ойын сауық отауы
Жетістіктің жүз қадамы: 34 - қадам: аптасына бір күн демалыңыз. демалысыңызда мотивация мен ендігі аптаға жоспар құрыңыз
24.11.2020 1 490 0 Admin

Жетістіктің жүз қадамы: 34 - қадам: аптасына бір күн демалыңыз. демалысыңызда

Жалпы кеңес
Жетістіктің жүз қадамы
34 - қадам: аптасына бір күн демалыңыз. демалысыңызда мотивация мен ендігі аптаға жоспар құрыңыз

Демалыссыз мақсатқа жету мүмкін емес. Тек демалысыңыз тәуліктің 40 пайызынан аспасын.
Егер сен демалысқа уақыт таппасаң, онда жақын арада емделуге уақыт табуға мәжбүр боласың.
Д. Уэйнмейкер
Күнделікті қайталана беретін жұмыстан шаршайтынымыз анық. Аптасына бір рет өзіңізге, жақсы демалыс арнаңыз. Реті келсе тауға барып қайтыңыз болмаса саябақтарды аралап миыңызды сергітіңіз, спортпен айналысыңыз, ішіңіздегі күйзелістен арылыңыз. Іштегі күйзелістен айықпасаңыз, ол сіздің денсаулығыңызға зиянын тигізеді.
Себебі қандай да бір кез келген күйзелісті дереу сыртқа шығармасаңыз, ол сіздің денсаулығыңыздың бір шетінен шығуы мүмкін. Инфаркт, инсульт, онкологиялық ауралардың пайда болуына, осы іштегі күйзелістің әсерінен болуы мүмкін. Сол үшін де күйзелістен айыға біліңіз. Күйзелістен айығу жолдары – демалыс, спортпен шұғылдану, билеу, айқайлап ән айту сияқты нәрселерді орындау арқылы адам бойында жинақталған күйзелістер сыртқа шығып кетеді.
Жаңа аптаға жаңа мотивация жинаңыз. Демалысыңызда мақсатыңызға байланысты күнде атқаратын іс - әрекеттеріңізді, бір күнге доғара тұрыңыз. Келесі аптаға жаңа мотивациямен күнде атқарып жатқан мақсатыңызды жүйелеңіз. Бұған көп уақыт кетпейді. Мақсатыңызды жүйелеуге 15 - 20 минут болса, мотивация алуға 30 минут немесе 1 - 2 сағат немесе 1 күн қажет болады. Бастысы – демалып жаңа мотивация алып алыңыз. Болмаса желіңіз шығып, ерінбей еңбек қылуға әрекет ете алмайсыз.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір кіші блокнот алып жүріңіз Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір
Ойыңызға келген идеяларды блокнотыңызға жазып қоюды әдетке айналдырыңыз. Күнделікті өмірде біздің ойымызға небір түрлі ойлар келеді. Оның ішінде
Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз
Сөз – бұл сіздің аузыңыздан шыққан сөздер. Сөздер сапалы, сапасыз, пайдалы, пайдасыз, мағыналы сөз, бос сөз деп осы сияқты бөлімдерге бөлінеді.
Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт
Уақытты босқа өткізу – сізге пайдасы жоқ істерге уақыт бөлу. Біз күнделікті өмірде небір түрлі істер атқарамыз. Оның бірінің пайдасы тиіп жатса,
Жетістіктің жүз қадамы: жасқаншақтық Жетістіктің жүз қадамы: жасқаншақтық
Жасқаншақтықтан айығудың жақсы бір жолы – көпшілікпен араласу. Жасқаншақтық – бұл адам бойындағы жағымсыз қасиеттің бірі.
Ән салу күйзелістен құтқарып, өмірді ұзартады Ән салу күйзелістен құтқарып, өмірді ұзартады
Күн сайын ән салу күйзелістен құтқарып, өмірді ұзартады екен. Музыка әлемді әрлендіреді. Ол адамды ауру мен күйзелістен құтқарады.
Адамға мотивация беру әдістері Адамға мотивация беру әдістері
Адамға мотивация беру әдістері Бәріміз өмірде жетістікке жеткіміз келеді. Армандаймыз, мақсат қоямыз, жоспар жасаймыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×