ойын сауық отауы
Өмірді жаңадан бастауға 60 ереже.
27.07.2017 4 201 0 Дауыл

Өмірді жаңадан бастауға 60 ереже.

Бұл қызықты
Өмірді жаңадан бастауға 60 ереже.
1. Бүгінгі күнге алғыс білдір, өзіңде барға қанағат ету мен разы болудан баста.
2. Ерте тұрыңыз (сағат 6 - 7)
3. Сұйықтық көп ішу керек. (күніне 1, 5 - 2 литр)
4. Денің сау болу үшін салқын душ қабылда.
5. Бүгінгі күнге жоспар құр.
6. Мақсат қоя біл, бірақ оған байланып қалма.
7. Таныстарың мен қарсыластарыңды кешір, кешір және кешір! Біз күнәсіз емеспіз, сондықтан басқалардың да қателігін кешіруге тура келеді.
8. Таза ауада кем дегенде 15 минут серуенде, егер 30 - 60 минуттай жүрсең тіпті жақсы.
9. Теріс ортадан бойыңды аулақ салуға тырыс.
10. Арманыңа сенімді бол!
11. Қоршаған ортаңды сенімді адамдармен толықтыр.
12. Спортпен күнбе-күн айналыс.
13. Кәсіби деңгейіңді көтеру үшін кәсіби мамандардан тәлім алған дұрыс.
14. Жұмыстан ләззат ала біліңіз.
15. Жұмысың өзіңе ұнамайды, бірақ мақсатыңа жету мен өсуге мүмкіндік болса жалғастыра беріңіз.
16. Мақсатыңа жетуге мүмкіндік жоқ жұмыстан кеткен жөн.
17. Өзіңе сен!
18. Терең тыныс алуды әдетке айналдыр.
19. Жан дүниеңді тазарту үшін күнде дұға жаса.
20. Сүйікті әндеріңді қосып, ән тізімін күнде жаңартып отыр, энергетика қажет болған кезде оларды тыңда.
21. Өмірдің барлық саласынан ең үздіктерді таңда және солардан сабақ алуға үйрен.
22. Табысыңнан 10 пайызын қайырымдылыққа жұмса.
23. Өз қоластыдағыларды қошеметтеп отыруды ұмытпа!
24. Мақтауға қуана біл, сынға ұстамдылық пен сыпайы қара.
25. Есте ұста: қандай жақсы шаруа атқарсаң да, көңілі толмайтын әйтеуір біреу табылады. Бұл сөзсіз.
26. Анда-санда бала секілді ақымақтық жасаған да дұрыс.
27. Есте сақта, ең маңызды шаруаны бірінші орынға қой.
28. «Бір оқпен екі қоянды атып алу әдісін пайдалан». Спотпен шұғылданып жатып, қосымша пайдалы аудиокітапты тыңдауға болады.
29. Жұмыстан шабыт алу үшін қанша айлық табатыныңа емес, жұмысыңа көңілің тола ма, осыған назар аудар.
30. Кедергілерден қорықпай өсуге ұмтыл.
31. Есіңде сақта, кез келген істің шебері болу үшін көп еңбектенуге тура келеді.
32. Күнделікті өзіңді жетілдіріп отыру, түбінде мол табысқа жеткізеді.
33. Адамдарға бірінші болып, жылы шырай таныта сәлем бер. Табысты да ұстамды адамдар әрдайым солай жасайды, бірінші болып ақжүректілік танытады.
34. Бірден - бір лайықты үлгі бұл – ең жақсы.
35. Сенің әлеуетіңді іске асыруға ықпал етпейтін адамдармен сыпайы қоштаса біл.
36. Егер олар сенің бауырларың болса, оларды жақсы көр сол күйінде қабылда. Олар ешқашан өзгермейді.
37. Ешкімді өзгертуге тырыспаңыз. Айналаңызды өзгертемін деу – қателік.
38. Шабыт – салауатты өмір сүру салтын ұстану нәтижесінде келеді.
39. Дұрыс тамақтанбау, қимыл - қозғалыстың аз болуынан жұмысқа шабытың жоғалады.
40. Қасыңдағылар үшін «лифт» қызметін атқар. Оларды жоғары көтер.
41. Сынға түсіністікпен қара. Үнемі біреудің кемшілігін теріп отыратын, содан ләззат алатын адамдар – олар өмірде жолы болмаған жандар.
42. Егер сыншы шын жүректен айтып жатса оны досың деп сана. Мейлі, ол сенің жақсы жағына өзгеруіңе көмектессін, сен де есесіне өз көмегіңді аяма.
43. Ынталандыру адамға ішінен пайда болады. Олай болмаса, бойыңда құдіретті күш болмағаны немесе өз ісіңмен айналысып жатпағаның.
44. Көңіл - күйің нашар кезде маңызды шешім қабылдауға болмайды. Алдымен қазірге жағдайыңды ретке келтір сонан соң ары қарай жоспарлайсың.
45. Әлеуметтік желіге күніне 2 рет кірсең жеткілікті.
46. Бір ауыз сөз рухтандырып, бір ауыз сөз жылатады сондықтан, абайлап сөйле, айтар сөзің махаббатқа толы болсын.
47. Адамның асыл армандарына жетуіне көмектесу бұл – адамды сүю. Өз қалауың орындалмай қалған жағдайда да.
48. Жалғыздықтан ләззат ала біл.
49. Жаңадан кәсіп бастауға ешқашан кеш болмайды, жаңалық енгізу үшін әрқашан ой-өрісіңізді кеңейтіп отырыңыз.
50. Өзгелерді әлеуетін іске асыруға шабыттандыра алу – ең жоғарғы марапат деп атауға болады.
51. Жеткен жетістігіңе күнделік арна.
52. Уәдеңде тұра біл. Егер жасай алатыныңа 100 % сенімді болмасаң ештеңеге уәде берме!
53. Өсек - аяңнан аулақ бол!
54. Күнделікті жаңалықтардан хабардар болып отыру керек.
55. Есіңде сақта, өмірдің мәні – әлемді терең тани білу мен әлем заңдылықтарын сақтай білсең ол сені бақытқа жеткізеді.
56. Өміріңнің әрбір маңызды оқиғаларына талдау жаса. Қателікті қайталамауға және сабақ алуға тырыс.
57. Пайдасыз іспен шұғылданбаңыз.
58. Ағзаға пайдалы тағам өнімдерін тұтын Көкөністер, жеміс жидек, өсімдік майы т. б.
59. Басқа адамдардың сәтсіздіктерін сөз қылма.
60. Қаржыны үнемдей біл!

