ойын сауық отауы
Әйелдер үшін қосымша табыс көзі
21.08.2017 4 281 0 Дауыл

Әйелдер үшін қосымша табыс көзі

Бұл қызықты / Жалпы кеңес
Әйелдер үшін қосымша табыс көзі

Қазір жұмыссыз отырған қыз-келіншектер көп. Әсіресе мерекелер жақындаған кезде, ақшаны да ойламай тұра алмайсың. Қосымша табыс көзін табу ешкімге артық етпейді. Ендеше, қандай табыс көздері бар екенін қарастырып көрейік.

1. Ерекше аспаздық
Егер сіз ас әзірлеу жақсы көріп атқаратын ісіңіз болса, оған икемді болсаңыз бұл нұсқа сізге дәл келеді. Тәтті тоқаштар пісіру (торт). Мұнда бәсекелестік жоғары екенін білемін, алайда ерекше әсемдей білсеңіз, дәмді етіп пісіре алсаңыз табыс көзіне айналдыруға болады. Болашақта түрлі тәтті тоқаштарға ғана емес, басқа тағам түрлеріне тапсырыс алуға болады.

2. Бала күтуші
Дәл қазір бала күтуші іздейтіндер өте көп. Бұл қызмет түрі арқылы да табыс табуға болады. Ең басты сізден талап етілетіні, баланы жақсы көру, жұбата білу, ойната білу жалпы айтқанда баланың көңілін таба білу. Егер балаға қосымша білім бере алсаңыз тіпті жақсы мысалы (ағылшын тілін білетін болсаңыз). Түрлі жұмыс ұсынатын агенттіктерге барып резюмеңізді өткізіп қоюға болады. Дәл қазіргі күні әлеуметтік желілерде жарнама ұсынуға да болады. Мұндай қызметті көбіне зейнетке шыққан кісілер құп көріп жатады, қосымша табыс ешқашан артықтық етпейді.

3. Репетиторлық
Бұл қызмет түрін ұстаздық ететін жандарға ұсынуға болады. Мысалы белгілі бір пәннен қосымша сабақ беру немесе музыкалық аспапта ойнауға үйрету. (ән-би, түрлі аспапта ойнау).
Сабақ жүргізер алдында мектеп бағдарламасын зерделеңіз және емтихан тапсырмаларын қамтитындай жасаңыз.

4. Жеке фитнес – жаттықтырушы
Егер сіз спортты ерекше жақсы көретін болсаңыз өз өміріңізді спортсыз елестете алмайтын болсаңыз, арнайы спорт залына барып курстан өтіңіз. Сіз спортзалда нұсқаушы маман немесе жеке фитнес - жаттықтырушы болып жұмыс жасауыңызға болады. Сүйікті ісіңізбен айналысасыз және табыс табасыз, жақсы емес пе? Дәл қазіргі күні артық салмақпен күресушілер өте көп.

5. Тоқыма тоқу
Егер сіз тоқыма тоқуды жақсы көрсеңіз, онда мұнымен табыс табуға болады. Бас киімнен бастап, аяққа киетін шұлыққа дейін тоқылған заттар жасауға болады. Көздің жауына алтындай түсін әдемі таңдай білсеңіз болды. Жылы киімнен бөлек мысалы: жұмсақ ойыншық, көйлек, кілемше т. б. тоқуға болады.

6. Дизайнерлік қасиетіңізді ашыңыз
Түрлі мерекелерге арналған кәдесыйлар жасау да табыс әкеледі. Кәдесыйларды ерекше өрнектермен безендіре білу, бұл сіздің қиялыңызға байланысты.

7. Өз блогыңды жүргізу немесе ютуб арнаңды ашу
Дәл қазір көптеген қыз - келіншектер өз блогын ашып жұмыс жасайды. Мысалы, балалы аналар жас қыздар мен келіндермен тәжірибе бөліседі. Кейбір қыз - келіншектердің жүргізіп отырған блогы танымал деуге болады. Бұл жұмыс қызық болуымен бірге аздап болса да табыс әкеледі.

8. Үй жануарларына қарау немесе өсіру
Сіз жануарларды жақсы көресіз бе? Егер жақсы көретін болсаңыз оларды көбейтіп сатуға болады. Асыл тұқымды жануарларды көбейтуге қаржыңыз болмаса, басқалардың жануарларын бағуға тура келеді. Мұндай қызмет түрі үлкен қалаларда қажет болатын шығар.

