одан аман қалуымызға кім кепіл? Алланың өзі жарылқасын! Намаз оқылды, дәрет бар... Құдайдан үміт бар», – деген ойлардан кейін шарасыз жағдайымызды Жаратушының өзіне тапсырдық", - деген Ағабек Қонарбайұлы азғантай қорқыныштан туған пайымдарын жазады.

"Тәубемізге келтірген таңғы жер сілкінісі ұйқымызды қашырып, біраз ойландырып тастады:
Алланың сынағынан кейін ең әуелі Оның өзінен ғана пана сұрауды ұмытып кетеді екенбіз. Өзіңше құтылудың жолын «қарастырасың...» Бірақ қолыңнан түк келмейтінін амалсыз мойындайсың; Болмашы қас қағым сәтте осы күнге дейін жіберіп алған кемшіліктерің мен қателіктерің, одан қалды күнәларың көз алдыңнан алма - кезек өтеді екен. Соны қатты уайымдап кетесің; Қоғамда күнәлі істер көбейсе, Алланың біз өлшеп, болжап біле бермейтін үлкенді - кіші азабы жететінін түсінесің. Кезінде қиын күйге душар болған қауымдарды еріксіз еске түсіріп, олардан ғибрат аласың; Көп жағдайда таң қылау берген сәтте жер дүмпулері тіркеледі. Бұл уақытта қаншама пенде шырт ұйқыда жатады. Құлдың осы бір өте әлсіз, бейшара хәлдегі көрінісін елестетіп көріңіз; Жер сілкінісі ақтық сапарға қаншалықты дайын екендігіңді алдын ала сынап көретіндей. Мұндайда бала - шаға, ағайын - туыс, мал - мүлік, жұмыс бәрін сырып қойып, имани хәліңмен жалғыз қаласың... Ойланатын оқиға...", - деп аяқтады сөзін баспасөз бөлімінің меңгерушісі.

Алматыдағы жер сілкінісінің себебі түсіндірілді. Алматыдағы жер сілкінісінің себебі түсіндірілді.
Сейсмологтар Алматыда бүгін таң ата болған жер сілкінісінің себебін айтты. Мамандардың сөзінше, мұндай оқиға қайталануы мүмкін, деп хабарлайды
Ерке Есмахан - Қайда? Ерке Есмахан - Қайда?
Ерке Есмахан "Қайда" әнінің бейнебаяны
Ажырасқан азаматтар Астанадан пәтер ала алмайды Ажырасқан азаматтар Астанадан пәтер ала алмайды
Қазақстан елордасында баспанаға зәру адамдар есебіне тіркеу үшін талап етілетін тіркелу мерзімін үш жылдан бес жылға дейін ұзартуды, ал «толық емес
БҚО-да білім бөліміндегі тышқандар 5 млн теңгенің сыйлықтарын жеп қойған БҚО-да білім бөліміндегі тышқандар 5 млн теңгенің
Батыс Қазақстан облысында балалардың 5 миллион теңгеге сатып алынған жаңажылдық сыйлықтарын кеміргіштер жеп қойған. Салдарынан, шенеуніктер оны
Ата - аналар балаларының оқу үлгерімін смартфон арқылы бақылай алады Ата - аналар балаларының оқу үлгерімін смартфон
Жаңа оқу жылынан бастап ата - аналар балаларының оқу үлгерімін смартфондар немесе планшеттер арқылы электрондық түрде бақылай алады.
Шопан Шопан
Тұрмын деп астанада, нән қалада, Алмаймын таңдана да, паңдана да, Біз жүрміз автобуста сығылысып, Сен болсаң бір өзіңсің маң далада.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×