ойын сауық отауы
Қыз және күлше
30.12.2016 2 409 0 Дауыл

Қыз және күлше

Бұл қызықты
Қыз және күлше
Байыбына бармай жатып өзгені айыптау жөнінде қысқа әңгіме.
Бір қыз іс сапармен жолға шығу үшін әуежайда өз рейсін күтіп отыр екен. Рейс уақыты әлі ерте болғандықтан біраз күтуге тура келіпті. Ол уақытты өткізу үшін оқып отырайын деп журнал және бір қалта күлше сатып алыпты. Оның қасында бір үстел тұрыпты оның үстінде бір қалта күлше тұр. Оның ар жағында тағы бір үстелде кітап оқып бір ер азамат отырды. Ол бір күлшесін алып жеп, журналын оқуға кіріседі. Қыз тағы да бір күлше алғаны сол еді, жігіт те бір күлше алып жеді. Сұраусыз күлшені алып жеп отырған жігіт қыздың жынын келтірді, бірақ үндемей журналын ары қарай оқи берді. Ол солай бір күлшеден алған сайын, жігіт те бір күлшеден алып жеп отырды. Қыздың ызасы келіп кетті, бірақ көпшілік орында сыртқа білдірмеді.
Қараса, қалтада бір күлше ғана қалған екен, сонда қыз: «мына сауатсыз не істер екен,- деп бақылап отырды. Қыздың ойын дәл ұғып отырғандай, жігіт күлшенің ортасынан бөліп, көзін жоғары көтермеген күйі қызға ұсынды. Бұл шектен шыққандық ,- деді қыз ішінен, сөйтті де заттарын жинап кетіп қалды.
Сол күйі ұшаққа отырды, көзәйнегін алайын деп сөмкесіне қол сұққанда, ішінде бір қалта күлшені көрді. Ол күлшені сатып алған күйі сөмкесінен шығармағанын енді ұқты.
Сауатсыз деп сөккен адамның ақкөңіл, кеңпейілдігін білгенде өз іс-әрекетіне ызасы келді. Қыз сондай ұялып кетті, алайда олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндігі болмады.

Ашуға ерік бермес бұрын, байыбына барайық.

Дереккөзі: elims.org.ua

Дайындаған: Асыл

Әмиян тауып алған кедей жайлы Әмиян тауып алған кедей жайлы
Сіңірі шыққан кедей жігіт жолда келе жатып әмиян тауып алыпты. Ашып қараса әмиянның ішінде бір алтын теңге бар екен. Жігіт қуанып кетіпті де:
Шағымданғыш адам туралы мысал Шағымданғыш адам туралы мысал
Бірде бір ер адам бір үйдің жанынан өтіп бара жатып, тербетілгіш орындықта отырған қарт апаны көрді, оның жанында қарт атай газет оқып отырды.
Үш қыз астарлы әңгіме Үш қыз астарлы әңгіме
Күйеуге шыққысы келетін ақылды аруларға арналған астарлы әзіл әңгіме. Апалы - сіңлі үші қыз өмір сүріпті. Үлкен қыз өте жалқау болатын, ортаншы қыз
Қыз таңдау дәстүрі. Қазақ халқының салт - дәстүрлері Қыз таңдау дәстүрі. Қазақ халқының салт -
Қыз бен жігіт арасындағы туыстық жеті атаға толуы.
Айран қосылған пирог Айран қосылған пирог
Үлкендеу табақ алыңыз, 2 жұмыртқаны жарып салыңыз, шекерді салыңыз, миксермен жақсылап араластырыңыз.
Халық Халық
Әлқиссаның әжесі - "Әліппеден" Ә дегеннен ғибрат алып келем. Ұлттар үшін Жүз томдық жыр сездігі Ұлы сөзден басталар ХАЛЫҚ деген.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×