Бөлме гүлдерін өсіруші
Егер өсімдіктерді күтіп-баптаудың маманы болсаңыз бұл сізге еш қиындық туғызбайды деп ойлаймын. Түрлі бөлме гүлдерін өсіріп сату да жақсы табыс көзі деуге болады. Сіздің өсірген әдемі гүлдеріңізді көргендер бұрылып, қарамай кетпейді.

10. Аниматорлық жұмыс
Егер сіз балаларды жақсы көрсеңіз онда аниматордың рөліне еніп көріңіз. Егер сізбен бірге ойнай білетін көңілді достарыңыз болса тіпті жақсы. Балалардың көңілін көтерін қызықты бағдарламалар жасап хабарландыру тақталарына, ғаламторда әлеуметтік желілерде жарнама жасаңыз. Мүмкін бұл сіздің сүйікті қызметіңізге айналар, жаның ләззат табатын жұмыспен айналысудың қандай рахат екенін сонда сезінетін боларсыз.

11. Аударма жасау
Дәл қазірге кезде аудармашылық қызметке де сұраныс бар. Шетел тілдерінен аудара алсаңыз тіпті жақсы. Өзіңізге ұнаған жұмысты аударып ұсынуға болады. Өйткені ол еш жерде жарияланбаған жұмыс болғандықтан сұраныс та болады.

12. Өлең жазу
Жас жұбайларға арналған тілектер, мерей тойға арналған тілектер, туған күн кештеріне арнап өлеңдер жазуға болады, тіпті махаббатын мойындауға арналған өлеңдер де жазуға болады. Атай берсем өте көп. Мұндай жұмыстарды газет - журналдарға сонымен бірге сайттарға жолдауға болады. Ол жақтан тұрақты жұмыс тауып алуға болады.

13. Мақала жазу
Егер сіз сауатты болсаңыз, ойыңызды жазбаша тамаша жеткізе білсеңіз онда сізге газет - журналдарға немесе түрлі сайттарда мақала жазушы немесе корректор болып жұмыс жасауға болады.

14. Ерекше өнер туындыларын жасау (картина)
Кез келген стильде үй ішіне сән берерлік өнер туындысын жасау болады. Ерекше материал түрлерін қолданыңыз. Қиялыңызға қарай, гүлдерден, тастардан, өзіңізге ұнаған материалды пайдаланып өнер туындысын жасап сатуға болады.

Бос уақытыңда немен айналысу керек? Идея өте көп. Ең бастысы жалқаулық пен қорқыныштан құтылу, өзіңе сенімді болу, сонда табысқа жетуге кедергі де болмайды.

Дереккөзі: zhenskoeschastie. com

Дайындаған: Жадыра.

Жұлдызнама 2019 жыл Жұлдызнама 2019 жыл
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін құрметті портал қолданушылары, төмендегі жұлдызнама болжамын оқи отырыңыз. Сізді 2019 жылы қандай жаңалық күтіп
Отбасында ақшаның маңызы Отбасында ақшаның маңызы
Жақында ғалымдар жүргізген зерттеуінің нәтижесі бойынша ерлі-зайыптылардың ұрыс-керісі көбіне неден туындайтыны анықталған. Үшінші орында, үйдегі
Ағылшын тілін білетін ұстаздардың айлығы көтерілетін болды Ағылшын тілін білетін ұстаздардың айлығы
Ағылшын тілін білетін ұстаздардың айлығы көтерілетін болды. Жоғары сыныптарға физика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде оқытатын ұстаздарға
Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу
Егер мен мол табыс табатын мамандық түрін таңдағанымда бай болар едім. Шындығында: Миллионерлер әрбір салада бар. Кез келген саладан пайда табуға
Атырауда 2 батыр анаға алқа табыс етілді Атырауда 2 батыр анаға алқа табыс етілді
Бүгін атыраулық қос анаға алтын және күміс алқа табысталды. Президенттің жарлығымен бекітілген алқаларды аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев бүгін әйелдер
Қазақстанда қандай кәсіппен айналысуға болады? Қазақстанда қандай кәсіппен айналысуға болады?
Жақында болған қаржы дағдарысы біздің отандастарымыздың көбінің болашаққа жоспарларын қайта қарастыру керек екенін көрсетіп берді. Жұмыстан бір - ақ
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×