ойын сауық отауы
Гүлдер туралы не білеміз
02.03.2020 28 492 1 Дауыл

Гүлдер туралы не білеміз

Бұл қызықты
Қыз - келіншектер қауымы сыйлықтардың ішінде қош иісті гүл шоқтарының орын ерекше екені құпия емес. Алайда гүл шоқтарының арасынан өзіңізге керегін қателеспей, қалай дұрыс таңдауға болады?
Флористердің айтуынша, гүл шоқтарын дұрыс таңдаумен қатар, олардың түсін дұрыс таңдай білуде де бірнеше ережелер бар.

Қандай түсті гүл сыйлаймыз?
1. Қызғылт (розовый ) түсті гүлдер адамдардың жақсы қарым - қатынаста екенін білдіреді. Сонымен бірге қызғылт түсті универсалды түс деп есептеуге болады: оны ер адамға да әйел адамға да, үлкен-кішіге де және әріптестеріңіз бен бастығыңыз да сыйлауға болады.
2. Сары түс – табысқа жету мен күндей жарқырауды білдіреді, бұл түстегі гүл шоқтары шығармашылық адамдарына тамаша сый болады.
3. Қызыл түс – шексіз махаббаттың символы, сондықтан қызыл түсті гүл шоқтарын сүйіктіңізге және ең жақын адамыңызға тарту етуге болады.
4. Қанық қызыл (темно - красный)– күрең қызыл (бордовый) түстері құмарлықты білдіреді. Мұндай түсті гүл таңдағанда мұқият болыңыз, кімге сыйлайтыныңызға сенімді болыңыз.

Гүлдер – адам ойын, сезімін білдіру нышаны
Гүл сыйлап жатқанда ескеріңіз, шын жүрегіңізбен таңдаған гүліңіз ұзақ уақыт солмай тұрады екен. Сонымен қатар, гүл шоғына қарап - гүлді сыйға тартқан жанның ойын яғни не айтқысы келгенін ұғуға болатын құпия болады екен.

Раушан гүл шоқтары өте әдемі көрінеді, сондықтан осы гүлді сыйға тартушылар көп.
Раушан (роза) гүлдері барлық қыз - келіншектерге ұнайды, бірақ ескеретін жай гүлдің түсіне мән беру керек.
Мысалы, сарғылт (желто - оранжевая) түсті раушан – ғашықтық пен жан құмарлығын және құштарлықты білдіреді;
қызыл раушан – шынайы махаббат пен құрмет көсетуді білдіреді;
қызыл - сары (красно - желтая) раушан – құттықтауы үшін ғана пайдаланылады;
шабдалы түстес (персиковая) раушан – ғашықтардың жақын болуын және қайта қауышуды білдіреді;
қызғылт (розовая) – нәзіктік және шынайы сезімді білдіреді;
ашық қызғылт (светло - розовая) – қуаныш, ризашылық білдіру, жаңа танысқан жанға сыйлауға болады.
қою қызғылт (темно - розовая), алғыс білдіруді білдіреді;
ақ түсті раушан – үйлену тойының гүл шоғыры үшін тамаша болмақ.

Раушан гүл шоғы әрқашан тамаша көрінеді, сондай-ақ маңызды болып табылады, басқа гүлдерге қарағанда бұл гүлдер жиі сыйға тартылады.

Меруерт гүл (Анютины глазки) – қалаған адамыңыздың үнемі ойында екеніңізді білдіреді.
Ақ дәстүргүл (белые маргаритки) – кінәсіз, пәктіктің нышаны
Ірі сары нәркес (желтые нарцисс) «сен үшін мен бәріне дайынымын» деген ұғымды білдіреді.
Ақ сүмбіл (белый гиацинт) – сүйкімділік пен нәзіктікке қатысты
Ақгүл (жасмин) – тартымдылық пен мейірімділікті білдіреді.

Сары бақытгүл (желтые хризантема) және таушымылдық (пион) гүлін кешірім сұрар кезде сыйлайды.
Сары қалампыр (гвоздика) – шын жүректен өкіну нышаны
Сары жыланқияқ (желтые ирис) – ынтық болу
Қызыл қызғалдақ – махаббатын мойындауды білдіреді.
Лалагүлді (лилия) әдетте тәкәппар, айбарлы ханымдарға сыйлайды.
Бір ескеретін жай, лалагүлдің қош иісінің аллергия туғызатын әсері бар, сондықтан мұқият болған жөн. Бірбеткей ханымдар үшін магнолия гүлін сыйлауға да болады.

Ерте көктем гүлдері, үміттенудің нышаны болып есептеледі.
Бәйшешек (подснежник) – інжугүл (ландыш) – болашаққа сеніммен қарауды білдіреді.
Ақ түймедағы (белая ромашка) – жастық, пәктік, қиялшылдықты білдіреді
Көк шегіргүл (синие фиалки) – сыпайылық, қарапайымдылықты білдіреді
Қызғылт қалампыр (розовая гвоздика) және қызыл бақытгүл (красные хризантема) – махаббатты мойындауды білдіреді.

Егер, сүйіктіңіз, досыңыз немесе танысыңыз тіпті туысыңыз гүл әлемінен аздаған түсінігі болса, сіздің не айтқыңыз келгенін сыйлаған гүл шоғыңызға қарап түсінеді деп ойлаймын.

Гүлдер құпиясы туралы білетініңіз болса пікір бөлісіңіз, жазба қалдырыңыз.

Қай гүлді кімге сыйлау керек? Қай гүлді кімге сыйлау керек?
Сіз гүл сыйлағанда гүлді дұрыс таңдай аласыз ба? Әр гүлдің өзінше тілі болады. Кімге қандай сезім білдіргіңіз келеді соған байланысты гүл таңдаңыз.
Иіссуды дұрыс қолданудың 6 құпиясы Иіссуды дұрыс қолданудың 6 құпиясы
Түрлі опа-далаптарды дұрыс пайдалана білудің маңызы қандай зор болса, иіссуды да дұрыс қолдана білудің маңызы сондай зор. Ендеше төмендегі 6 тәсілді
8 наурызға қандай сыйлық жасайсыз? 8 наурызға қандай сыйлық жасайсыз?
8 наурыз әйелдер мерекесінде гүл шоқтары әдемі сыйлық екені бәріне мәлім, алайда гүл шоқтарын ғана сыйға тартсаңыз аздап ыңғайсыз болады, өйткені
Келе жатқан 2017 Тауық жылы қандай болады? Келе жатқан 2017 Тауық жылы қандай болады?
Келер 2017 жыл атауы тауыққа тиесілі. Табиғат күші – от, сондықтан Тауық отты, қызба болып есептеледі. Негізгі түсі – қызыл және қызылға жақын
Жаңа жылдық сыйлықты алдын ала дайындап қойған дұрыс Жаңа жылдық сыйлықты алдын ала дайындап қойған
Сыйлық дайындау үшін мерекенің келіп жеткен уақытын күтудің қажеті жоқ. Сыйлықты мерекеге дейін дайындап қойған жөн. Кімге қандай сыйлық
Ас бөлмеде өсіретін гүлдерді дұрыс таңдау және күтіп баптау Ас бөлмеде өсіретін гүлдерді дұрыс таңдау және
Ас бөлмесіндегі гүлдер де барлық гүлдер секілді ерекше күтімді қажет етеді. Сонымен қатар, ас бөлмесінде гүлде орналастыруда да, бірнеше ережелер бар:
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Таннур куралбек
#1 Таннур куралбек Қонақ 31 мам 2019 18:37
Өте керемет енді осы гүлдепді калай куту кажет екен
×