ойын сауық отауы
Таразы
21.07.2016 24 184 1 Дауыл

Таразы

Бұл қызықты
Таразы жұлдызына мінездеме

Егер сіздің жаңа танысыңыздың жұлдызы – Таразы бола, таныса салып оның бойынан: сыпайылық пен сүйкімділікті байқасаңыз, онда сіз оны толық танып болған жоқсыз. Олардың мінезі көңіл - күйіне байланысты өте құбылмалы келеді, жайлы мінез-құлқына қарама қайшы жағымсыз тұстары да жетерлік.

Шабыты тасып тұрған уақытта шаруасы алға жүре бастайды да көңілінің қошы болмай қалса,
ешнәрсе істегісі келмейді. Көңіл-күйі болмаған сәтте Таразылар үшін күн өте ауыр өтеді, ауыр болғаны соншалық күн-түні төсектен бас көтермеуі мүмкін. Сондай-ақ күнделікті өмірде оның сан түрлі қылықтарына куә боласыз. Бүгін сізге ол сыпайы болып көрінсе, ертеңіне бірбеткей, қыңыр болып көрінуі әбден мүмкін.

Негізі өмірде Таразыларды ашық-жарқын деуден гөрі салмақты деп атаған дұрыс.
Олардың құбылмалы сезім тілшігі үнемі шайқалып бір орында тұрмайды, Таразы дәл сол күйді басқара білетін маятник емес. Олардың мінез-құлқынан жүріс-тұрысынан екіойлылық үнемі көрініс табады, осындай сәттерде таразыларға нақты шешім шығару қиын болады.

Кез келген шаруаның шешімін табуда ұзақ ойланады, оның ойын сансыз көп сұрақтар мазалайды, іш пыстыратын ұзақ ойланумен көбіне өзіне сәтті орайын өткізіп алып жатады.
Таразының шешім шығаруға асықпауының жақсы жақтары да бар, біріншіден, ойланып барып іс бастауды жаман әдет деуге болмайды екіншіден, өз мүмкіндігін жіберіп алғанымен, асықпай әрекет еткеннен ешқашан қателікке бой ұрмайды.

Таразының мінезінің өзгергіштігі, сынау және жиі дауласуынан көрініс табады. Дауласуды жаны сүйеді, бұл қасиет олардың табиғатына тән, «өлшегіш таразы секілді» таразының қай жағы жеңіп кететіні белгісіз. Сондықтан да Таразы рахаттана отырып кез келген нәрсеге мін тағып, сынайды, алайда тұрақты өз көзқарасын қорғап қала алмайды, олар үшін қай жақтың жеңіске жеткені маңызды емес, өзінің қай позицияны ұстанатынын білмейді. Таразылар үшін даудың нәтижесінен гөрі, пікірталастыруды әлдеқайда қызығырақ.

Таразының бүкіл өмір өрнегі көңіл-күйінің ауыспалылығы әртістерге тән, сондықтан да олар өнерге бір табан жақын келеді.
Табиғат күші – өзгергіш Ауа. Басқаратын ғаламшары Шолпан (Венера), сезімталдық, сұлулыққа құштарлық, тапқырлық, әсемдік сыйлайды.

Тәуелсіз және сыншы, ұяң әрі тартымды, Таразы қайталанбас болмыс. Оның әлемі алуан түрлі, нәзік те әдемі. Оның болмысы ақ немесе қара деп нақты бөлінбеген, түрлі түске еніп құбыла беру қасиеті Таразыға тән деп толық айтуға болады.

Басқа белгілерді қарау

Егіздер жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы Егіздер жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы
Бұл таңбадағы жігіттер өте зерек, қабілетімен дарындылығымен ерекшеленеді алайда олардың мінез-құлқындағы тұрақсыздық мансапта кедергісін тигізеді.
Ұрысқақ адам – өмірде жолы болмаған адам. Ұрысқақ адам – өмірде жолы болмаған адам.
Қазіргі заманда адамдардың дөрекі мінез танытуы таң емес. Автобус кондуктірінен бастап, сөмкесін арқалаған оқушыға дейін ауыр сөздер айтуға дайын
Жұлдыздардың табиғат күші белгілері және қасиеті Жұлдыздардың табиғат күші белгілері және қасиеті
Жұлдыз белгілерінің қасиеті үш бөлімге бөлінеді: негізгі белгі (кардинальные знаки), тұрақты белгі (фиксированные знаки), өзгеріске бейім
Шаян Шаян
Шаян – жұлдыздардың ішінде ең сақ жұлдыз деуге болады. Олардың өз мақсатына қалай жетуін бақылай отырып, басқаларынан айыру оңай.
Егіздер Егіздер
Бұл жұлдыздағы туған жанмен тілдесе отырып, уақытша ненің керек, ненің қажет жоқ екенін ұмыта тұрасыз, тіпті, қазір күн әлде түн екенін де, - Егіздер
Жұлдызнама - қыздар үшін (қан тобы бойынша) Жұлдызнама - қыздар үшін (қан тобы бойынша)
Жұлдызнама - қыздар үшін (қан тобы бойынша анықтау) O (I) қан тобындағы нәзік жандар ақкөңіл, қиялшыл, нағыз романтик, үнемі өз идеалын іздейтін
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Дауыл
#1 Дауыл Бас редактор 30 наурыз 2019 16:39
30. 03. 2019ж
Таразы, өмірге шағымдана беруді доғарыңыз. Айналаға қараңыз! Таза ауаға шығып әдемі гүлдерді қараңыз, құстардың сайраған даусын тыңдаңыз. Қарап тұрып, көңілің өз - өзінен көтеріледі. smile
×