ойын сауық отауы
2020 жыл – еріктілер жылы!
02.03.2020 2 653 0 Admin

2020 жыл – еріктілер жылы!

Жаңалықтар
2020 жыл – еріктілер жылы!
Президент Қасым - Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған өз Жолдауында сындарлы диалог елдің тұрақтылығына, оның одан әрі дамуына септігін тигізеріне тоқталды. Әсіресе, ол Жолдауда тиімді экономика, заңнамаларды жетілдіру, ұлт бірлігі мен азаматтардың қауіпсіздігіне бас назар аударып отыр.
2020 жыл «Еріктілер жылы» болып бекітілді. Басты мақсат – ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру болып табылады.
Еріктілер немен айналысады? Еріктілер жалғыз өзі және топ болып жұмыс істейді. Ол өз еріктерінде. Олардың негізгі айналысатын жұмыстары жетімдерге, мүгедектерге немесе қарттар үйіне барып оларға қолдарынан келгенше көмек көрсету. Ал олардың белгілі бір мереке кезінде қоғамға мемлекет мүддесі үшін өз еріктерімен көмекке келуі де «ерікті» әрекеті саналады. Қазақ тілінің сөздігіне бір үңілсеңіз, «ерікті» деген сөзге синоним болатын, балама ретінде «асар» сөзін алуға болады. Асар – ауыл - аймақ, көрші - қолаң болып белгілі бір мұқтаж жанға қолдарынан келгенше тегін көмек көрсету. «Асар» сөзі тіпті белгілі бір дәстүрге де айналып кетті. Сондықтан «ерікті» сөзін кейін пайда болған немесе жаңа заманның термині деп қабылдаудың қажеті жоқ. Өйткені қазақ халқында бұл сөздің түбірі баяғыдан бар.
Ерікті (волонтер) – латынның «voluntarius» сөзінен шыққан, адамның өз еркімен, өзінің есебі арқылы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласушы деген сөз. Тағы бір мағынасы өзінің қалауымен әскерге барушы адам.
Ал қоғамда олардың орны ерекше. Өйткені еріктілер жасаған жақсылықтары үшін өтемақы немесе материалдық қажеттілік талап етпейді. Олар көмектесуді парыз деп санайды. «Еріктілер деген кім, олар немен айналысады, олар не үшін мұндай жақсылықтарға барады?» деген сұрақтарға бүгін жауап іздейміз. Еріктілердің өздеріне дәл осы сұрақтарды қойсаңыз, бірден жауап бере алмауы мүмкін. Себебі олар өздерінің қалауымен, жан қалауларымен жасап отырғаннан кейін бірден «ерікті деген мынау» деп жауап қайтара алмайды. Бір сөзбен айтқан кезде «еріктілер» адамгершіліктің ақ туын көтерген қоғамдағы белсенді топ.

Президент Жолдауынан халық не күтеді Президент Жолдауынан халық не күтеді
1 қыркүйекте Президент Қасым - Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.
МӘМС төлемдерін қалай төлеуге болады МӘМС төлемдерін қалай төлеуге болады
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық ЖК осы айда табыс болғанына немесе болмағанына қарамастан, өзі үшін МӘМС 2975 теңге мөлшерінде төлеуге
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде Президенттік өкілеттігін 20 наурыздан бастап тоқтататынын мәлімдеді.
2019 жыл Жастар жылы болмақ… 2019 жыл Жастар жылы болмақ…
Біздің жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек - Назарбаев. 2019 жыл жастар жылы деп жарияланды.
Жапон халқына төніп тұрған қатер Жапон халқына төніп тұрған қатер
Ғалымдардың есебіне қарағанда, Жапонияда 127 миллионға таяу халықтың 2065 жылы 40 миллионы ғана қалуы мүмкін. 1899 жылдан бері, ғалымдардың есебінше,
2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары
Бүгін мемлекеттік білім гранттары иелерінің тізімі ресми БАҚ - та жарияланды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×