ойын сауық отауы
Құмырсқалар мен адамдардың ұқсастығы.
03.08.2017 3 214 0 Дауыл

Құмырсқалар мен адамдардың ұқсастығы.

Бұл қызықты
Құмырсқалар мен адамдардың ұқсастығы.

Құмырсқа. Илеу салады.
Адам. Үй салады.

Құмырсқа. Әр құмырсқаның жүктелген қызметі бар (аналық, аталық, жұмысшы және солдаттық)
Адам. Отбасында әр отбасы мүшесінің атқаратын өз міндеттері бар (ата, әже, ана, әке, бала)

Құмырсқа. Илеуінің микроклиматы өзгермейді, яғни біздің тілімізбен айтар болсақ желдеткіш орнатып қойғандай (ауа ылғалдығы 96, 2% сақталады 30˚ыстықта)
Адам. Ыстықта кондиционер орнатады.

Құмырсқа. Ханша құмырсқаның жанында көптеген нөсерлер оған қызмет етеді.
Адам. Байлар және олардың үй қызметшілері.

Құмырсқа. Илеуінің ішінде бағбан құмырсқалар саңырауқұлақ өсіреді және оның өсуіне қажетті жағдай жасайды. Бұл олардың сүйікті асы болады.
Адам. Бағбан жеміс жидек өсіреді, оны күтіп, баптайды.

Құмырсқа. Жұлдызқұртты тамақтандырып, үздіксіз сауып, одан сөл, шырын алып отырады. «сиырына» топырақтан «қора» салады, оған күзетшілерді қояды.
Адам. Сиыр, жылқы, ешкі, түйе сауады, оларды қорада ұстайды, асырайды, қорғайды.

Құмырсқа. Жауынгерлер үлкен жәндікті қулыққа құрылған айла - тәсілімен оп - оңай қолға түсіреді
Адам мергендігімен, ептілігімен, қулығымен аңшылық етеді.

Құмырсқа. Дақылдарды ұнтақтап ұн жасайды, сілекеймен араластырып қамыр илеп, быламық жасап, құндақта жатқан «бөпелердің» ауызына апарып салады.
Адам. Бидайды тартып, ұн қылады. Ұнды илеп нан пісіреді.

Құмырсқа. Бала бағушы құмырсқалар. Олар таңның атысы, күннің батысы аналық патшаның жатырынан тоқтаусыз туылып жатқан шақалақ тұқымдарды мәпелеп, аялап, жылы орынға жайғастырумен айналысады.
Адам. Балабақша тәрбиешілері ата-анасы жұмыстан келгенше балаларды бағады, тәрбиелейді, күтеді.

Құмырсқа. Құмырсқалар сөйлесіп қана қоймай, олардың тіпті санай алатын қабілеттері де бар.
Адам. Адам сөйлейді, санайды.

Әр қайсымыз құмырсқаларды зерттеуіміз қажет. Олар төрт тұжырымдамадан тұратын, таңғажайып пәлсапаға ие.
Біріншіден, құмырсқалар ешқашан берілмейді. Егер құмырсқалар бір жаққа беттесе, сіздер тоқтатуға тырыссаңыз да, олар міндетті түрде басқа жолын табады. Белгіленген жерге жету үшін кез - келген амалды қолданады.
Екіншіден, құмырсқалар қысты жаз бойы ойлайды. Жаз өмір бақиға созылмайды. Сондықтан да құмырсқалар қысқа арналған азығын жазда жинайды.
Үшіншіден, құмырсқалар жаз туралы қыс бойы ойлайды. Бұл да өте маңызды. Қыс бойы олар өздеріне: «Қыс өмір бақи болмайды, біз жақын арада мына жерден шығамыз» деп өздерін сабырға шақырады. Егер тағы да суытса, олар тығылады, жылынса, сыртқа шығады. Олар әр кез өзгерістерді жақсыға балап өмір сүреді.
Төртіншіден, қысқа дайындалу үшін қанша құмырсқалар қаншалықты жұмыс істей алса, соншасы жұмыс істейді.

Құмырсқалар жәндіктердің ішінде ең ғажайыбы, өйткені оларда тек адамға тән қасиеттері бар. Тынымсыз еңбек етіп, биік шыңдарға жететін, батыл да, батыр да, ақылды, ұйымшыл, бір - біріне қайырымды жәндіктер. Құмырсқаны көрсеңіз, жанынан жай өтіп кетпей, міндетті түрде жол беріңіз. Кіп - кішкентай болғанымен ол үлкен еңбек етеді, оның бір минут бос уақыты болмайды. Әр адам құмырсқадан үлгі алса, көптеген жеңістерге жетер еді деп ойлаймын. Адамзат, құмырсқаларды қорламайық, оларды қорғайық!

Дайындаған: Асыл.

Құмырсқа жылай ма? Мұзафар Әлімбаев Құмырсқа жылай ма? Мұзафар Әлімбаев
- Құмырсқа жылай ма? - Жылайды құмырсқа, Ауырып бір айға, Бармаса жұмысқа. Жылайды құмырсқа, Зерігіп жұмыссыз: «Қалды, - деп, - бұл тұста Илеуім
Құмырсқалар туралы қызықтар. Құмырсқалар туралы қызықтар.
Ғалымдар құмырсқалардың тек сөйлесіп қана қоймай, олардың тіпті санай алатын қабілеттері бар екенін анықтаған. Олар қосуды, алуды, тіпті қарапайым
Құмырсқалардың адамға пайдасы Құмырсқалардың адамға пайдасы
Қазақ халқы құмырсқа қылықтарымен ауа райының өзгерісін алдын ала болжап, білген деседі. Күзде құмырсқалар илеу үйіндісін өте биіктетсе, сол жылы қыс
Шегіртке мен құмырсқа Шегіртке мен құмырсқа
Шырылдауық шегіртке Ыршып жүріп ән салған. Көгалды қуып гөлайттап, Қызықпен жүріп жазды алған.
Сусыз ең ұзақ өмір сүре алатын ол – егеуқұйрықтар Сусыз ең ұзақ өмір сүре алатын ол – егеуқұйрықтар
Қалталы егеуқұйрықтар мүлде су ішпейді. Судың оған қажеті шамалы, олар суды күнделікті жейтін тамағынан алады.
Даргин мақал-мәтелдерінен Даргин мақал-мәтелдерінен
Мыңғырған мал – меңдеген дерт. Сыпыра мақтаса, сыпырғышты да бай алады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×