ойын сауық отауы
Өзімшілдік отын өшіре біл!
13.05.2018 2 192 0 Дауыл

Өзімшілдік отын өшіре біл!

Бұл қызықты
ӨЗІМШІЛДІК ОТЫН ӨШІРЕ БІЛ
Қызғаншақтық - ай, күлмен көмілген шоқсың - ау...
Ілияс Есенберлин,
жазушы
ҮНДІ ХАЛҚЫНДА: «Ол мені масқаралады, ол мені сабады, ол менен басым болды, ол мені тонап кетті. Кімде - кімнің ішінде осындай ой сақталса, ол күншілдіктен арыла алмайды», - деген сөз бар.
Күншілдік, міншілдік, өзгенің бойындағы жақсы қасиетті сезінбеу – адамды өсірмесе керек.
Әрбір жан өз қанағатын шектемесе, батыл да дұрыс бағыт ала алмаса, адамдық рухы төмендейді. Өзгені күндей берсе, тек қана «өзім, өзім» дей берсе адамдық жолы да тарыла түсер еді. Шындығында, адамның асыл қазынасы – ұстамдылық пен парасаттылық.
Будда жинақтарының пали тілінде жазылған нақыл сөздерінде: «Төбесі жұқа үйден жаңбыр өтіп кететіні сияқты, нашар дамыған ақылға да құштарлық тұрақтап тұра алмайды», - депті. Өмірге құштарлық – іштарлықтан тұрмайды, ағайын...
Ұстаз шәкіртіне бар ілімін арнаса, зергер оюдан өрнек өрсе, көкірегі кең, жан - дүниесі бай адам өзіне - өзі дем беріп, толықтырып, қайрай түсуі керек.
«Пенделік есеп - қисаптан құтылудың жалғыз жолы - өз кеудеңді өзімшілдікті өшіру», - деген екен бір ғұлама.
Айналадағы өскен ағашқа су бармаса, күннің көзін сезінбесе... қурап қалмай ма? Адам да сондай. Өзгелермен араласпаса, мейірім шапағатын сезінбесе, тек өзімшіл болса, солған гүлдей керексіз болып қалады. Ал тек ішіп - жеуді ғана ойласа, жабайыдан айырмасы қайсы?
Қызғаншақтық, күншілдік деген ағзаға жұғатын микробтар сияқты. Дер кезінде тойтарыс беріп, өзіңе кішіпейілділіктің дәнін еге білмесең – кешіккенің. Асқынтып алсаң, өрши түскен аурудай, құлатпай қоймайды.
Жазықсыз жанды босқа күйдіріп, ізгілікті ісін сүйкімсіз етеді. Тұлпарды сүріндіретін де, сұңқарды төмендететін де, дарынды табалайтын да, шаланы бағалайтын да – күншілдердің, міншілдердің, қызғаншақтардың әрекеті.
Мұқағали «Күндестік құрысын» атты өлеңінде:
... Қарасаңдаршы,
Қаншама достан айрылдық...
Біріміз нағыз,
Біріміз жалған қайғырдық....
Тазалайықшы
Ынтымық деген айдынды,
Қалыпқа түспей тұрғанымызда маймылдық... – дейді.
Күндей беру, іштарлық жасау – ол адамның соры. Нағыз бақыттың өзі - өзгелермен бірлікте, тілеулес, ниеттес болуда жатқан жоқ па?

Әкім Ысқақтың Жүректегі жазулар Күнделік эссесінен

Толық нұсқасын қарау

Сүйші мені, сүй мені, сүйіктім - ау! Сүйші мені, сүй мені, сүйіктім - ау!
Сүйші мені! Сүй мені! Сүйіктім - ау! Жылуы жоқ жандардан күйіппін - ау. Теңіздейін сезімің тамшы болып, Жүрегіме кетсінші сиып мынау.
Кешір, мені! Кешір, мені!
Жеңдіре алмай ақылға ашуымды, Әбжыландай шашыппын, рас, уымды. Енді сені көргенде қыпылықтап, Бой көрсетпей, қарашы, қашуымды.
Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
Атаққұмарлық пен мансапқорлық жайлы Р. Шеридан: «Ең құдіретті құштарлық – атаққұмарлық. Міне осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім
Үш серігің мен көрігің Үш серігің мен көрігің
ӨМІР ЖОЛЫ көшкен керуендей - ау. Мың - сан өткелі бар. Көрген сайын қыр - сырын түсінесің. Қырағы көзбен алдыңа үңілесің, қырсығы, азабы, тікені көп
Айбергенов шыңы Айбергенов шыңы
Бәйшешектің ғұмырындай тағдыр кешкен мәрт батыр, Өлеңінде ешбір ғасыр өшіре алмас өрт жатыр, Намысыңды дәуіріңе еткізбедің қақпақыл. Міне содан,
Тұлпарларыммен біргемін Тұлпарларыммен біргемін
Іздесең мені кімде - кім, Қаладан іздеп жүрмегін! Үйіме де іздеп кірмегін! Аязды боран, ақ таудың
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×