ойын сауық отауы
Қыз баланың сұлулығы
10.11.2016 27 277 2 Дауыл

Қыз баланың сұлулығы

Өлеңдер
Қыз баланың сұлулығы иманында,
Бойына жақсы қасиет жыйғанында,
Анасының атына кір келтірмей,
Тәрбиемен ортаға сыйғанында.

Қыз баланың сұлулығы, жүргенінде,
Әдеппенен жымиып күлгенінде,
Өсек аяң, әңгімеден аулақ болып,
Орынын қай жерде де білгенінде.

Қыз баланың сұлулығы адалдығы,
Жан-жағына тимесе жамандығы,
Байқалмаса шық бермес сараңдығы,
Ең бастысы кішіпейіл адамдығы.

Қыз баланың сұлулығы батылдығы,
Анадан текті туған асылдығы,
Ата-ананың қадірін бағалайтын,
Ерке тотай, болмаса масылдығы.

Қыз баланың сұлулығы тәрбиесі,
Таза болса ары мен жандүниесі.
Ата-ана ақылын місе тұтса,
Айдан анық атына шаң тимесі.

Қыз баланың сұлулығы ұятында,
Тәлім алса қарашаңырақ ұясында,
Сабырлы боп кішіпейіл, қарапайым,
Қор болмайды өмір атты қиясында.

Қыз баланың сұлулығы көздерінде,
Инабатты, ибалы сөздерінде,
Болашақ жарыменен бақытты боп,
Айдынында қос аққудай жүзгенінде.

Қыз баланың сұлулығы шаштарында,
Қиылған қою қара қастарында,
Орныменен серуендеп достарымен,
Қырық үйден тыйым болса жас шағында.

Қыз баланың сұлулығы мейірімде,
Арам ойы болмаса пейілінде.
Ашық-шашық көрсетпей абыройын,
Қазақилық болса егер киімінде.

Қыз баланың сұлулығы білімінде,
Ойға түйген ортадан ілімінде,
Алла деп соғып тұрған жүрегінде,
Аналық пәктік болса сезімінде!!!

Авторы: Самал Балтабаев Таңбайұлы

Қыз баланың сұлулығы тыңдау

Бойыңызда мұндай өнеріңіз болса жазып салуға болады, сайтта жарияланатын болады.

Зейнеп апаның кеңестері Зейнеп апаның кеңестері
40 саны адамның жаратылысымен тікелей байланысты. Баланы не үшін қырқынан шығарады? 40 күн ана үшін де, бала үшін де қатерлі кезең болып саналады.
Бесіктің пайдасы Бесіктің пайдасы
Біріншіден – қол - аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық жетілмейді. Екіншіден – баланың
Ана туралы мақал - мәтелдер Ана туралы мақал - мәтелдер
Ақ жаулығы ананың — ақ көрпесі баланың.
Баланың бақытына жауапты кім? Баланың бақытына жауапты кім?
Мейірімді жүрек баланың жүрегіне жол табады. Әр баланың өз несібесі мен ырыздығы болады. Баланы жақсы көру мейіріммен тәрбиелеу әр ананың қолынан
Сүйкімділік – дүниенің сұлулығы Сүйкімділік – дүниенің сұлулығы
Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып туылуы мүмкін, ал ішкі жан сұлулығы, өзінің мінез - құлқы, қылығы, ісі, басқа адамдарға қарым -
Баланың еркелігін Баланың еркелігін
Баланың еркелігін шытынап, көтермейміз. Үш жаста - ақ ел сенімін ақтаса екен дейміз.
Пікірлер (2)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Дауыл
#1 Дауыл Бас редактор 4 қараша 2016 00:28
Тамаша, өлең!
Ақбота
#2 Ақбота Қонақ 22 қаңтар 2019 13:36
Өте әсерлі, әрбір қыз балаға керек қасиеттерді сипаттаған туынды екен! Өмір жасыңыз ұзақ болсын, осындай туындыларыңыз көп болсын !!!
×