ойын сауық отауы
Айран қосылған пирог
04.03.2017 19 630 0 Дауыл

Айран қосылған пирог

Ас дайындау
Айран қосылған пирог
Айран – 250 мл.
Шекер – 150 гр
Ұн – қою болғанша салу қажет
Жұмыртқа – 2 бас
Көпсіткіш (разрыхлитель)- 10 гр
Грек жаңғағы – 100 гр
Тұз – аздап қана
Май – табаны майлау үшін
Тосап (варенье), күлше үгінділері – қалауыңызша (дайын пирог сыртына жағу үшін)

Үлкендеу табақ алыңыз, 2 жұмыртқаны жарып салыңыз, шекерді салыңыз, миксермен араластырыңыз. Қоймалжыңның үстіне айранды құйыңыз, араластырып ұнды електен өткізіп салыңыз, көпсіткішті салыңыз, аздап тұз себіңіз де миксермен жақсылап араластырыңыз. Қоймалжың үстіне жаңғақтарды салыңыз (жаңғақ қоспауға да болады, өз қалауыңызша басқа кепкен жеміс немесе өзге дәндер қосуға да болады). Табаны жақсылап майлап алыңыз да қоймалжыңды құйыңыз. 180 - 200 градус қызып тұрған пеште 30 - 35 минуттай пісіру қажет. Пирогтың сыртына кез келген вареньемен қалауыңызша жағып шығып, үйде қалған күлше үгінділерін сеуіп қойсаңыз тамаша болады. Пирог дайын, шайыңыз тәтті болсын!

Дайындаған: Жадыра

Чак - чак Чак - чак
Чак - чак рецепті. Ұн – 200 гр Жұмыртқа – 2 бас Тұз – шай қасық ұшымен Сода – шай қасық ұшымен
Бал мен жаңғақ қосып әзірленген торт Бал мен жаңғақ қосып әзірленген торт
Үлкен ыдысқа жұмыртқа, шекер, бал, сары майды салыңыз, жаңғақты да майдалап салыңыз, ұнды аз-аздан салып тұрып, өте жұмсақ қамыр илеңіз.
Картоп езбесі қосылған нан Картоп езбесі қосылған нан
Үлкендеу табаққа жылы сүтті құйыңыз үстіне картоп езбесін салып араластырыңыз.
Орама нан немесе ханым Орама нан немесе ханым
Ең алдымен қамырды илеп дайындап қою қажет. Үлкен ыдысқа ұнды електен өткізіңіз, бөлек ыдысқа жұмыртқаны жарып тұз салып суды құйып дайындап
Сүзбе қосылған бәліш (пирог с творогом) Сүзбе қосылған бәліш (пирог с творогом)
Сүзбені үлкен ыдысқа салып жұмыртқа, шекер, ванилинді салып барлығын жақсылап араластыру керек (блендермен араластырса дұрыс).
Тәтті тоқаш (булочка) Тәтті тоқаш (булочка)
Майды табаға салып жай отта ерітіп алыңыз, от жай басылып тұрған күйінде сүтті құйыңыз, жұмыртқаны салыңыз, тұзды, шекерді салыңыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×