Жетістіктің жүз қадамы: 34 - қадам: аптасына бір күн демалыңыз. демалысыңызда мотивация мен ендігі аптаға жоспар құрыңыз Жетістіктің жүз қадамы: 34 - қадам: аптасына бір
Күнделікті қайталана беретін жұмыстан шаршайтынымыз анық. Аптасына бір рет өзіңізге, жақсы демалыс арнаңыз. Реті келсе тауға барып қайтыңыз болмаса
Кешір Алла. Кешір Алла.
Кешір Алла, алдыңда күнәһармын. Сен болмасаң жанымды, жұбатар кім? Маңдайыма жазшы Аллам өтінемін. Қу басымды сәждеге құлатар күн.
Кешір Кешір
Кешір, Өмір, жасай алсаң кешірім, Тисе саған түйірдей бір кесірім. Жақсылардың есігінен бір теуіп, Жамандардың қағып барсам есігін!
10 күнде қалпыңды келтіруге көмектесетін 20 кеңес. 10 күнде қалпыңды келтіруге көмектесетін 20 кеңес.
Келбетіңіз жақсы көрінуі үшін ең алдымен темекіні тастау керек, сұйықтық көп ішу қажет. Сонымен бірге ой - санада тек жағымды нәрселер болсын.
Бақытты болу әр адамның өз қолында Бақытты болу әр адамның өз қолында
Біздің барлық ойымыз – материалды болып табылады, сондықтан да не ойласақ, сол орындалады. Сондықтан әрдайым жақсы дүние ойлауға тырысыңыз.
Бәрі ертең өзгереді Бәрі ертең өзгереді
Бәрі ертең өзгереді. Ертең, деген ешқашан болмайды. Күнде таңертең ұйқыңнан оянсаң бүгінгі күн туады. Бәрі ертеңгі күннен өзгеріс күтеді, шындығында
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×