ойын сауық отауы
Қазақстанда қандай кәсіппен айналысуға болады?
16.07.2016 13 032 0 Дауыл

Қазақстанда қандай кәсіппен айналысуға болады?

Жалпы кеңес
Қазақстанда қандай кәсіппен айналысуға болады?
Жақында болған қаржы дағдарысы біздің отандастарымыздың көбінің болашаққа жоспарларын қайта қарастыру керек екенін көрсетіп берді. Жұмыстан бір - ақ сәтте ажырап қалуы мүмкін, сондықтан өзіне ғана үміт артуы керек екенін көбі түсінді.

Көптеген компаниялар өндірісті қысқартты, кейбірі жабылып та қалды. Осы кезде кейбірі әлі табыс тауып, өз бизнесін кеңейтуді де жоспарлап жатты. Бұның құпиясы қарапайым – қызмет бағытын дұрыс таңдау.
Көп адам өз ісін құру жайында ойлайды, алайда осы жерде сұрақ туындайды, бұл қаншалықты табысты болады? Қандай қызмет бағыты актуалды? Келешекте қандай қызмет түрлері және тауарлар өтімді болады?
Сонымен қазіргі кезде, табыстылық тұрғысынан ең танымал және тиімді шағын бизнес түрлері төмендегідей:

1. Сауда дүңгіршектері, ашық аспан астында сауда, мини - дүкендер, жол бойындағы кафе және жылдам тамақтану нүктелері, дәріхана. Бұл шағын бизнестің сервистік түрлі болып табылады.
Бұл қызмет түрлерінің көп таралуы тұрақтылығында, саяси режим, мемлекеттік құрылымның әсері тимейді, жаз демей қыс демей адам тамақ ішеді, ауырады, тіпті киім киеді, аяқ киім киеді.
Айтпақшы, салттық қызмет көрсететін агенттіктер де (агентства ритуальных услуг) «уақыт таңдамайтын бизнес» түріне жатады.
Қалай болғанда да, ерте ме, кеш пе мұның да ең қажеті қызмет түрі болатынына күмәнім жоқ.

2. Шағын қалада ломбард ашуға болады. Бұл кәсіп түрі де тұрақты сұранысқа ие, сондай-ақ қазір өте өзекті болып табылады. Табысты көбейту және бөлмені жалға алу құнына өтеу үшін, қосымша басқа да қызметтер ұсынуға болады мысалы: ксерокөшірме, канцеляриялық тауарлар, шағын кеңсе жабдықтары, авто - жарақтарын т. б. сатуға болады.

3. Соңғы кезде жалға беру қызметіне жүгінетіндер көп. Сонымен, кез - келген қымбат әшекей бұйымдар, мерекелік костюмдер, қымбат көйлектер, (той көйлектері) қымбат автокөліктер (түрлі мерекелерге, тойға арнап) жалға беруге болады.
Қазір не сұраныста, бәрін жалға беруге болады, алайда бағасы тым қымбат болғандықтан кез - келген істей алмайды. Бұл қызмет түрін ашу үшін мол қаражат болуы керек.

4. Автошеберхана, дөңгелек жөндеу шеберханасы, шина сақтау орындары (қыста жаздық, жазда қыстық шиналарды), авто жуу орталығы. Дәл қазір көлікке қатысты қызмет түрлері сұранысқа ие, әсіресе сырлау камералары (машина сырлау). Автомобиль саны жыл сайын артып келеді, және бұл жаңа және ұсталған автомобильдерді сатып алу үшін кредит беру нарығын кеңейтуде. Сондықтан жұмыссыз қалмайсыз. Ескеретін жай мұндай кәсіп маусымаралық (межсезонные) болып есептеледі.

5. Тұрмыстық қызметтер – бұл өз бизнесіңді табысты бастаудың тағы бір жолы.
Бұл секторға кіретіндер:
тұрмыстық техника және коммуникация жөндеу;
тапсырысы бойынша азық - түлік дайындау (мерекелік торт пісіру, аспаздық қызмет);
сұлулық салоны;
тазалық көрсету (уборка);
жеке балабақша;
сырқат адамды күтуші;
бала бағу қызметі немесе тәрбиеші;
тігін және аяқ киім жөндеу т. б.
Айтарлықтай қаржы болса, аяқ киім дүкенін немесе киім дүкенін ашуға тырысуға болады.

Егер, бастапқы қаражат жоқ немесе тым аз алайда, сіздің бизнеспен айналысқыңыз келеді – онда жұмыспен қамту орталығына баруды ұмытпаңыз.
Ол жерде түрлі консультациядан бастап тренингтер, курстар арнаулы төлем жасау қызметін көрсетуі қажет. Олар өз бизнесіңізді ашуға көмек көрсетіп, жол сілтейді. Сізге сондай - ақ бизнес үшін субсидия алуға тырысып көруге болады.

Сонымен, бұл көрсетілген кәсіптердің түрлері дәл қазір айтарлықтай кіріс мол, өзекті болып табылады. Қандай кәсіп түрін таңдайсыз ол сіздің құзырыңызда. Алдымен, айналаңызға қарап, ойланыңыз, сіз тұрып жатқан қалада немесе ауданда не жетіспейді? Ең бастысы – сіздің жұмысыңыз өзіңізге ұнауы тиіс, ұнамайтын қызметке өзіңізді мәжбүрлемеңіз. Өйткені, адам өзі сүйіп атқаратын қызметімен ғана жетістікке жетеді.

Сіздің де алып қосарыңыз болса, пікір қалдыру жолына жазба қалдырыңыз.

Жаңа өмірді қалай бастаймыз? Жаңа өмірді қалай бастаймыз?
Кейде өмірімізде орын алып жатқан жағдайлар бізді күйзеліске ұшыратады. Ол армандардың орындалмауы, үміттің үзілуі, адамдармен түсіністіктің жоғалуы,
2020 жылдан бастап кәсіпкерлер үшін не өзгереді? 2020 жылдан бастап кәсіпкерлер үшін не өзгереді?
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлермен патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану бойынша талаптардың өзгеруі күшіне енеді.
Патент негізінде салық режимі Патент негізінде салық режимі
Патент негізінде Қазақстанда өз бизнесін жүргізу ең қолайлы режим болып табылады. Қызметтің бұл түрі есептілікті жүргізу талап етпейді. Патент
Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу
Егер мен мол табыс табатын мамандық түрін таңдағанымда бай болар едім. Шындығында: Миллионерлер әрбір салада бар. Кез келген саладан пайда табуға
Болашақта қажетсіз болып қалатын 5 мамандық түрі Болашақта қажетсіз болып қалатын 5 мамандық түрі
Болашақта, көптеген қызмет көрсету орындарындағы адамдарды роботтар да алмастыруы мүмкін. Бұған дәлел, Дубайда ХҚКО мамандардың жұмысын арнайы
8 наурызға қандай сыйлық жасайсыз? 8 наурызға қандай сыйлық жасайсыз?
8 наурыз әйелдер мерекесінде гүл шоқтары әдемі сыйлық екені бәріне мәлім, алайда гүл шоқтарын ғана сыйға тартсаңыз аздап ыңғайсыз болады, өйткені
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×