ойын сауық отауы
Дәрет алу тәртібі
09.11.2019 5 592 0 Admin

Дәрет алу тәртібі

Жалпы кеңес
Ерлерге арналған дәрет алу үлгісі
Дәрет - Исламда кейбір ғибадаттарды іске асыру үшін әрі жеке басына өзінше ғибадат саналатын арнайы тазалану түрі. Бұл - белгілі бір мүшелерді жуу және мәсіх етуден тұрады.
Намазға дәрет алмастан бұрын таза жерге отырып, дәрет алуға ниет етіп:
1. Бисмиллахир - рахманир - рахим (Мейрімді, Рахымды Алланың атымен бастаймын) деп айту.
Қолды білекке дейін 3 рет жуу;
2. Ауызға оң қолмен 3 рет су апарып шаю
3. Мұрынға оң қолмен 3 рет су апарып, сол қолмен тазалау;
4. Бетті 3 рет жуу;
5. Бірінші оң қол, кейін сол қолды 3 рет білекке дейін жуу;
6. Бастың төрттен бір бөлігіне су қолмен мәсіх тарту;
7. Бас бармақпен құлақтың іші сыртын сулы қолмен сипау;
8. Оң аяқтан бастап саусақтарының арасын, тобықтарымен бірге үш мәрте жуады. Осылайша сол аяқты да жуады. Әсіресе өкше мен тобықтардың жуылуын мұқият қадағалау қажет
Дәрет алып болғаннан кейін оқылатын дұға:
أللهُمَّ إجْعَلْنِى مِنَ ألْتَوَّابيْنَ وَ إجْعَلْنِى مِنْ ألْمُتَطَهِّرْيْن
«Аллаһумма иж’ални минәт - тәууәбинә уәж’ални минәл мутатаһһириин»
Мағынасы: Уа, Алла тағала! Мені тәубеге келушілер мен күнәдан пәк жандардың санатына қоса гөр!
أَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّداً عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ...
«Әшһәду әл лә иләһә әлләл - лаһу уахдәһу лә шәрикә ләһу уә әшһәду әннә Мухаммәдән ъабдуһу уә расулуһ».

Мағынасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ екендігіне куәлік беремін және Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін.

Дәретпен жүрудің пайдалары туралы оқи отырыңыз​​​


Нанға қатысты тыйымдар мен ырымдар Нанға қатысты тыйымдар мен ырымдар
Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан – дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады. Жерде
Коронавирус және басқа да инфекциялар кезінде қолды қалай жуған дұрыс? Коронавирус және басқа да инфекциялар кезінде
Коронавирус және басқа да инфекциялар қатерінің өсуі кезеңінде қолды қалай дұрыс жуу керектігін есте сақтау қажет. Бұл қарапайым рәсім бактериялар
Дəретпен жүрудің пайдалары Дəретпен жүрудің пайдалары
Бір мүмин дәрет алу ниетімен бетін жуған кезде көзімен істеген күнәларының барлығы сумен бірге төгіледі. Қолдарын жуған кезде қолдарымен істеген
Мұсылмандық бойынша жыныстық қатынастың әдептері мен шарттары. Мұсылмандық бойынша жыныстық қатынастың әдептері
Дені сау, текті, рухты ұрпақ өсіру үшін де о баста ескеретін жайттар бар. Ол жыныстық қатынастың әдептері мен шарттары.
Қазақтың тыйым сөздері Қазақтың тыйым сөздері
Ұятсыздан аулақ жүр.
Ас - тағамға қатысты ырым - тыйымдар Ас - тағамға қатысты ырым - тыйымдар
Ас – адамның арқауы, Жаман ауруға – жақсы ас, Ас қадірін білмеген аштан өледі. Қазақтың ұлттық дастарқанында ертеде пайдаланылған ырым сөздері көп.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×